Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет241/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

шығармашылығы маңызды орын алады. Жас техниктер мектептері мен 
станцияларында бастапқы техникалық модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, 
автомодельдеу, ракетамодельдеу, радиотехника және робототехника сияқты 
техникалық шығармашылық түрлері іске асырылады. Техникалық шығармашылықтың 
дәстүрлі түрлерін дамытумен қатар бағдарламалау, информатика және ақпараттық 
технологиялар, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, медиадизайн, жобалау-
зерттеу қызметі және т.б. белсенді дамуда. 
Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің негізін 
табиғатты қорғау бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу-тәрбие, 
әдістемелік, ғылыми-зерттеу, экологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту қызметін 
қамтамасыз етуге бағытталған жас натуралистер станциялары мен экологиялық-
биологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.
Балалар туризмі мен өлкетану балалар үшін тартымды бағыт болып 
табылады. Республикада туристік-өлкетану білім беру қызметін жас туристер-
өлкетанушылардың станциялары мен орталықтары, мектептердің, сарайлардың, 
балалар шығармашылығы орталықтарының туристік-өлкетану үйірмелері жүзеге 
асырады, онда білім алушылардың туристік-өлкетану қозғалысының әртүрлі 
бағдарламалары іске асырылады. Оқушылардың «Менің Отаным – Қазақстан» 
туристік-өлкетану экспедициясы аясында жас туристер қатысатын түрлі бағыттар 
бойынша жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, экспедициялар мен 
экскурсиялар өткізіледі.
Көркем-эстетикалық қосымша білім беру - балалар өнер мектептері мен 
балалар көркемөнер мектептерінде жүзеге асырылатын балалар арасындағы ең 


354 
бұқаралық және танымал бағыт. Республикада балалардың қатысуымен көркем 
шеберлік байқаулар, көрмелер, пленэрлер өткізу жалғасуда.
Балалар музыка мектептері балалардың бойында көркемдік-эстетикалық 
құндылықтарды тұтынушылардың қасиеттерін тәрбиелейтін музыкалық-эстетикалық 
даму, мәдени-ағартушылық және мәдени-тынығу функциясының білім беру 
бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет