МАҢЫЗДЫ! Комиссия оқыту сапасын соңғы оқу жылындағы сабақты байқау парақтары бойынша бағалайтын болады. Аттестатталушының оқыту сапасын байқау, бақылау мақсатында оның сабақтарына комиссияның мынадай санаттардағы 5 мүшесі: білім беру ұйымының басшысы, басшының орынбасары, әдіскер, білім беру ұйымының педагогі, әдістемелік кабинеттің әдіскері, аттестаттау комиссиясының, тиісті деңгейдегі сараптамалық кеңестің мүшесі кіреді. 3) білім беру ұйымының әкімшілігі аттестатталатын педагогпен
бірлесіп соңғы 3 жыл ішінде оқушылардың білім сапасын талдау
бойынша құжаттарды (нәтижелерді талдау бойынша қорытындылармен
сапа мониторингін, салыстырма кестелерді (диагностикалық құралдарға
сәйкес) дайындайды;
4)
оқу-әдістемелік кеңес хаттамасынан үзінді («педагог-модератор» -
білім беру ұйымының әдістемелік кеңесі, «педагог-сарапшы» - аудан/қала
білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі, «педагог-зерттеуші» - білім
басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес, тиісті саладағы уәкілетті
органның
білім
беру
ұйымдары
үшін
республикалық
оқу-әдістемелік бірлестік, «педагог-шебер» - Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жанындағы
республикалық оқу-әдістемелік кеңес).
МАҢЫЗДЫ! Барлық құжаттың көшірмесі білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталуы тиіс. БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ҮШІН ӘР ҚАДАМЫ КӨРСЕТІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚ
1- ҚАДАМ. Білім беру ұйымының әкімшілігі аттестатталатын
педагогтің біліктілігі мен кәсіби даярлығына қойылатын талаптарға
сәйкес аттестатталатын педагогтің аттестаттау кезеңіндегі құжаттарын,
6
әдістемелік материалдарын, педагогикалық ресурстарын электрондық
форматта жинау бойынша аттестатталатын педагогке жәрдем көрсетеді.
Жинау үшін қажет құжаттардың тізімі аталған бұйрықтың
8-
қосымшасының 8-тармағында көрсетілген.