Икемділік және оны дамыту әдістері
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына: бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына; көңіл-күйге (жоғары көңіл-күйде икемділік артады); бой қыздыруға, сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп кезі;) күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты. Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады. Бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін белсенді икемділік дейміз. Сыртқы орта әрекеті күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін енжар (бәсең) икемділік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер, т.б.).
Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Икемділікті дамытудың негізгі амалы: өзінді ұстау, сыртқы көмек, т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабак бөліміне де кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет. Мәселен, белгілі затты алу бір затқа допты дәл тигізу, т.с.с. Созылу жаттығу сериясынан кейін, босаңсу жаттығулары орындалады (2-3 апта). Икемділікті дамытудың негізгі әдісі-қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әртүрлі. Жамбас буынындағы иілу және жазу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 30-40 рет. 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейін жетіледі. Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауру сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылдамдылығын дамыту, жоғары сынып окушыларына қарағанда, оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады. 15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды. Бәсең икемділіктің көбеюі 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас – икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі.
Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға карағанда, 20-30 % көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады. Икемділік - тірек-қимыл аппараты бөлшектерінің қозғалғыштық дәрежесін айқындайтын тірек-қимыл аппаратының морфофункциялық қасиеттері. Икемділік бұлшық еттер мен буын сіңірлерінің иілгіштігімен айқындалады. Мектеп жасына дейінгілердің тірек-қимыл аппараты, әсіресе, омыртқасы созылғыштығымен ерекшеленетіндігін ескере отырып, дене шынықтыру сабақтарында және ертеңгілік гимнастика жасаған кезде денені жалпы дамытатын жаттығулармен (затпен немесе затсыз) шектеуген жөн. Икемділікті дамытуға арналған жаттығулардың қөлемі мен интенсивтілігі біртіндеп арттырылуы керек (әсіресе, омыртқаның икемділігін дамыту кезінде).
Достарыңызбен бөлісу: |