Қазақстан Республикасының патент заңы


-тарау. Қорғау құжатын алу тәртiбi



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131745
1   2   3

5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртiбi

      16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау

      1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi.

      2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтiнiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

      Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

      3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм

      1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).

      2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:

      1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;

      2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;

      3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;

      4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;

      5) реферат;

 6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;

 7) Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  N 237Заңымен.
       Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
      Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

      3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм құжаттары түскен күн бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi.

      4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды сараптама жасау ұйымы белгiлейдi.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм

      1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.

      2. Пайдалы модельге өтiнiмде:

      1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;

      2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы;

      3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы;

      4) сызбалар;

      5) реферат;

      6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
      Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға тиiс.
      Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

      3. Пайдалы модельге өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.

      4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       19-бап. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм

      1. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты болуға тиiс.

      2. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмде:


      1) өнеркәсiп үлгiсi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;

      2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;


      3) Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  N 237Заңымен.

       4) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;

  5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
      Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.

      Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

      3. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.

      4. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы

      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-тармағына, 18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне өтiнiм берiлген күн бойынша белгiленедi.

      2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың iшiнде берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi бойынша белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.

      Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiш берушi өтiнiм берген кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса беруге немесе оны сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына келiп түскен күнiмен белгiленедi.

      3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi және оны берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкiн еместiгi туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгiленуi мүмкiн.V074644

      4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде он екi айда және неғұрлым бұрын берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе, басымдық осы өтiнiм берушiнiң өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн неғұрлым бұрынғы өтiнiмi сараптама жасау ұйымына берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Бұл орайда неғұрлым бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi.
      Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен белгiлеуге болмайды.

      5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң бөлектенген өтiнiм бойынша басымдығы - сол өтiнiм берушiнiң сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнiн ашатын бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгiлеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтiнiм шағым жасауға мүмкiндiгi таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтiнiм бойынша терiс қорытындысы шыққанға дейiн берiлсе, бастапқы өтiнiм бойынша - оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн белгiленедi.

      6. Басымдық бұрын берiлген бiрнеше өтiнiмдердiң немесе оларға қосымша материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар сақтала отырып белгiленуi мүмкiн.

      7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие болғаны анықталса, басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек жiберiлген күнiн дәлелденген сол өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - сараптама жасау ұйымында неғұрлым бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм бойынша белгiленедi.


      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

      21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм құжаттарын түзету

      1. Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгiзуге құқығы бар.

      Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.

     

2. Өтiнiм берушiнiң қорғау құжатын алу құқығын беру кезiндегi нұсқауына қатысты немесе өтiнiм берушi атауының өзгеруi нәтижесiндегi өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету тиiстi төлем төленген жағдайда өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкiн.



      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi; өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.

      1-1. Өнертабысқа патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргiзедi.

      Ресми сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi.

     


2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.

      Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.

      3. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.

      Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.

     

4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.



      Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.

      5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның нәтижесi туралы хабарланады.


      6. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  N 237Заңымен.

       7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және осы Заңның 6-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
      Мәнi бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгендiгiн растайтын құжатты берген жағдайда жүргiзiледi.
      Мәнi бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

     


8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
      Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.

      Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.

      9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды бередi.
      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

      Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы мына жағдайларда:

      1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;

      2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi.
      Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.

      11. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына сәйкес жүргiзiледi.

      12. Өтiнiм берушi сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтiнiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.

      13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.

      Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.

      14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге


                 арналған өтiнiмге сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.


      Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргiзедi, оның процесiнде осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi, оларға қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бiрлiгi талабының сақталуы тексерiледi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс ретiнде қорғалатын   oбъектiге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күнi белгiленедi және мәлiмделген шешiмнiң Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде берiлген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтiнiмдерге, қаралатын өтiнiмнiң басымдық күнiне дейiн сараптама жасау ұйымына берiлген басқа өтiнiм берушiлердiң керi қайтарып алынбаған өтiнiмдерiне қатысты жергiлiктi жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсiпте қолданылымдығына тексеру жүргiзiледi.

      2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесiнде олардың мәлiмделген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.

      Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгiзiлуге тиiс және өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және өтiнiм берушi оны дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.

      3. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады.


      Егер, өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

      4. Өнертабыс бiрлiгi талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өнертабыстың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайда, өтiнiм құжаттарына нақтылаулар енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Бөлектелген өтiнiмдердiң басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.


      Егер өтiнiм берушi өзiне өнертабыс бiрлiгi талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген объектiнi, сондай-ақ онымен өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргiзiледi.

      5. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң өнертабыстар ретiнде қорғалатын oбъектiлерге жататыны, құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса және өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалық және өнеркәсiптiк қолданымдылық шартына жауап беретiн ұсынысты сипаттайтын болса, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.

      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      6. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке терiс қорытындысы:

      1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiге қатысты;

      2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеген;

      3) егер өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалыққа және өнеркәсiптiк қолданылымдық шартына жауап бермейтiн ұсынысты қамтыған жағдайларда берiледi.
      Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап алты ай мерзiмде оған қарсылығын уәкiлеттi органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.

      7. Өтiнiм берушi өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiншi тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн айқындау үшiн ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiшхат бере алады, өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiн бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын oбъектiлерге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру туралы өтiнiшхат берушi адам хабарланады.

      8. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында берiлген немесе үшiншi тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн берiлген өтiнiш хаты бойынша, бiрақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттiң қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайда өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша сараптама өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға тиiстi ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтiнiш хатты өтiнiм берушi жасаған болса, инновациялық патенттiң күшiнде болуын қолдау кезiнде жүзеге асырылады.
      Мәнi бойынша сараптама осы Заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02. N 237 Заңымен.

       23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған өтiнiмге сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi. Егер өтiнiм осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.

      Сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.

      Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.

      2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
      Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.
      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган пайдалы модельге патент беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

      Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.

      4. Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.


      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама

      1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша ресми сараптама және  мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

      2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн мен басымдық күнi анықталады.


      Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресiмделген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды табыс ету ұсынылады.
      Егер өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.

      Өнеркәсiптiк үлгiге берiлген өтiнiмге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етiлген кезде олардың өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.

      Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдей алады, бұл туралы өтiнiм берушiге хабарланады.

      Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн ресми сараптаманың нәтижесi туралы өтiнiм берушiге хабарланады.

      3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсыныстың өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiге жатқызылуы мүмкiндiгiн анықтауды, көркемдiк-конструкторлық шешiм деңгейiн айқындау үшiн мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң осы Заңның 8-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк талаптарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.


      Өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенi туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына табыс етiледi.

      4. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама жасау мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде елеулi белгiлердiң өзгертiлген тiзбесiн сұратуға құқылы.


      Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнi өзгертiлместен табыс етiлуге тиiс.

      Қосымша материалдарға өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұратылған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты белгiленген мерзiмде ұсынбаса, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

      5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтiнiмге мәнi бойынша жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде өтiнiм берушi сұраған көлемдегi құқықтық қорғау мәлiмделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып, өтiнiм берушiмен келiсiлген елеулi белгiлер жиынтығымен бiрге патентке оң қорытынды бередi.

      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы не патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      6. Мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
      Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы, егер өтiнiм өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалмайтын объектiге жататын болса және, егер өтiнiм берушi ол туралы хабарланғаннан кейiн елеулi белгiлердiң жиынтығын өзгертпеген, елеулi белгiлердiң ұсынылған жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болған немесе өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсiптiк үлгiнiң бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргiзiлмеген жағдайда да берiледi.

      7. Өтiнiм берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң сұратқан материалдарының көшiрмелерiн сұрау алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.

      8. Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептер болған және өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген жағдайда қалпына келтiруi мүмкiн.
      Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады.

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.03.02. N 237 Заңымен.

       25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру

      1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.

      2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.

      Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.

      3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.

      4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

      26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау

      1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап он сегiз ай, ал өнертабысқа инновациялық патент, пайдалы модельге патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама жасау ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн.

      2. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  N 237Заңымен.

       3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.

      4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтiнiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.

      6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерiстерi туралы мәлiметтер жариялайды.


      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586, 2007.03.02. N 237 Заңдарымен.

       27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу

      Өтiнiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы.

      28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту

      1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгертуге құқылы.

      2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.

      3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет