Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет66/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 07 наурыздағы №105 бұйрығының 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану- математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: «Діни таным және мерекелер» бөлімінде оқытылатын Бейімбет Майлиннің «Айт күндері» шығармасының орнына «Ұлттық таным және мерекелер» бөліміндегі Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі,
«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар» бөліміндегі Дениз Райанның «Ауа райы» әңгімесі орнына Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесі, «Заң мен қылмыс» бөліміндегі Дүкенбай Досжанның «Ар соты» әңгімесі орнына «Қоғам және заң» бөлімі болып, Ермек Өтетілеуұлының «Ата заңы» шығармасы енгізілген. Аталған бұйрықтың 11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөліміндегі Әзиз Несиннің «Құрдымға құлдырап барамыз» әңгімесі орнына Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі,
«Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөліміндегі Дильдар Мамырбаеваның «SOS - ана» әңгімесі орнына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы 1,2 кітабы, «Жастар мәселесінің түйіткілдері» бөліміндегі Шыңғыс Айтматовтың «Найман ана» шығармасы орнына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы 3,4 кітабы, «Толеранттылық- ел бірлігі» бөліміндегі Лира Қоныстың «Адам» әңгімесі орнына Сайын Мұратбековтың «Телі өскен ұл» повесі
енгізілген.




    1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптары

«ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы
№ 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте
жүзеге асырылады.
9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 7.5. -кестеде көрсетілген.

7.5-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

10- сынып

2

2

2

2

11- сынып

2

2

2

2

7.6. - кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі



Сы- нып- тар

Қаз- ақ тілін мең- геру- дің дең-
гей- лері

Жыл- дық оқу жүк- теме- сінің көле- мі

Бір саб- ақта мең- гері- летін сөз саны

Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі

Бір апта- да

Оқу жыл- ында

Актив сөздер саны

Норма

Тоқсан бойынша

1

2

3

4

min

maх

5

В 1

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

6

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

7

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

8

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

9

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

10

В 2

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

11




180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

Ескертулар




* 12 сағат (Жиынтық
бағалау)




*Барлығы
2974/3098

9-сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау
туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 39-тармағында былай көрсетіледі:
«9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

  1. орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан».

  1. сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу туралы

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

    1. қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан».

    1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары

Элективті курстар мазмұнына мемлекеттік тілді үйрету, тіл үйренудің инновациялық әдіс-тәсілдері, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс, қазақтың салт-дәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұны, тіл, діл, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады.

  1. «Ұлттық құндылықтар» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында

«Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда ұлттық құндылыққа өткен ата- бабаларымыздың елі мен жері үшін жан аямай жасаған ерліктері бейнеленген тарихты білу, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдер жатады. Ұлттық құндылықтың асқан биігі – «ұят болады» деген сөзде. Бәрімізге үлкен кісілер «ер адамның жолын кеспе, тамақты әуелі үлкендер бастасын, екі қолдап амандас, көп күліп, көп сөйлеме» сынды көптеген тиым салып, бәріне ұят
болады деп бізге дұрыс жолды нұсқаған. Расыменде, ұят бар жерде мәдениет пен адамилық қасиет сақталынып қалары анық. Курстың мақсаты осы айтылғандарды білім алушының бойына сіңіріп, біліммен қатар тәрбие беру.

  1. «Тілім менің–тірлігімнің айғағы» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын мемлекеттік тілге деген құрметті дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын оятып, тілге құрмет көрсету, ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі үшін ең маңызды фактор тіл екендігін ұғындыру.

6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

  1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;

  2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

  3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

  4. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

  5. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

  1. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;

  2. Зерттеу жұмысын жүргізу жолдары;

  3. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

  4. Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі;

  5. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары;

  6. Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу;

  1. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің тізімі

«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген ).

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Рухани адамгершілік тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет