Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Циклді, циклсіз және аралас типті жаттығулар



бет34/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Циклді, циклсіз және аралас типті жаттығулар. Циклдік қозғалыстар (жүру, жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, коньки тебу т.б.) циклдерінің заңды бір ізділігімен және циклдегі қозғалыс элементтерінің байланысымен сипатталады. Циклсіз қозғалыстарда (лақтыру, секіру т. б.) әр жаттығу аяқталған әрекет болып табылады. Аралас қозғалыстарда (жүгіріп келіп секіру) циклді жаттығулар циклсіз жаттығулармен жалғасады.
Биомеханикада жаттығуларды үдемелі (тұрған жерден ұзындыққа секіру т.б.) және айналмалы (диск лақтыру т.б.) деп бөледі. Физиологияда - қуаты әртүрлі жаттығулар.
Сонымен бірге жаттығулар табиғи және абстрактылы болып (еркін, аналитикалық) бөлінеді. Табиғи жаттығулар (жүру, жүгіру, велосипед тебу, т. б.) күнделікті өмірде және еңбектің кейбір салаларында қолданылады. Абстрактылы жаттығулар дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін арнайы жасалған. Оларға бұлшық еттерінің жеке топтарына, дененің кейбір бөліктеріне арналған жаттығулар және қалпы өзгертілген табиғи қозғалыстар (бір орында тұрып жүгіру, жүру т. б.) жатады.
Жаттығулар динамикалық және статикалық болып бөлінеді. Динамикалық жаттығулар кеңістікте орын алмастырумен байланысты. Статикалық жаттығулар бұлшық еттерге бір қалыпта тұрып күш түсіруге негізделген («тік тұру», «қолмен тік тұру»). Дене жаттығуларын зерттеумен бірге олардың жіктелуі нақтыланады. Дене тәрбиесі теориясында қабылданған дене жаттығуларының алуан түрлерімен қоса қозғалыс ойындары, спорт элементтері бар ойындар (городки, бад­минтон, стол теннисі), спорттық жаттығулар (шаңғы, коньки, шана, велосипед тебу, жүзу) бар. Дене жаттығуларында қабылданған жіктелу оқу құралдарында қолданылады және керекті жаттығудың сипаттамасын тез тауып алуға мүмкіндік береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін атап жан-жақты сипаттама беру...

  2. Дене тәрбиесі құралдарына талдау...

  3. Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері қандай?

  4. Дене жаттығуларына сипаттама беру. Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы дегенді қалай түсінесіз?

  5. Дене жаттығуларының техникасы туралы толық түсінік беру.

  6. Дене жаттығуларының фазалары, кеңістіктік сипат, бастапқы жағдай, қозғалыс траекториясы дегенді қалай түсінесіз?.

  7. Дене жаттығуларын жіктеу. Жаттығу түрлерін ашып түсіндіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет