Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу



бет9/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу


Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Жалпы білім білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу 4 және 9-сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, алған білімі мен дағдыларды өмірлік жағдайларда қолдануына бағытталатын болады.
4-сынып бойынша:

      • оқу сауаттылығы (бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы: бірінші мәтінге – 4 тапсырма, екінші мәтінге – 6 тапсырма),

      • математикалық сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 12 тест тапсырмасы),

      • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 8 тест тапсырмасы) тексеріледі.

9-сыныпта:

      • оқу сауаттылығы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Тест тапсырмаларының саны – 30, оның ішінде әр пән бойынша -10 тест тапсырмасы (ең жоғары балл-30).

      • математикалық сауаттылық. Бір дұрыс жауапты таңдаумен 13 тест тапсырмасы (ең жоғары балл – 13).

      • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Тест тапсырмаларының жалпы саны – 32 (8 контекст, әр контекстке бір дұрыс жауапты таңдаумен 4 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасынан тұрады (ең жоғары балл -32).



Тестілеу кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығына сәйкес «Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған мұғалімдер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен ынталандырылады».









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет