Орындау технологиясы
Ши тоқудың қондырғы құрылғысы
Шығынын есептеу
Ши тоқу
Шикізат таңдау
Ши түрлері
Құрал – жабдықтарды таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қазақ халқының атадан балаға, әжелеріміз бен апаларымыздан өсіп келе жатқан біз сияқты жастарға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнердің үздік үлгісі - ши тоқу жайында қызықты деректер, құнды мағұлматтар жүйелі де ретті баяндалды.
Сондай-ақ, ши тоқуға байланысты ғасырлар бойы келе жатқан ши тоқу өнерін ғылыми тұрғыдан талдап, зерттеу жүргізіп, жаңа заман талабына сай өзгерту жолдарын қарастырдым.
Шиден жасалған заттардың басты қасиеті - оған еш нәрсе жоламайды, экологиялық жағынан таза, ешқандай өзгеріске түспейді, иіс шықпайды, қоршаған ортаға жағымсыз әсері жоқ індеттен, ауру – сырқаудан аман сақтайды.
Осыған орай, шым ши мен ақ шиді салыстырмалы түрде қарастыра отыра, ши тоқуға деген қызығушылығым арта түсті. Осыдан кейін технология пәні мұғаліміне ұсыныс жасадым. Мен негізі бұған дейін де гуманитарлық пәндер бойынша пәнаралық олимпиадаларға қатысқан болатынмын.
Өрнекті ши орау технологиясының ерекшелігі - әрбір ши сабағын түрлі - түсті жіппен жеке – жеке орау. Сонымен қатар жіп түрлерін қағаздағы өрнек бойынша орнаған жіп дұрыстығын бақылау және оны алма кезек ауыстырып отыру жағы күрделірек болды.
Қорыта келгенде, «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт», «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жер сүзер» - деген мақал – мәтелдер өнерлі мен тәрбиені қатар ұстануға тәрбиелейді екен. Осыған орай, шиді пайдалану мен оны қолданысқа енгізу және үй тұрмысында қолдану әлі де жалғасын таба береді. Әрі үнемі дами отыра, ел игілігіне айнала бермек.
Жалпы, шиден тоқылған заттар адам баласының қажетіне лайықты қызмет етеді. Ши бұйымдары қолдануға тиімді, әрі таза, сұлулыққа, талғамдыққа сай. Осы қасиетіне орай ши қазір де, тіпті келешекте де қажет деген пікірімді жүзеге асырып, қолөнерге деген шығармашылығымды өркендете бермекпін.
Осыған дәлел, қазіргі заманда үлкен зәулім үйлерде кілем ілу сәннен қалып, картиналар мен панно ілу сәнге айналған.
- Міне, біз неге шиден тоқылған бұйымдарды ілмеске!.
Осы мақсатта мен қабырғаға ілетін панноны әрбір адамдардың жүрегінде қазақ еліне деген асыл қазынасын ұмытпай қастерлеу үшін қазақтың оюы мен ашық аспан аясында емін – еркін қалықтап самғай беруін тілеп құстың бейнесін ши тоқу өнерін қолға алдым.
Нәтижесі қабырғаға ілетін пано тоқып, үлкен жауапкершілікпен, дала шөбі шидің қасиетін, қажеттілігін игеріп, ел ертеңіне асыру мақсатын көздедім.
Жалпы, шиден тоқылған заттар адам баласының қажетіне лайықты қызмет етеді. Ши бұйымдары қолдануға тиімді, әрі таза, сұлулыққа, талғамдыққа сай. Осы қасиетіне орай ши қазір де тіпті келешекте де қолданыстан шықпайды деген пікірдемін.
Қорынды сөзімді мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Күннен күнге өнері асқан
Біз сияқты жастар шықты жалынды,
Халық айтса, әрқашанда нанымды.
Шм тоқудан алдыма жан салмаймын,
Біз сияқты жастар шықсын дарынды.
Сенімдерін ақтамаққа мектептің,
Ши тоқумен тер төктім.
Ұстазымның үйреткен үлгісімен,
Өнер жолын дамытамын деп келемін.
Заманға сай қолөнер де өркендеп,
Қанат жайып, жастар өсті біртіндеп.
Кешегі өткен әжелер мен апалардың ізімен,
Біз келеміз ізбасар боп желкілдеп.
Өркен жайсын қолөнер,
Халқым оған дем берер.
Дәстүр, салтты заманға сай жалғайық,
Қатардан біз қалмайық.
-Ұлттық қолөнерімізді қадірлеп, қастерлей білейік.
Еліміздің туы биіктерден желбірей берсін!
Халқымыздың қолөнері құндылықтарын терең үйрететін, соның ішінде ши оқу технологиясын меңгертетін курстар оқу бағдарламасына енсе екен ұсынысым бар.
Қазіргі заман талабына сай халықтың қолөнері жаңарып, жаңа технологияларды қолданып, жұқа киізге түрлі ою түрлерін салып, киім түрлерін тігіп кие бастау өнері жетілуде, жаңалықтар ашылып, халқымыздың сүйікті қолөнерлері келешекте де қолданыстан шықпайды деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |