Дәріс 2: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері Мақсаты



Дата06.06.2023
өлшемі15.9 Kb.
#474739

Дәріс 2: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: мектепте информатика мен АКТ-ны оқытудің масаты мен міндеттерін түсіндіру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Мектептегі информатиканы оқыту мақсаттары жүйесінің өзгеруі.
1 Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
2 Алгоритмдік сауаттылықтан - цифрлық құзыреттілікке
Информатиканы оқыту мақсаты алгоритмдік мәдениеттің компьютерлік сауаттылыққа, компьютерлік сауаттылықтың ақпараттық мәденИнформатика кабинете, ақпараттық мәдениеттің құзыреттілікке өтуімен сипатталады. Мұны сызба түрінде былай көрсетуге болады:
АЛГОРИТМДІК МӘДЕНИЕТ  КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ  АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ  АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Алгоритмдік дағдылардың дамуы барысында оқушылар әрекеттерінің жүйелі жүруіне аса көңіл аударылады. Өйткені, шашыраңқы әрекеттердің нәтижесі болмайды. Мысалы, математикалық есеп шығару үшін, амалдар ретін орындау жоспары құрылады да, сол жоспар бойынша есеп шығарылады. Егер амалдар реті жүйелі болмаса, арифметикалық ережелерге сәйкес келмесе, яғни, жүйеленбесе, оның нәтижесі дұрыс болмайды. Оқушылардың өз әрекеттерін тиімді ұйымдастыра білуі, жүйелі жұмыстануға дағдылануы алгоритмдік мәдениеттілікті қалыптастырады.
Компьютерлік сауаттылықты В.А.Извозчиков пен А.Д.Ревунов ЭЕМ-нің аппараттық және бағдарламалық жұмысының жалпы құрылымын түсіну, оның архитектурасы мен жұмыс жасау қағидаларын, мүмкіндіктерін білу, микропроцессор мен оның қолданылуы туралы түсініктің болуы, жалпы қабылданған терминдерді түсіну мен пайдалану, есепті талдай, алгоритмдік және логикалық түрде ұсына білу, қажетті ақпаратты іздей білу, дербес компьютермен жұмыс дағдыларының болуы және т.б. ретінде түсіндіреді.
“Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін - анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.” Ақпараттық мәденИнформатика кабинете баулымау адамның ойлау қабілетін жетілдірмеумен бірдей. Бұл ұғымды Т.Барсай: “маңызды мәселелерді қабылдап, оларды іс жүзінде шешу үшін пайдалануға болатын білім мен икемділік, оларды тәжірибеде қолданудың негізгі әдістері туралы білім мен дағдының бірлігін айқындайтын жалпы мәдениет элементтерінің бірі,”-деп түсіндіреді.
Ақпараттық құзыреттілік – жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, колледж, лицейлерде компьютер және оған қосымша техниканы (сканер, прин­тер, модем, т.б.), ақпараттық-коммуникациялық технологияны (электрондық кітапхана, почта, Интернет-ресурстар, чаттар, видеоконференциялар, т.б.) ақпаратқа қол жеткізіп, онымен ақпараттық үдерістерді Информатика, цифрлық сауаттылық, АКТ пәндерін оқыту мақсатында пайдалана білу қабілеті.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары оның пән ретінде ерекшеліктері, қазіргі қоғамның ғылым жүйесіндегі орны мен рөлі бойынша анықталады. Информатиканы оқытудың жалпы мақсаты тұлғаның бойында ғылыми көзқарас қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушыларды өмірге, ақпараттық қоғамда еңбек етуге, білімін жалғастыруға дайындау.
Бұл мақсатқа жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:
 ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үдерістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептегіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);
 оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, логикалық, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);
 оқушыларды практикалық және бейіндік бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау қағидалары, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану құзыреттіліктерін қалыптастыру).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет