Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет152/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» 2-параграфына сәйкес Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептері қызметін жүзге асады.
Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептер облыстардың және республикалық маңызды бар қалалардың білім басқармаларының келісуімен облыстардың және республикалық маңызды бар қалалардың қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ұсынысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.
Мектептің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
Мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері:

  1. жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді міндетті алуы;

  2. отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім

алуы.
Мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен» айқындалады.
Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Қабылдау түзеу мекемесінің басшысымен келісілген Мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізіледі.
Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
Мектептің педагогикалық ұжымы:

  1. мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;

  2. сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;

  3. білім алушыларға сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани- адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

  4. мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;

  5. Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз етеді;

  6. оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет