2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы
«Ал, бүгінде еңбек - XXІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайда алдыңғы кезекте ілгерілетілуі тиіс». Бұл - Елбасымыз ұсынып отырған келешегіміздің ұстанымы.
Осыған орай, бүгінгі заман XXІ ғасырда өмір сүретін жастарға ғалам негіздерінің жаңа жетістіктерімен қарулануды, оқып, үйренуді талап етіп отыр. Себебі, қазіргі ұрпақты ой – өрісі тар, еш нәрсеге мән бермейді, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы көбейіп отыр деп қаралайды. Санасы сәулелі жастар бұны түсінеді.
«Өнер көзі - халықта» деген, алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Қазақ ұлты - кең байтақ еліміздің ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртушы, жаңғыртып байытушы.
Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналыпотыр. Халқының қолөнерін зерттеген ғалымдар: Ә. Марғұлан, зерттеуші этнограф С. Қасыманов, Ө. Жәнібеков, Д. Шоқпаров. т.б. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу,оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасы.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Халықтың өнеріне әдет – ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал - жабдықтар кіреді. Осылардың ішінен ши тоқу өнері жайлы сөз қозғамақпыз.
Ши тоқу халқымыздың өрнекті өнерінің бірі, шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрі сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туылдырығының арасында, ыдыс – аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай –ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеуге. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда, ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді.
Әсіресе, киіз үйдің ішін әсемдеуге шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері шашақталған уық бауларға, зермен кестеленіп, шұғамен оюланған тулырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп - ақ тұрады. Осындай әдемі оралған кілем шилер бұрын ата – бабаларымыз, малды ауылдардың бәрі қолданған. Әсем болуымен қатар, ши көші – қон жағдайында алып жүруге де өте қолайлы
Дала шөбін басқа да халықтардың пайдалануы. Дүкенде сатылатын түсті бояумен боялған Вьетнам, үнді халықтарының салфеткалары, желдеткіш, қабырғаға сәндік үшін іліп қоятын панноларын көріп, ол халықтың да өнерінде шидің алар орны ерекше деп білеміз, сол сияқты беларус, литва халықтары дала шөбі – қамыстан түрлі орындық, үстел, креслолар өріп тоқитыны да белгілі.
Дала шөбі шиден: ши қалпақ, киіз басу үшін, киіз үйдің керегесіне тұту үшін, құрт жаю үшін, терезе қап, масахана, етхана т.б дайындаған. Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, күз кезінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейінгі шық кеппей тартылуы керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, алдымен шиді тоқымас бұрын ши шыбықтарын аршып тазартады, аса қысқаларын және жіңішкелерін алып тастайды. Іріктелген ши шыбықтарын өз қалауымызша ұзындықтарына 20 см немесе 30 см етіп қысқартамыз.
Шидің өсетін жерінде улы жәндіктер де кездеспейді. Адам денсаулығына шидің пайдасы бар. Әжелеріміз ши тартып келгеннен кейін «Бір сергіп
қалдым, жүрегім бір жақсылықты сезгендей әсер етті» -деп, немесе «шименәшекейленген үйде отыру үлкен ғанибет қой, түсіңде шиді көрсең,
өңінде мал байлығына кенелесің» деп, шаттанып отырады екен.
Астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Биіктігі 50-250 см, сабағы көп, тік өседі, түсі көгілдір, сары мықты шым түзеді. Жапырақтары ұзын жіңішке ені 3-5 мм, өте қатты, ұзындығы 15- 20 мм ақ не күлгін түсті. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Иран, Қытай, Монғолия, Тибетте, Еуропаның оңтүстік шығысында Қазақстанның сулы аймақтарында, суға жақын жерлерде өседі. Ши қыста жақсы мал жайылымы, сабағынан ши тоқыласа, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды. Шидің негізінен жылы аймақтарда 20 - ға жуық түрі бар. Шидің құрамында 9,6 – 14,3 протеин, 22 – 42 клетчатка, 1,7 -3,1 май және 38 - 51 азотсыз қалдық заттар болады. Оның сабағынан ши төсеніш, корзина да тоқылады.
Сурет-Шиден жасалған бұйымдар
Ши өсімдігі біздің қаламыздың маңында өседі. Күз айында сыныптастармен бірге барып, ши тартып, жинап келеміз. Оны кептіріп, қабығып аршып, технология кабинетіне қоямыз.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған станок пайдаланады. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы үшін. Оған арқау жіп және қосымша салмақты заттар, тас немесе гир ауыр темірларді байлаймыз. Апа - әжелеріміз мал жүндерін пайдаланып, оны түрлі түсті бояу түстерімен бояп, ши орап тоқыған. Шиге салынатын көне өрнектер атауы: мүйіз өрнегі, таңдай өрнегі, сынық мүйіз өрнегі, геометриялық сипаттағы өрнектер.
Сурет - Ши тоқу
Ши бұйымы жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Ақ ши.
2. Ораулы ши.
3. Шым ши.
Қабығы тазартылған шидің өн бойын өрнек жүйесіне келтіре отырып, әр түске боялған жүнмен немесе түсті жіппен орап алады. Содан соң қатар - қатар жақтан оралған шиелерді шетінен бастап, орындарын ауыстырмай тоқиды. Тоқылғаннан кейін шығатын өрнекті шиді "Шым ши" дейді.
"Шым ши"-қазақ қолөнерінің мағыналы мән бере орындалатын тоқыма өнері. Шым шиді орудың екі тәсілі бар:
1. Бұрын тоқылған шидің өрнегін үлгі ету.
2. Жаңа өрнек үлгісімен "панно" тоқу.
Шым ши - шым шидің киіз үйдің сыртына не ішіне, керегінің сыртынан тұтқанда ол өзінің тығыздығымен суық желді үй ішіне өткізбейді. Өрнегімен үйді көркемдеп тұрады. Шым шиге шаршы оюы, ромб, жұлдыз, су өрнектері салынады. Қазіргі кезде қоғамдық орында, үй тұрмысын әсемдеуге шиден дайындалған гобелендер кеңінен қолданылады.
Ақ ши - қабығынан аршылып тоқылған шиді "ақ ши" дейді. Халық ақ шиді кеңінене қолданған. Әсіресе құрт, ірімшік жайғанда,тары қайнатып, оны сүзгенде, қазан ошақты қоршағанда т.б күнделікті тіршіліке пайдаланған. Оларды өре, өреше шыпта деп атаған.
Орма ши - қабығынан тазартылған шидің өн бойын бір түске боялған жүнмен немесе жіппен орап шығады. Тоқу кезде оралган шиді ақ шимен топта 20-30 шиден алма - кезек тоқып отырады. Мұндай шиді орама ши диді. Орама ши киіз үйді айнала тұту үшін қолданылады.Үйдің киіз есігіне арнайы тоқиды. Мұндай шиді үй сыртына тұтқанда әдемі көрінеді және үй ішінің жылы болуына себін тигізеді.
Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды "шибау" деп атайды. Шидің бір шеті жұқа, екінші жағы қалың болып кетпеу үшін, оратын шидің түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіріп, алмастарып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |