Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-кезең. Жұмысты талдау (әр оқу тоқсанының соңында)



Pdf көрінісі
бет182/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

4-кезең. Жұмысты талдау (әр оқу тоқсанының соңында).
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг 
нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте, педагогикалық 
кеңесте талқылау ұсынылады.  
 
«Информатика» оқу пәні
2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні
ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған 
мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық 
бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-
қосымшаға сәйкес оқытылады.


259 
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық 
жүктеме:
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан; 
- жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» 
пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді,
ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және 
өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді 
пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, 
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, 
мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге 
бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық 
жабдықтар қолданылады..
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 
10-11-сыныптарда 
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық 
және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен 
және 
дағдылармен 
қамтамасыз 
ету, 
қазіргі 
заманғы 
ақпараттық 
технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық 
процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік 
желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады. 
Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника 
мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға 
қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, 
мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда 
жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс 
істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, 
гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша 
нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз 
жобасын қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет