Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет104/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл-қозғалыс ойындарын ұштастыруы мүмкін (аралас тип). Жоғарыда қарастырылған, бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескеретін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастағы топта өткізіледі, әсіресе 1,2 кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізгі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығулардың («Құстар», «Cеруен», «Ұябасар және балапан», ал неғұрлым ересектер тобында «Oйыншықтар дүкені», «Cпортшылар», «Автодром», «Cаяхат» т.т.) сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық-ойын жағдайын құрауы мүмкін. Ойын әрекеттерінің жүйелілігі организм жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескеретін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Сабақ, жай жүріспен аяқталады. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарынан да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді (мысалы, «Өзіңе серік тап», «Aйна», «Eң ынтымақты кімнің тобы?», «Tап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл-қозғалыс ойындарының өзара бай­ланысты жүйелілігін және басшылықтың шығармашылық әдістемесін талап етеді.
Сабақ өткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттықтыруларын іріктеп алу «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағдарламасы негізінде жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, сабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен 2-3 сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Талдау процесінде өткен сабақта қойылған міндеттердің жүзеге асырылу дәрежесі, балалардың реакциясынан көрінетін және әрбір сабақты есепке алу негізінде белгіленетін нәтижелер (жаңа бағдарламалық материалды барлық және жекелеген балалардың игеру дәрежесі, өздеріне таныс қимылды игерудегі прогресс, қосымша жат­тығуларды, жеңілдетілген нұсқаларды неғұрлым дәлдікпен үйренуді, сабақта балаларды ұйымдастыру формаларын өзгертуді, жеке бөліп сабақ жүргізуді т.б.) анықталады. Бұрын өткізілген және соңғы сабақтың тығыз байланысы, олардың жалпыға ортақ мақсаттылығы орындалу кезінде бірте-бірте күрделенетін міндеттердің айқын дәйектілігін белгілейтін үйлесімді жүйесін, бағдарламаның өтуін және сол арқылы кез келген жастағы топтың балаларын үйретудің табысты нәтижесін қамтамасыз етеді. Өткен сабаққа талдау жасау негізінде, ең алдымен, негізгі бөлімнің: балаларға жаңа жаттығулар үйрету, бұрын өздеріне таныс жаттығуларды қайталау, жетілдіру міндеттері анықталады. Нақты дене тәрбиесі жаттығулары атап көрсетіледі. Одан кейін сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімі анықталады. Сабақта тәрбиеші балаларды ұйымдастыруда әртүрлі яғни әдістерін жаппай, топтық, жеке әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Жаппай әдісті пайдалана отырып, балалардың бәріне орындалу тәртібі бірдей жаттығу ұсынады, олар бір мезгілде орындалады. Жаппай әдісті қолдану сабақтың кез келген бөлімінде, әсіресе балаларға жаңа жаттығу үйрету және өздеріне бұрыннан таныс жаттығуларды жетілдіру кезінде тиімді бола­ды. Бұл әдіс балалардың бойында әрекет үйлесімділігін қалыптастыру, оларды жалпыға ортақ міндетті шешуге біріктіру, тәрбиешінің балалармен тікелей қатынаста болуы, сондай-ақ са­бақтың қозғаушы күшін арттыру үшін пайдалы.
Жаттығуды үйрету және оның егжей-тегжейін анықтау про­цесінде балалар кезекпен әрекет ететін шағын топтарға бөлінуі мүмкін. Тәрбиеші бір немесе екі топтың жаттығуды орындауын бақылау мүмкіндігіне ие болады, ал қалған бала­лар өз жолдастарының әрекеттерін бақылайды және тәрбиешіні тыңдайды.
Жаттығуды орындаудың бұдан да басқа, толассыз әдісі пайдаланылады, мұндайда балалар кезекпен, бірінің соңынан бірі, үзіліс-толассыз бір ғана жаттығуды орындайды. Жаттығудың көп қайталануын жүзеге асыру үшін жаттығу жасау екі, үш дүркін ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір баланың әртүрлі жаттығуларды шеңбер бойлап, станциялық жүйелі тәртіппен толассыз орындауды (мысалы, шығыршықтан өту отырғыштың үстімен бойды тік ұстап өту, секіру, қоңырауды соғу, жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру) пайдалы болады.
Дене тәрбиесі жаттығуларын толассыз әдіспен орындауды ересектер және дайындық топтарының балаларымен жаттығу өткізгенде қолдану тиімді. Бұл әдістің жаттығуларды жетілдіру кезіндегі маңызының ерекшелігін, ал жаттығуларды үйрену кезіндегі маңызының болмашылығын атап көрсетуіміз керек. Толассыз қимылдың үздіксіздігі кейде балалардың дәл емес қимыл- әрекеттерін тәрбиешінің түзетуіне мүмкіндік бермейді, ол әрбір баланы бақылап тұрады және сол кезде жаттығудың орындалуына қысқаша баға бере алады немесе ескерту жасай алады. Сонымен бірге қимыл дағдыларын жетілдіру кезінде толассыз әдісті қолдану балалардың дене күшінің тездік, ептілік, күш, төзімділік, кеңістікте бағдар белгілей білу қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі.
Ересектер және даярлық топтарында топталып ойнау әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс сабақта тәрбиешінің балаларды үйрету және балалардың өздері бұрын игерген қимыл дағдыларын өз беттерінше жетілдіру процесі ұштастырылған жағдайда ғана қолданылады. Бұл орайда балалардың бір тобы тәрбиешінің басшылығымен қандай да бір қимыл әрекетін үйренеді, екінші топ (немесе шағын екі топ) бұл кезде қимылдың басқа түрімен өз бетінше (қайталап) жаттығады. Балалардың екі немесе үш тобы өздеріне таныс, бірақ әр түрлі жаттығуларды (доппен ойнау, өрмелеу, тепе-теңдік жаттығуы т.б.) орындап жатуы мүмкін. Тікелей балалардың бір тобын үйрете жүріп, тәрбиеші жаттығу жасап жатқандардың бәрін өз назарында ұстайды, өз қимылдарының дұрыстығын, рет-ретін, тәртібін өздері бақылауын ұсынады. Мұндай ұйымдастыру жағдайында балалардың бойында жауапкершілік, ұстамдылық, жалпыға бірдей іскерлік көңіл күйді бұзбай тапсырманы өз бетінше орындай білу, өз дағдыларын саналы түрде жетілдіру қабілеті қалыптасады, сондай-ақ сабақ барысында бүкіл топтың қимыл ширақтылығын, сабақтың қозғаушы күшін сақтауға мүмкіндік береді. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әртүрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына, тәрбиешінің қолданатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастыру әдістеріне байланысты. Егер балалар ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілде тартылса оларда тұрақты зейінділік, эмоциялық-жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады. Қимыл әрекетіне балалардың тек бір бөлігі ғана тартылып, ал екінші бөлігі орындайтын тапсырма болмай, әрекет ету үшін өз кезегін күтіп тұрған жағдайда, кезек күтіп тұрған топ «қозғаушы, алаңдаушылық» белгі-деректік тұрақтылығының жеткіліксіздігінің белгілерін көрсете бастайды.
Сабақ процесінде жеке әдіс пайдаланылуы мүмкін, ондайда әрбір бала өзіне берілген тапсырманы тәрбиешінің бақылаумен өз бетінше орындайды. Жалпыға бірдей жаттығудың егжей-тегжейін анықтау мақсатында ол да тәрбиешінің шақыруымен жеке орындалады. Мұндай әдіс тәрбиешінің ерекше көңіл аударуын, балаларды жақсы ұйымдастыруды, балалардың бәрін сергек бақылауға және тапсырманың орындалу дұрыстығына талдау жасауға тартуды, тәрбиешінің ша­қыруымен жаттығуды қайта жасауға дайын тұруды талап етеді. Сабақ кезінде ұйымдастырудың көрсетілген әдістерін пайдалану тәрбиеші қойған міндеттерге, са­бақ өткізілетін жағдайларға, тиімді түрде жүзеге асыруға байланысты. Балаларды үйрету кезінде ұйымдастыру сабақтарының тиімділігін арттыруға жеткізетін әртүрлі әдістерді аралас қолдану неғұрлым пайдалы болады. Мектеп жасына дейінгі балалармен дене шынықтыру сабағын жүргізу кезінде организмге түсетін ауыртпалықтың неғұрлым тиімді кезектесуі талап етіледі. Сабақ процесіндегі тынығу белсенді және енжар болуы мүмкін. Белсенді тынығу біршама қажу туғызатын алдыңғы әрекетке ауыстыруды көздейді. Енжар тынығуға қимыл әрекетін болдырмайтын тыныштық тән. Сабақтарда денеге түсетін ауыртпалық пен белсенді тынығуды дұрыс кезектестіре білу баланың зейінінің мейлінше дәрежеде болуын сақтауды қамтамасыз етеді, табиғи түрде дамитын қажуды болдырмайды. Бұл орайда белгілі дәрежеде дененің ширығуын және күш жұмсауды, ал осыған байланысты қажуды тудыратын ауыртпалық организмді қалпына келтіру процестері үшін стимул, оның функциялық мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.
Жұмыс пен тынығуды кезектестірген кезде организмнің жұмыс істеу қабілеті белгілі бір фазалардың ауысуы процесінде заңды түрде өзгеретінін қолда бар зерттеулер көрсетіп отыр. Айтарлықтай күш түскен жағдайда жұмыс істеу қабілеті біршама қажумен қатарласа келіп, біртіндеп төмендейді. Баланың организмді тынықтыратын қимыл әрекетінің алмасуы қалпына келтіру процестерін жеделдетуге көмектеседі, олар денеге түсетін бұдан бұрынғы ауыртпалықтан стимул алады. Сөйтіп, қажу мен қалпына келтіру процестерінің табиғи байланысы және бір-біріне өзара ауысуы жұмыс пен тынығудың заңды түрде өзара алмасуын айқындайды. Сабақтың кіріспе бөлімі организмнің біртіндеп жұмыс істеуіне және баланы сабақтың негізгі бөліміне дайындайтын психикалық функцияның жандануына жағдай жасайтындығы жоғарыда көрсетілді. Негізгі бөлімнің бас кезінде балаларға назар аударуды барынша жинақтауды талап ететін жаңа материал ұынылады. Баланы жаңа қимыл әрекетіне үйрету кезінде баланың көз алдында ол қимылдың алғашқы бейнесі, қимыл түсінігі пайда болады. Бұл тәрбиешінің балалардың көз алдында жасап көрсетпей жаттығуды орындау әдісін айтып беруге немесе түсіндіруіне қарай балалардың тапсырманы ұғынуымен, жаттығу элементтерінің жүйелілігін бақылаумен байланысты. Бұдан кейін балалар оны өз беттерінше қайта жасай бастайды. Бұл кезде бала жаттығуды мүмкіндігінше дәл орындауға тырысып ерік (ой және дене) күшін көрсетеді. Мұның бәрі жүйке жүйесінің жеткілікті дәрежеде ширығуын организмнің психикалық және физиологиялық функциясының артуын туғызады. Сондықтан мұндай процесс өте ұзаққа созылмауы керек. Ми қыртысы клеткаларының бір тобының немесе тұтастай учаскесінің ұзақ уақыт қозуы басқа клеткалардың немесе учаскенің тежелу құбылысын сөзсіз туғызады. Сырттай қарағанда бұл балалардың зейінінің шашыраңқылығынан, қызығушылығы мен эмоциясының төмендеуінен, қи­мыл үйлесімінің қандай да бір бұзылуынан, кейде күшті елігуінен көрінеді. Тежеудің маңызды функцияларының бірі - ми қыртысының клеткаларын артық елігуден қорғау. Егер тітіркендіргіш өте ұзаққа созылатын болса немесе жиі қайталанса немесе егер ол шектен тыс күшті, қауіпті титықтату болып шықса, онда қабық еліктіруді төмендетеді және қоздыруға жауап беруден қалады. Осыған байланысты жұмыс мөлшерінің, баланы бір әрекеттен екінші әрекетке дер кезінде ауыстырудың, жұмыс пен тынығудың жүйелі түрде кезектесуінің қандай рөл атқаратындығы түсінікті болады. Балалар жаңа жаттығуды игергеннен кейін оларға қайталайтын, көп күш жұмсамай-ақ орындайтын жаттығулар ұсынылады. Өздеріне таныс жаттығуды орындар алдында балалар тәрбиешінің сөзбен айтқан нұсқауын тыңдап алады, содан кейін қимыл әрекеттерін сан рет қайталап жасайды. Тәрбиешінің нұсқау беруге кеткен уақыты балалардың ақыл-ой әрекетін жандандыра түсіп, бұлшық ет қызметін тынықтырады. Осыдан кейін қимыл әрекетінің әрбір егжей-тегжейін саналы түрде орындайды, бақылайды, бірнеше рет қайталау арқылы игере отырып, оның дұрыстығын анықтайды. Осының ізінше балаларға бұрыннан таныс жаттығу немесе тұрақты игеру сатысына жеткен бір нұсқасы ұсынылады. Бұл жаттығулардың орындалуы балалардың тапсырманы ұғынуын сақтауды көздейді, бірақ бұған дейін игерілген жүйенің, олардың автоматтандырылуының арқасында қимыл әрекетін орындау әдісінің өзіне назар аударуды талап етпейді. Жаттығудың орындалу әдісін әрбір баланың жеке өзінің еске түсіру және айтып беруі ұсынылады, содан кейін оны барлық бала қайталап жасайды. Көрсетілген (үлгі ретіндегі) сабақтың кезектесуі тәрбиешіге бүкіл сабақтың организмнің психикалық және дене функциясының қажетті өзара байланысын туғызатын қолайлы (асығыссыз) қарқыны, балалардың әрекет сипатының алмастырылуын, жаттығуларды қайталау санын көздеуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде балалардың әрекетін дұрыс кезектестіру оның жалпы тығыздығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет