Үлгілік оқу жоспары
|
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша
|
1-
тоқсан
|
2-
тоқсан
|
3-
тоқсан
|
4-
тоқсан
|
1-
тоқсан
|
2-
тоқсан
|
3-
тоқсан
|
4-
тоқсан
|
5-сынып
|
1
|
2
|
2
|
3
|
|
|
|
|
6-сынып
|
1
|
1
|
3
|
2
|
|
|
|
|
7-сынып
|
2
|
2
|
3
|
1
|
2
|
2
|
2
|
1
|
8-сынып
|
1
|
1
|
2
|
2
|
1
|
1
|
2
|
2
|
9-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
10-сынып (ҚГБ, ЖМБ)
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
11-сынып (ҚГБ, ЖМБ)
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда және 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптар мен 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17, 18 тармақтар).
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне сәйкес 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан түрінде өткізіледі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 41 тармақ).
9,11сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен жазбаша емтихан тапсырады.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес 11-сынып білім алушылары міндетті пән ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан тапсырады.
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылады.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.
Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кіші- зерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері)таңдау және жүйелеу;
– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік- сызбалық немесе графикалық және т. б.;
зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.
жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |