Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет138/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Дене шынықтыру сабағы (үлгі)
5-6 жасар аралығындағы балалар дене шынықтыру жұмысының нысаны - дене шынықтыру сабақтары, таңертеңгі жаттығу, үзіліс уақытындағы қозғалыс ойындары және дене жаттығулары, сергіту сәттері, сабақтан тыс нысандар (дене шынықтыру демалыстары, дене шынықтыру мерекелері, дене шынықтыру саяхаты) болып табылады Бұл нысандар мектептің бірінші сыныбына келгеннен кейін де жалғаса береді. Өз мән-мағынасын жоймайды. Бірте-бірте күрделенген қалыпта баланы жан-жақты дамыту мақсатында жалғаса бермек. Әйтсе де осылардың ішінде дене шынықтыру сабақтарының алатын орны ерекше. Мектепалды даярлық пен бірінші сынып арасында біріккен сабақтар өткізудің педагогикалық сабақтастықты жүзеге асыруда беретін нәтижесі зор. Осы мақсатта негізгі қозғалыстардың бірі жүру бойынша бірлескен сабақ өткізу өте тиімді. Оның үлгі жоспары төмендегідей.


Сабақтың тақырыбы – Мүсінді және әдемі болайық (спорт алаңында, жаймашуақ күні өткізіледі).
Пайдаланылған әдебеиет:

  1. Л.А.Глазырина. Физическая культура-дошкольникам. –Москва: Владос, 2001. – 18-б.

  2. 5(6) жастағы балаларды мектеп жағдайында мектепалды даярлаудың бағдарламасы. Редакциялаған Татаурова Н.Л., Саймасаева Г.А. -Астана, 1999. – 9-б.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың әдемі және мүсінді болу туралы түсініктерін, дұрыс жүру туралы дағдыларын қалыптастыру.

  2. Шектеулі ортада тузу, сәнді жүру дағдысы.

  3. Жүру төзімділігін тәрбиелеу дағдысы.

Сабақтың жабдықталуы: Ұзындығы 3-4 метр арқан (жіп), жұдырықтың көлеміндей құм толтырылған қалта, топтағы бала санына сай суреттер, плакат.
Қолданылатын дене тәрбиесі құралдары: Дене тәрбиесі отырғыштары. Гимнастикалық бөрене. Жеңіл, ыңғайлы аяқ киімдер мен спорт костюмдері.
Әдіс-тәсілдер: Сөздік, практикалық, көрнекілік-көру
Оқыту технологиясы: Ойын технолгиясы. Проблемалық.
Сөздік жұмысы: Мүсінді, әдемі, сұлу, сымбатты
Сабақтың барысы



І.Ұйымдастыру (кіріспе)
бөлімі

Тәрбиеші (мұғалім) қызметі

Бала қызметі

Күтілетін нәтиже

Балалармен амандасу. Қатарға тұрғызу. Сабақтың басталғанын хабарлау.

Амандасу. Тәрбиеші сөзіне көңіл аудару

Сабаққа деген ынта. Сабаққа деген құрмет дағдысы.

ІІ.Негізгі бөлім

І.Балалар (скамейкада) ұзын гимнастикалық отырғышқа отырғызылады. Бірінші отырғышқа-мектепалды тобы, 2-отырғышқа бірінші сынып. Екі топқа суреттер таратады. Суретте тұрған, отырған, жүріп бара жатқан адамдардың бірнеше түрі бейнеленген. Балалар жақсылап танысып шығады. Екі топтан бірнеше баладан: суретте не бейнеленген? Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігі сұралады.

Балалар қолдарындағы суретке қарап тұрып кезекпе кезек ортаға шығып өз ойларын айтады (Ортаға қол көтеріп, өз ойларын айтқысы келген балалар шақырылады, белсенді емес балалар да назардан тыс қалмау керек)

Өз ойын дұрыс жеткізіп, сурет мазмұнын түсіне білу дағдысы.

2.Тәрбиеші суреттерін отырғышқа қойғызып, балалардың назарын үлкен көлемде ілуі тұрған плакатқа аударады (Плакат бұл кезге дейін ілінбейді. Тәрбиеші алдын ала арнайы орын-тақта дайындап қояды. Сол жерге іледі). Тәрбиеші үлкен тақтаға ілінген плакаттағы сурет арқылы балаларға қайталап түсіндіріп, көрсетеді. Суретте отыру, тұру, жүрудің дұрыс, бұрыс бейнелері бар. Әлбетте, балалар әдемі, сұлу дұрыс бейнені жақтайды. Олай болса, тәрбиеші барлық балалардан әдемі, сұлу, мүсінді, сымбатты деген сөздердің мағынасын сұрай отырып, түсіндіреді. Сіздер де осындай болғыларың келе ме деп сұрайды. Балалар қосылады. Олай болса суреттегідей әдемі болудың бастапқы қадамдарын жасайық деп ұсыныс айтады.

Балалар назарының толықтай плакатқа аууы. Суретке қызығушылық тудыруы. Сөздік жұмысына ықылас танытып, өз ойларын айтуы.

Бала қызығушы
лығы. Сөздік қоры. Өз ойын тосылмай айту дағдысы.




3.«Бір сызық бойына қатарға тұр». Бір сызықтың бойына қатар түзейміз. Тәрбиешіге, бір-бірімізге, ашық аспан мен жарқын күнге сәлемдесейік. Содан соң «Оңға!» Осы бұрылумен үлкен шеңбер жасап жүрейік. Шеңбер алдынала дайындалып, сызылады. Жүру реті түсіндіріледі.

Оңға бұрылу. Алдарындағы шеңбермен тіке, сәнді, тізені бүкпей, басты шалқайта ұстап жүру. Шеңберді екі айналып, орындарына түзуге тұру.

Дұрыс жүруді үйрену дағдысы.




4.Кең қадамды жүріспен, бірінші өкше содан соң аяқтың басын басып, қолды еркін сермеп жүру. Оң қол алға, сол қол артқа сермеледі. Бір қол артқа сермелгенде, екінші қол шынтақтан бүгіліп, иыққа тиюі керек. Бұл жаттығуды екі топ та 10 метрге дейін жүріп жасайды, сол жерден айналып бастапқы орынға қайта келеді. Жүргенде алдағы жүріс тәртібі сақталуы қажет.

Кең қадаммен, адымдап жүру. Оң, сол сермесі, алға, артқа ережесін сақтау. Бір-біріне кедергі келтірмеу.

Дұрыс жүруді үйрену дағдысы.




5.Тұрған орындарынан бір-біріне кедергі жасамай, соқтығыспай артқа, қайтадан алға бір қадам жүріс жасайды. Тіке тұрған қалыптарында оң, сол жағына бір-бір қадам қозғалады. Қозғалыс кезінде бойларын тіке ұстап, аяқ бастарына қарамай, бастарын көтеріп жүру керек. Бұл жүріс 4 рет жасалады.

Алға, артқа, оңға, солға қадам жасау, шегіну жаттығулары.
Жүру тәртібін сақтау.

Дұрыс жүруді үйрену дағдысы.




6.Қатарласып жүру. Белгіленген аралықта қол ұстаспай, бір-біріне шынтақтарын, қолдарын тигізбей, еркін жүру. Әңгімелесіп жүреді. Белгіленген аралықты 4 рет жүріп өтіп, орындарына келіп тұрады.

Белгіленген аралықты, қатарласып қол ұстаспай, бір-біріне шынтақтарын, қолдарын тигізбей, еркін, әңгімелесіп жүру.

Дұрыс жүруді үйрену дағдысы.






7.Жұптасып жүру. Әр топтан бір ұл, бір қыз қол ұстасып қолдарын сілтемей, шайқамай жүреді. Жүріс кезінде балалар бірін-бірі бөлмей, мәдениетті әңгімелеседі. Қыз сөйлесе, ұл мұқият тыңдап жауап береді және керісінше. Арнайы сызылған шеңберді бір айналып жүріп келген ұл қызды отырғышқы отырғызып, өзі артында тұрып тұрады.

Жұптасып жүреді. Мәдениеттілік, сыпайылық танытады. Жүрісін түзейді. Бас, аяғына қарай бермейді. Қызды орнын көрсетіп отырғызады. Өзі тіке тұрып тұрады.

Жұптасып жүру тәртібіне, жұбын, қыз, ұлды сыйлауға, мәдениеттілік
ке үйрену дағдысы




8.Тәрбиеші-мұғалім балалардың осыған дейінгі жүрісін бағалайды. Содан кейін кезекпе-кезек екі топтан бір ұл мен қыз жұпты шеңбер бойынша жүргізеді. Қарап тұрған балалар мен тәрбиеші кімнің жүрісі, жұбы әдемі екенін сараптайды.

Жұптардың әсем жүрісі

Жүру тәртібін үйрену.Әділ бағалау дағдысы.




9. Екі топ екі бағанға тұрып, белгіленген қашықтықта колонна болып тізені жоғары көтеріп, бірі-біріне кедергі келтірмей жүріп өтеді.

Тізені жоғары көтеріп, бірі-біріне кедергі келтірмей жүріп өту.

Жүру тәртібін үйрену дағдысы.




10.Гимнастикалық бөрене үстімен жүру. Бір-бірлеп, асықпай, аптықпай, бойды тіке, тепе-тең ұстау.

Гимнастикалық бөрене үстімен жүру

Жүру тәртібін үйрену дағдысы.




11.Ойын «Тұзақ». 2 топ бірігіп үлкен шеңбер болып тұрады. Екі топтан бір-бір бала ортаға шығады. Жеребе бойынша бірінші бір бала шетіне құм толы қалта байланған жіпті қолына алып шеңбердің ортасына тұрады. Мысалы: Шеңбердің диаметрі 6 метр болса, жіптің ұзындығы 3 метр болуы шарт. Содан соң ортаға отырып, жермен жіпті шыр айналдырады. Аралары сирек тұрған балалар құм толы қалтаны аяқтарына тигізбей, секіріп өткізіп тұру керек. Секірген кезде у-шусыз, бір-біріне кедергі келтірмей қимылдау шарт. Орнында тұрып секіреді. Қасындағы шеңберден шығып қашуға, адамды қағуға, құлатуға, итеріп жіберуге болмайды. Арнайы сайланған екі бала кезекпен жіп айналдырады. Қалтаға соғылған балалар ойыннан шыға береді. Ойын соңында қай топтың балалары көп ұсталды, сол бойынша ойын қорытындыланады.

Ойынға араласу, ойын тәртібін бұзбау.

Ережені орындауға дағдылану.

ІІІ.Қорытынды бөлім

1.Балалар денешынықтыру өтіп жатқан алаңды өздері қалаған жұптарымен жүріп айналып шығады. Бұл кезде әдемі әуен жүріп тұрады. Әуен тоқтатылған бойда балалар екі топ бөлек-бөлек екі сызық бойына тұра қалады. Тәрбиешінің «сап түзейік әдемі» деген сөзі бойынша тіке, түзу, әдемі қатар түзеді.

Ән әуенімен әдемі жүру. Ән ырғағын бақылап жүру (ән тоқтатылған бойда тұра қалу). Нұсқау бойынша сап түзеу.

Балалармен қарым-қатынас жасай білу, нұсқауға бағыну, ұжымда, жолдастары-
мен өзін ұстай білу, жүру тәртібін үйрену дағдысы.




2.Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Әдемі, мүсінді деген сөздердің мағынасын түсіндіріп, тек дене шынықтыруда емес, барлық уақытта да осылай жүру қажеттігін ескертеді, сабақты бағалайды. Балаларды ән айтып беседкаға барып демалып, әңгімелесулеріне, немесе топқа әндетіп, әңгімелесіп әдемі жүріспен баруларына рұқсат береді.

Тәрбиеші нұсқауын орындау.

Сабақ мақсатын орындау, балалардың жүру тәртібін ұғыну, таныс емес балалармен қарым-қатынасқа түсе алу, мектепке бейімделу, танымдық дағдыларының қалыптасуы.

Бұл тәрбиешінің сабақты осылай өткізуі міндетті деген сөз емес. Сабақ жоспары үлгі ретінде ұсынылып отыр. Сабақтың ерекшелігі мектепалды дайындық пен бірінші сынып балаларының байланысын қамтамасыз етуінде.


Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Сабақтастық ұғымын түсіндіріңіз.

  2. Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

  3. Мектепке дейінгі мекеме және мектептің дене тәрбиесіндегі сабақтастығы туралы түсіндіріңіз.

  4. Мектеп пен балабақша сабақтастығының бір формасын таңдап, ұйымдастыру, өткізу жолын көрсетіңіз.

  5. Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру туралы өзіндік пікіріңіз қандай?

  6. Сабақтастық бағытында ата-аналармен қандай жұмыс түрлерін жүргізуге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет