Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Пәнді оқытудың басты мақсаты –



бет134/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Пәнді
Пәнді оқытудың басты мақсаты – адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген, ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін, зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін тілдің ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.
Пәнді оқытудың міндеттері: тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту; тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту; тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануға баулу; тілдің кумилятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу; танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту; ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру; зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу.
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

  1. Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері;

  2. Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау.

  3. Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары;

  4. Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері;

  5. Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

  6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;

  7. Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі;

  8. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;

  9. Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау;

  10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;

  11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;

  12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

  13. Эссе жазу дағдысын жетілдіру;

  14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

  15. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдері;

  16. Әр сыныпта қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері арасындағы тақырыптық сабақтастықтың жүйеленуі;

  17. Абайтану пәні бойынша Абай шығармаларының тілдік қабатын (лексикалық, образдық, танымдық мәнін) игерту.

27.7 Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени- тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс ұстанымдарды негізге алынады.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
«Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет