Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Есеп. Дене тәрбиесі жөніндегі жұмыста алдын ала, күнделікті және қорытынды есеп жасалады. Алдын ала есеп



бет120/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Есеп. Дене тәрбиесі жөніндегі жұмыста алдын ала, күнделікті және қорытынды есеп жасалады. Алдын ала есеп. Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлау үшін балалардың денсаулығы олардың дене дамуы мен дене дайындығы жөніндегі мәліметтерді білу қажет. Бұл үшін дәрігерден, ата-аналардан алынған мәліметтер, бақылаулардың деректері, тексерулер жеке журналға жазылады. Журналдың бірінші бетінде баланың туған жылы, мекен-жайы, ата-анасы, тұрмыс жағдайы туралы мәліметтер мына үлгіде жазылады:





Аты-жөні

Туған күні, жылы

Мекен-жайы, телефон №

Ата-анасының жұмыс орны, қызметі, туған жылдары

Отбасы жағдайы



















Келесі бетінде дененің даму мәліметтері: бойы, салмағы кеудесінің аумағы (дем алғанда, дем шығарғанда, үзіліс (пауза)), өкпенің сыйымдылығы, омыртқалардың иілуінің шамасы (мойын, бел омыртқалары), тұлға жағдайы, жауырын бұрыштарының арақашықтығы, табан қалыңдығының өлшеу көрсеткіштері бұлшық ет күші (оң және сол қол басының күші т.б.) толықтай жазылады. Тексерудің әртүріне бір беттен қалдырып және барлық тексерудің көрсеткіштері мен өткізілген күнін белгілеу даму барысын талдауға мүмкіндік береді. Стандартты көрсеткіштермен бірге осы зерттеулерді салыстыру нәтижесінде осы топтағы балалар үшін дене тәрбиесін жоспарлауда ескеріледі.


Дәрігерлік тексеру, антропометрикалық өлшеуді дәрігер тәрбиешімен бірлесе отырып жүргізеді. Балалар туралы қосымша мәліметтерді хабарлай отырып, тәрбиеші балалардың денсаулығы мен дамуындағы ауытқушылық себебін ашып дәрігерге көмектеседі. Ал, дәрігер өз кезегінде тәрбиешіге балалардың мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз өзгерістердің себептерін түсінуге көмектеседі.
Бақылауға ата-аналар да қатыстырылады. Осы мақсатпен арнаулы әңгімелер өткізіліп, онда балалардың денсаулығын, дамуын, бақылауға алудың жолдары түсіндіріледі. Ата-аналарды да балалардың бойын, салмағын, табан, кеуде қуысының аумағын өлшеуге және т.б. үйрету керек. Осы қосымша көрсеткіштердің бәрі қосыла келе балалардың денсаулығы мен дамуы жайлы дәрігерге толық түсініктеме алуға мүмкіндік береді. Келесі беттерде дене дайындығының көрсеткіштері белгіленеді (дене қасиеттері мен қозғалыс дамуының дағдысы, мөлшері) де, бұларға екі беттен қою қажет. Мынадай қозғалыстарға ғана есеп жүргізуге болады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу-бұлар негізінен балалардың дене дайындығының мөлшерін бейнелейді. Қозғалыс дағдысымен дене шынықтыру қабілетінің даму деңгейін жылына екі рет (күзде және көктемде) есепке алып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет