Лекцияның тақырыбы. 1. Пәннің мазмұны, оның мақсаты және басқа пәндермен байланысы. 2. Ұңғымалардың жіктемесі. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері.
Пәннің оқыту мақсаты студентерді мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде технология негізімен және негізгі жабдықтармен жұмыс жасауды үйретуге дайындау.
Пәннің негізгі міндеті бұрғылау техника мен технологияны таңдауды үйрету, қазіргі заманғы бұрғылау жабдықтардың конструкциясы және тағайындалуы бойынша білімін алу болып табылады.
Мұнай және газ саласындағы қазіргі заманғы ізденістер, ұңғымаларды салу циклі, бұрғылау режимін жалпы принциптерін, техника мен технология бір-бірімен айырмашылығын, бұрғылау бағаның технологиялық жабдықтауы, көлбеу және қисайтып-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау мақсаты мен тәсілдерін, көптүптік және көпярусты ұңғымалар, тау жыныстарын бұзушы аспаптар мен тау жыныстарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және өнідірістегі техника қауіпсіздігі сұрақтар бойынша компетентті болу керек. Студент пәндерді оқытқаннан кейін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде технология мен негізгі жабдықтары туралы мәліметтерді білу керек.
Ұңғыманың жіктемесі. Ұңғыманы бұрғылаудың негізгі тәсілдері.
Ұңғыма түрлері.
Регионалдық зерттеу, іздеу, мұнай кенорындарын өңдеу және барлау ұңғымалары келесі категорияларға бөлінеді: а) тіректік; б) параметрлік; в) іздестіру; г) барлау; д) пайдалану.
Тіректік ұңғымалар зерттелген ірі региондардың тереңдікті құрылысының негізгі пішінін меңгеру, шөгінділердің территориалдық және стратиграфиялық бөліну заңдылығын анықтау үшін жобаланады. Ұңғымаларды бұрғылау аяқталғаннан кейін және осы процессте арнайы конструкциямен қарастырылған зерттеулер комплексі жүргізіледі. Тіректік бұрғылаудың қорытындысында мұнай және газдың болжамдық қорына баға беріледі.
Параметрлік ұңғымалар тереңдікті ескірудімеңгеру және мұнайгазжиналудың мүмкін аймағындағы мұнайгаздылықтың перспективаларын салыстырмалы бағалау үшін тұрғызылады. Тіректік ұңғымаларға қарағанда іздестіру жұмыстарыны тездету және негізгі геологиялық тапсырмалары шешуге зақым тигізбей олардың құнын төмендету мақсатымен бұл ұңғымалар керннің қысқартылған таңдалуымен бұрғыланады. Параметриялық ұңғымаларды бұрғылаудың қорытындысында жорамалдық қорлар дәлденуі және С2 категориялы газ бен мұнай қоры анықталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |