Өрмелеу. Бұл гимнастикалық қабырғада тексеріледі де есебі мына кесте (схема) бойынша жүргізіледі:
№
|
Аты-жөні
|
Сапалық көрсеткіштер
|
Баспалдақтың (қабырғаның) биіктігі
|
Ауыспалы адым
|
Қол мен аяқ қозғалысының үйлесімділігі
|
Сенімділік
|
Егер бала өрмелеу техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, белгіленген бағанға минус таңбасы қойылады. Қозғалыс дағдысы мен дене қасиеттерінің даму деңгейін есептеудің деректері стандартты деректермен салыстырылып есептелінеді. Сапалық көрсеткіштердің анализі қозғалыс техникасындағы кемістіктерді табуға, оларды сабаққа дайындау барысы мен дене тәрбиесі жұмысын жоспарлағанда ескеруге көмектеседі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Жұмысты жоспарлау мен есепке алудың маңызы туралы жан-жақты түсіндіру.
Жоспарлаудың түрлері (перспективалық, күнделікті) қандай? Әртүріне мысалдармен түсінік беру. Жоспарлауға қойылатын талаптар.
Қандай құжат түрлерін (жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар) білесіз?
Әр құжат түріне анықтама бере отырып жасалу, қолдану жолдары туралы түсіндіріңіз.
Есепке алу түрлері қандай? Оны жүргізу жолдары.
Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі туралы сипаттаңыз.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасына талдау жасай отырып, қалауыңыз бойынша әр жас топтары үшін жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар үлгісін құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |