Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет114/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

 
«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар: 
2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары 
кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын 
меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша 
жүргізу ұсынылады: 
Диагностикалық жұмыс: 
- пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық 
бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу 
мақсаттары); 
- білім алушыларға қиындықтар тудырған және білімінде олқылықтары 
бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау; Жоспарлау жұмысы: 
- бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды 
ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны 
ішінде сағаттарды қайта бөлу); 
- өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу 
мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту
- меңгерілмеген оқу мақсаттары мен тақырыптарын ескере отырып, қысқа 
мерзімді жоспарлар құру; 
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының 
жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу. 
Жүзеге асыру және талдау: 

өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген 
қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән 
тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын 
дайындау; 


145 
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен
тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке 
кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;
- оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп 
әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;
- мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау. 
Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды 
анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар, өзара 
бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша анықталған олқылықтарды 4 блокқа 
топтастырға болады:
- ақпарат, ақпараттық процестер (ақпаратты ұсыну және өлшеу);
- қолданбалы программалар (компьютерлік графика, 3D – баспа, 
мәтіндік құжатпен жұмыс, электронды кестемен жұмыс, деректер базасы); 
- программалау 
(робототехника, 
алгоритмдеу, 
Python 
тілінде 
программалау); 
- компьютерлік жүйелер, желілер және қауіпсіздік (компьютер мен 
желінің техникалық сипаттамалары, компьютер таңдау); 
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты 
жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы 
меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады: 
6-сыныпта - 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара 
әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсаты мен 5.1.1.1 ақпараттың цифрлық 
тасымалдау құралдарын сипаттау оқу мақсатын; 
7-сыныпта - 7.1.1.1 компьютердің жады түрлерінің мақсаттарын сипаттау 
(жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, 
кеш-жады) оқу мақсаты мен 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының 
өзара әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсатын;
8-сыныпта - 8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау оқу мақсаты мен 
7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу оқу мақсатын; 
9-сыныпта 

9.1.1.1 
мақсатына 
байланысты 
компьютердің 
конфигурациясын таңдау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 процессордың 
функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде 
түсіндіру оқу мақсатын;
9.2.2.1 
«дерекқор, 
жазба, 
өріс» 
терминдерін 
түсіндіру; 
9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын 
меңгертуде электрондық кестенің элементтерін пішімдеуді қайталап оқыту 
ұсынылады. 
Информатика 
сабақтарындағы 
пәнаралық 
байланыстар 
білім 
алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыруға, ойлау 
қабілетін дамытуға ықпал етеді, оқу пәндеріне кешенді көзқарас 
қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық 
мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді, бағдарламалық материалды терең 


146 
түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу 
әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін 
қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту 
сапасын арттырады. 
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді 
жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен 
мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың 
көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардың 
орындалуы педагогтер назарында болуы керек.
Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім 
алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал 
етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға 
болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол 
жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны 
жетілдіреді, нәтижені жариялайды.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп 
көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары 
көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің 
еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік 
саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың 
академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау 
тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде 
ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша 
академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті 
тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім 
алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін 
пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы 
керек.
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны. 
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір 
ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім 
алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты 
анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. 
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша 
жиынтық бағалау саны 47-кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет