Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата23.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#499627
1   2   3   4   5   6   7
ИМП аттестации каз0409093851 (5)

1-
қосымша 
(автоматтандыру 
енгізілгенге 
дейін) 
ресми 
жарияланған күннен кейін (2024 жылғы 8 сәуір) күшіне еніп, аттестаттау 
жаңа талаптарға сәйкес жүргізіледі, бірақ ағымдағы жылы 
аттестаттаудан өтетін педагогтер, оның ішінде ескі форматтағы 
санаттары бар (екінші, бірінші, жоғары) педагогтер үшін қолданыстағы 
цифрлық ресурстар қолданыла отырып жүзеге асырылады.
2-
қосымша (автоматтандыру енгізілгеннен кейін) 2025 жылғы
1 қаңтардан бастап педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық 
платформасы (педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды 
және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе) енгізілгеннен кейін 
аттестаттау Платформада автоматтандыру арқылы жүзеге асырылатын 
болады.
Педагогтерді аттестаттау рәсімінің негізгі құралы процесті 
автоматтандыру, яғни Педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық 
платформасын – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды 
және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені (бұдан әрі – Ұлттық 
платформа) енгізу арқылы бірыңғай ақпараттық жүйені құру болып 
табылады. 
Осы нұсқаулық хат бекітілген Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 
2024 жылғы сәуірден бастап аттестаттауды өткізу кезінде педагогтер мен 
білім беруді басқару органдарына қолдау көрсетуге бағытталған. 
 
АТТЕСТАТТАЛАТЫН 
ПЕДАГОГТЕР 
ҮШІН 
ӘР 
ҚАДАМЫ 
КӨРСЕТІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚ 
1-
ҚАДАМ. Білім беру ұйымының әкімшілігі педагогпен бірлесіп 
педагогтің біліктілігі мен кәсіби даярлығына қойылатын талаптарға 
сәйкес аттестатталатын педагогтің аттестаттау кезеңіндегі құжаттарын, 



әдістемелік материалдарын, педагогикалық ресурстарын электрондық 
форматта жинайды. 
Жинау үшін қажетті құжаттардың тізбесі аталған бұйрықтың
8-
қосымшаның 8-тармағында көрсетілген. 
Файлдарды дербес компьютердің жұмыс үстелінде компьютердің 
қойындылары бар бөлек жинақтауыш-папкада немесе Google-дискіде 
(файлдарды сақтау, түзету және синхрондау қызметі) жинау және 
құжаттарды (байқау парақтарын, семинар бағдарламаларын, тәжірибені 
қорыту 
материалдарын, 
жарияланымдарды, 
сертификаттарды, 
тәлімгерлік туралы бұйрықтарды және т. б.): мәтіндік файлдарды бөлек; 
ішкі папкада барлық кескін файлдарды (дипломдар, сертификаттар және 
т.б.) бөлек жинап жүйеге келтіру қажет.
Әр файлдың атауын оның мазмұны түсінікті болатындай атын 
өзгерту қажет. Файл жасалған күндерді жыл, ай, күн деген ретпен 
(мысалы: 2024.03.31) жазу қажет. Жинақтауыш-папкаға файлдар (түссіз 
қалталар) кірістірілген құжаттармен бірге тігілуі керек. Құжаттары бар 
файлдарды құжаттардың жоғалуын болдырмау үшін ашық жағын жоғары 
қаратып орналастыру керек. Ыңғайлы болу үшін құжаттарды күнтізбелік 
тәртіппен тақырыптық топтарға жинауға болады.
Құжаттамада ұсынылған мәліметтер толық, нақты және ондағы 
ақпарат объективті болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет