Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы



бет10/15
Дата19.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#148135
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Еңбек кодексіне ұлттық біліктілік жүйесін құру және кәсіптік стандарттар әзірлеу жөніндегі құзыретті белгілеу бөлігінде;

2. Жеке кәсіпкерлік туралы, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Қазақстан Республикасының заңдарына ұйымдарда өндірістік практика үшін орын беру және кейіннен біліктілігін бере отырып, персоналды өндірісішілік оқыту (тікелей жұмыс орнында) бөлігінде;

3. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

4. Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңын (жаңа редакцияда) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.

 

 

2.6 Әкімшілік кедергілерді азайту



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде анықталған 1004 рұқсат беру рәсімі түрлерінен 348 рәсімді тоқтату бойынша ұсыныстар әзірленді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда жылына шамамен 880 лицензиялау-рұқсат беру құжат айналымын азайтуды болжайды (29 млн. жуық рұқсат беру құжаты берілді).

2009 жылы 72 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.



Заң кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау-қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістерді оңтайландырып, реттеуге мүмкіндік берді. Тексерістерді оңтайландыруға және реттеуге тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу, тексеру парақтарын, ведомстволық статистикалық есептілік нысандарын бекіту есебінен қол жеткізіледі.

 

 

Негізгі міндет

 

Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. Бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 2011 жылы қысқарту, ал 2015 жылға қарай - тағы 30%-ға қысқарту.

2. Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның көрсеткіштерін 6 позицияға жақсарту.

3. 2009 жылмен салыстырғанда лицензияланатын қызмет түрлерін 30 %-ға қысқарту және лицензиялар, рұқсаттар, келісімдер мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру тәртібін оңайлату.

4. Бақылау-қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдар жүргізетін жоспарлы тексерістердің санын 30 %-ға дейін қысқарту (салық қызметі органдарын қоспағанда); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін негіздер бойынша тексерістерді жою.

 

 

Іс-қимылдар стратегиясы



 

Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайту жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырланатын болады:

Лицензиялық-рұқсат беру және тіркеу жүйесін жетілдіру:

1. Рұқсат беру жүйесін «тарылту»:

рұқсат беру құжаттары мен рәсімдерінің санын қысқарту және олардың түпкілікті тізбесін заңнамалық деңгейде бекіту;

лицензиялау іс-қимылы саласын тарылту, оның ішінде біліктілік талаптарымен қамтамасыз етілмеген лицензияланатын қызмет түрлері мен кіші түрлерін тізбеден алып тастау;

лицензиялау саласына халықаралық, оның ішінде қаржы секторын қоспағанда өзін-өзі реттейтін ұйымдар енгізетін тәжірибені енгізу.

2. Рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және жетілдіру:

«жалғыз терезе» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына және қаржы секторын қоспағанда, барлық мемлекеттік органдарға қолдану. Мемлекеттік органдармен бір рұқсат беру құжатын беру шеңберінде қажетті барлық келісулерді осы құжатты беретін мемлекеттік орган жүзеге асыратын болады;

рұқсат беру құжаттарының алынуына байланысты мынадай жолдармен алынған уақытша шығындар мен ысыраптарды қысқарту: құжаттардың толықтығын қарау мерзімін 2 күнге дейін шектеу; құжаттарды міндетті түрде нотариалды куәландыруды алып тастау; «үндемегені - келіскені» қағидатын енгізу, яғни егер мемлекеттік орган құжатты белгіленген мерзімде бермесе немесе беруден дәлелді себептермен бас тартпаса, құжат берілді, рәсім келісілді деп есептеледі;

хабарлау тәртібін пайдалану саласын кеңейту және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін қысқарту;

рұқсат беру рәсімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін енгізу;

қаржы секторын қоспағанда, е-лицензиялау саласын кеңейту:

2010 - 2011 жж. - олардың аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар - лицензиарлар;

2011 - 2012 жж. - жергілікті мемлекеттік органдар - лицензиарлар.

3. Кәсіпорындарды ашу және жабу рәсімдерін оңайлату.

4. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу рәсімдерін оңайлату.

5. Кәсіпкерлік қызметті нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру:

әрбір мемлекеттік органның қызметінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің реттеуші әсерін талдау (бұдан әрі - РӘТ) рәсімін енгізу;

кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің мемлекеттік органдар жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі сараптау кеңестеріндегі өкілдіктерін кеңейту;

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді 2011 жылғы 1 қаңтарға қарай олардың деңгейін бір мезгілде арттыра отырып (10 мыңнан астам) РӘТ принципінде қайта қарау;

2011 жылға қарай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің дерекқорына жалпылай тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету.

6. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тексеруді оңтайландыру және жүйелеу:

бизнеске құқық қорғау органдары жүргізетін тексерістерді оңтайландыру, қысқарту және регламенттеу;

құжаттардың түпнұсқаларын алып қою негіздерін қысқарту мүмкіндігін қарау;

кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының тергеуге дейінгі тексеру мәселелерін реттеу;

7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын, оның ішінде, бизнесті жоспардан тыс тексеру тәртібін регламенттеу есебінен қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін күшейту;

8. Кәсіпкерлік қызметті техникалық реттеу принциптерін енгізуді кеңейту жолымен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді ырықтандыруды қамтамасыз ету.

9. Қазақстандық қамтуды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

 

 

Заңнаманы жақсарту

 

Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1. «Банкроттық туралы».

2. «Темір жол көлігі туралы»

Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын әзірлеу және қабылдау:

3. «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдарының тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға арналған құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

 

 

2.7 Бәсекелестікті дамыту



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі міндеттерді шешу және кейінгі экономикалық өсімді дайындау кезінде бәсекелестіктің маңызы артады. Әлемдік экономикалық дағдарыс үрдісі тұтастай алғанда бәсекелестіктің дамуына әсер етті.

2009 жылы жүргізілген талдау нәтижелері темір жол саласы, отын-энергетика кешені және телекоммуникация секторы ұзақ уақыт бойы монополияланған және шоғырлануы жоғары нарықтар болып отырғанын растады. Экономика құрушы болып табылатын бұл салалар аралас салалардағы бәсекелестіктің дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестік жеткілікті түрде дамымаған.

Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі жоғары, соның ішінде мемлекет қатысатын кәсіпорындар саны ұлғаюда, бұл бәсекелестік ортаға кері әсер етеді, ал мемлекеттік кәсіпорындарға ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулердің сапасы ете төмен болуда.

 

 

Негізгі міндеттер

 

Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына тең қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін жағдайлар жасау.

 

 

Нысаналы индикатор

 

1. Тауар нарықтарына талдаулар жүргізу

 

 

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тауар нарықтарына талдаулар жүргізу

бірлік

20

20

20

20

20

 

2. Адал бәсекелестікті қорғау (насихаттау)

 

 

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Әділ бәсекелестіктің басымдықтары және негізгі қызмет жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу (БАҚтағы жарияланымдар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу)

бірлік

120

144

145

149

150

Бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері үшін монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (соның ішінде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

бірлік

40

50

55

60

65

 

 

Іс-қимылдар стратегиясы



 

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттің республиканың нарықтарына қатысу үлесін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, экономиканың салаларын монополиясыздандыру, сондай-ақ монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру талап етіледі:

1) монополияға қарсы бақылауды арттыру және қызметтік бейінді емес активтерді жеке секторға беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын ЖШС мен АҚ-лардың қызметін реттеу;

2) бәсекелестікті дамыту және экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру мақсаттарын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу;

3) темір жол көлігімен тасымалдау нарығында:

инвестициялық тарифті бекіту;

магистральдық желілерге және басқа да инфрақұрылым объектілеріне кемсітпей қол жеткізуді қамтамасыз ету;

заңнамаға тиісті өзгерістер енгізе отырып, жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар тасымалдау бойынша бағытқа құқық беру мерзімін 1 жылдан 3-5 жылға дейін ұзарту;

әділ тариф белгілеу мақсатында тоғыстыра субсидиялауды жою және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне тарифтер қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету;

4) әуе тасымалы мен әуежай қызмет көрсетулері нарығында:

әуежай және тасымалдау қызметтерін бөлу;

техникалық қызмет көрсетуде, багажды, жүктерді және почтаны өңдеуде, перронда қызмет көрсетуде, тамақ өнімдерін жеткізуде, бажсыз саудада, автотұрақтарда және т.б. бәсекелестікті дамыту;

авиа компаниялардың әуежайлар мен аэронавигация қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін әзірлеу және енгізу;

бюджеті төмен авиа тасымалдарын кеңейту үшін жағдай жасау, іскерлік және шағын авиацияны дамыту;

авиа тасымалдаушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасау (оның ішінде мемлекеттік көмек беруді бақылау жолымен);

авиа компанияларына және әуежайларға делдалдық құрылымдарды айналып өтіп, авиа ЖЖМ өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

авиа тасымалдаушылардың авиаотынды сақтауы жөніндегі әуежайлардың қызмет көрсетулер ұсынуын және балама отын құю кешендерін салу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

5) телекоммуникация нарығында:

орта мерзімді перспективада телекоммуникация қызмет көрсетулері нарығының экономикалық шоғырлану дәрежесін азайту мақсатында қор нарығында «Қазақтелеком» АҚ акцияларының пакеттерін және тіркелген, ұялы байланыс және Интернет операторларындағы қатысу үлестерін сату;

байланыс операторларының мұқтажы үшін оларды босату мақсатында радиожиілікті конверсиялау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;

жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне тең ашық қол жеткізуді, сондай-ақ айқын әрі кемсітусіз оператораралық қосылуды қамтамасыз ету;

6) мұнай өнімдері мен көмір нарығында:

мұнайды алу-берушілердің МӨЗ қызмет көрсетулеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын жою мақсатында қазақстандық мұнайды толлинг схемасы бойынша Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының МӨЗ-де өңдеу туралы мәселені қарау;

бензинді, дизель отынын, авиациялық керосинді, табиғи және сұйытылған газды, көмірді сату нарығындағы өнімсіз делдалдық құрылымдарды жою;

7) азық-түлік тауарлары нарығында:

ритейлер тарапынан өктемдік фактілерін жою үшін ритейлердің азық-түлік тауарларын жеткізушілермен өзара қатынастарының жеткізушілердің ірі сауда желілеріне кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін және әртүрлі шарттар таңуды жоятын тетігін заңнамалық деңгейде регламенттеу.

 

 

Заңнаманы жақсарту

 

Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдау:

1) бірқатар заңдарды «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;



2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 2010 жылы бағыттар беру мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайту бөлігінде темір жол көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауды субсидиялау тетігін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу;



4) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тәртібін, жеке тасымалдаушылар институтының пайда болуына сәйкес темір жол вокзалдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттаманы қайта қарау және өзгерістер енгізу;

5) әуе кеңістігін пайдалану туралы екі жақты үкіметаралық келісімдерді монополияға қарсы заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру бөлігінде әуе тасымалын реттейтін заңнаманы үйлестіру (оларды кемсітуді немесе әділетсіз бәсекелестік саясатын жоюға бағытталған бәсекелі нормалармен толықтыру);

6) «Темір жол көлігі туралы» Заңға және басқа заңнамалық актілерге инвестициялық тарифті бекіту бөлігіне өзгерістер енгізу;

7) МӨЗ қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін қабылдау.

 

 

2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру



Ағымдағы ахуалды талдау

 

Қазіргі уақытта нормативтік экспансия әдістерімен - техникалық регламенттерде, стандарттарда, аккредиттеу әдістерінде, сәйкестікті бағалау және нарыққа қол жеткізудің өзге де нысандарында мүдделік қолдау арқылы экономикалық тауашаларын жеңіп алу үрдісі бар.

Техникалық регламенттер қабылдау арқылы өнімдердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске жасалатын қысымды азайту, импорттық өнім нарығында қол жеткізуді шектеу мәселелері шешілуде.

Тұтынушылар үшін техникалық регламенттер тұтынатын өнімінің қауіпсіздік кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің түпкілікті талабын қамтитын құжат болып табылады.

Техникалық регламенттер әзірлеу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 97 техникалық регламент әзірлеу жоспарланған, оның 61 бекітілген. Енгізілген түзетулерге сәйкес енді 43 техникалық регламент әзірленіп, қабылдануы қажет.

Бірыңғай кеден одағын құру жұмыстары белсенді сатыда тұр және оның маңызды бағыттарының бірі техникалық реттеу болып табылады.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бірінші кезектегі техникалық регламенттерін әзірлеудің бекітілген кестесіне сәйкес 32 техникалық регламент әзірлеп, қабылдау көзделіп отыр, бұл ретте 24 техникалық регламенттің қазақстандық аналогы бар немесе әзірленуде.

Осыған байланысты, Қазақстанның сапалы әзірленген техникалық регламенттері негізге алынуы тиіс ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерін қабылдау кезінде өз мүддесін талап ету Қазақстан үшін маңызды болып табылады.

Мемлекет пен кәсіпкерліктің мүдделерін теңгерімдеуі тиіс бейімделген техникалық регламенттерді енгізу талап етіледі.

Техникалық регламенттердің талаптарын толыққанды енгізу үшін орташа алғанда кемінде бір жыл қажет, бұл уақытта ведомстволық нормалау, бизнес ортаға әкімшілік қысым жасауды азайту, қажет болғанда өндірісті жаңғырту, сынақ базасын құру жөніндегі шаралар қабылдап, үйлестірілген стандарттар әзірленіп, қабылдануы тиіс.

Бүгінгі күні Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында стандарттау жөніндегі 56 342 астам нормативтік құжат бар, оларға мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар кіреді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 2 791 бірлік қабылданған, оның ішінде 1 846 бірлігі - халықаралық талаптармен үйлестірілген, бұл жалпы үйлестіру пайызының 66 %-ын құрайды.

Салалар бөлінісінде мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі: 1. Машина жасау және машина жасау өнімі (80,3 %); 2. Энергетика және электрлік-техника (57,4 %); 3. Жол-көлік техникасы (72,8 %); 4. Құрылыс материалдары және құрылыс (72,3 %); 5. Жеңіл өнеркәсіп (32,9 %); Ауыл шаруашылығы (47,1 %); 7. Тамақ өнеркәсібі (60 %); 8. Химиялық технология (70,1 %); 9. Металлургия және тау ісі (59,7 %); 10. Мұнай және газ. Аралас өндірістер (92,4 %).

Жыл сайын шамамен 350 мемлекеттік стандарт қабылданады. Бұл белгілі бір шамада жалпы үйлестіру деңгейін 1-2 %-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Индустрияландыру шеңберінде жұмыстарды үдету ескерілді. Сондықтан жыл сайын қосымша 500 стандарт қабылдау қажет және 5 жыл ішінде кемінде 2500 мемлекеттік стандарт қабылдануы тиіс. Бұл ретте, халықаралық талаптармен үйлестіруге көп көңіл бөлінеді.

2008 жылдан бастап ұлттық аккредиттеу жүйесі құрылды, ол барлығы 1059 құрылымды қамтиды, соның 186-ы сертификаттау жөніндегі орган, 541-і сынау зертханасы және 332-сі метрологиялық қызметтер.

Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының желісі тең бөлінбеген, олар негізінен Алматы қаласында, гендік-түрлендіру көздерін айқындау жөніндегі, отын мен автомобильдердің Евро экологиялық талаптарына сәйкестігі, өрт қауіпсіздігі бойынша және басқа да аккредиттелген сынау зертханалары жоқ.

 

 

Негізгі міндеттер

 

Индустрияландыру процестеріне техникалық реттеу құралдарын пайдалану және мыналарға:

1. Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу.

2. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру, менеджмент және технологиялық қайта жарақтану жүйелерін енгізу жағдайларын жасау үшін сапа инфрақұрылымын құру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. 2010 жылды қоспағанда, жыл сайын кемінде 850 мемлекеттік стандарт әзірлеу және қабылдау.

2. Стандарттар енгізудің 16 өңірлік және 10 салалық жоспарын іске асыру.

3. 2012 жылға барлық техникалық құжаттарды бір қорға шоғырландыру және олардың қол жетімдігін қамтамасыз ету.

4. 2014 жылға қарай мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесу деңгейін 65 %-дан 76 %-ға дейін жеткізу (2010 жылы 68 %, 2011 жылы 70 %, 2012 жылы 72 %, 2013 жылы 74 %, 2014 жылы 76 %,).

5. 2010 жылға қарай менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындар санын 2035-тен 3000 кәсіпорынға дейін ұлғайту (2010 жылы 2200, 2011 жылы 2400, 2012 жылы 2600, 2013 жылы 2800, 2014 жылы 3000).

6. 2014 жылға қарай енгізілген техникалық регламенттер санын 90-ға дейін жеткізу, бұл ретте салалар қажеттіліктеріне байланысты оларды өзектендіру болжанады.

7. 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықтарды 60 мәрте жаңғырту (толық жарақтандыру).

 

 

Іс-қимылдар стратегиясы

 

Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу жөніндегі міндеттер шеңберінде:

орталық және жергілікті атқарушы органдар өнімінің қауіпсіздігіне жоғары талаптар мен отандық өнім нарығына қол жеткізудің ерекше шарттарын белгілейтін техникалық регламенттер әзірленіп, енгізіледі;

тәуекелдерге барынша аз араласу және тиімді басқару принциптеріне негізделген мемлекеттік бақылау жүргізіледі;

сынақ, оның ішінде шекара маңы сауда орталықтарын, арнайы экономикалық аймақтар салу шеңберінде, сондай-ақ инвестициялық жобалар шеңберінде сынақ зертханалары құрылады және жаңғыртылады;

аккредиттеу, сертификаттар және хаттамалар жүйелерінің барабарлығы бойынша, соның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу бойынша шаралар қабылданады;

техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті деңгейлерде инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізу жүргізілетін болады.

техникалық регламенттер мен стандарттарды сақтау бойынша техникалық нормалау мен мемлекеттік бақылау жөніндегі саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша кәсіптік мемлекеттік органды құру жөніндегі жұмыстар.

Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдер өндіру, менеджмент және техникалық қайта жарақтандыру жүйесін енгізу үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттер шеңберінде:

нақты өндірістер шеңберінде өнім шығару үшін қажетті озық халықаралық стандарттарға негізделген мемлекеттік стандарттар әзірленіп, қабылданады;

орталық және жергілікті атқарушы органдар өнімге, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымға стандарттар енгізуге бағытталған шаралар ұйымдастырылады;

Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорын құру және оларды халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыру жүзеге асырылады;

менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуді және өнім сапасын арттыруды насихаттау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру, менеджмент жүйесі стандарттарын енгізген кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын субсидиялауды жүзеге асыру тетіктері әзірленеді;

жыл сайынғы мемлекеттік сатып алулар жоспары қалыптастырылып, бекітілген кезде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін көрсету тәжірибесі қайта жаңғыртылады;

техникалық реттеу және метрология саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде бірыңғай орталық құрылады;

салаларды метрологиялық қамтамасыз ету және эталон базасының халықаралық деңгейге баламалығын растау үшін ұлттық эталон базасына жаңғырту жүргізілетін болады.

 

 

Заңнаманы жақсарту

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет