Қазақстан Республикасының Президентінің Н


Қалақшалы қашаулардың шифрлары мен өлшемдері



бет27/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
357843 (1)

Қалақшалы қашаулардың шифрлары мен өлшемдері. Қашау шифры оның конструкциялық ерекшеліктері және оның қолданылу аясы туралы мәліметтер береді. Бірінші арапша сан одағы қалақша санын көрсетеді, ал Л әріпі оның қалақшалы екенін білдіреді. Одан әрі қашау диаметрі мм беріледі және жасақ түрі жазылады. Егерде қашау гидромониторлы жүйемен жабдықталған болса, онда Л әріпінен кейін Г әріпі жазылады. Мысалы қашау төмендегідей шифрға ие болса 2Л161М онда екі қалақшалы, жуу жүйесі қарапайым, 161 диаметірлі жұмсақ тау жыныстарына арналған екенін көруге болады. Техникалық жағдайларға байланысты екі қалақшалы қашаулар диаметірі 76 дан 161,1мм етіп, ал үш қалақшалылар 120 дан 469,9мм-ге дейін жасап шығарылады.
Алмазбен немесе қатты қорытпамен қапталған жасақтар тау жынысына әсері бойынша кесіп-опыру құралына жатады. Жасақ негізін алмаз немесе қатты қорытпадан жасалған домалақ формалы пластинкалар және ұш қырлы кескіш құрайды (18- сурет а,б). Пластинка қатты қорытпалы негізден 1 тұрады. Ол пликристалды алмазбен жабылады 2. Алмаз қабыршағының қалыңдығы 0,5-0,7мм. Бұндай пластинкалар қаттылығымен, тозуға тұрақтылығымен және беріктігімен ерекшеленеді. Пластинка тірекке деффузиялық пісіру тәсілімен бекітіледі, сондықтан оның формасы тіс немесе кескіш тәрізді болады (18-сурет г,д).



Сурет 18 - Қатты балқытылған – алмаз пластинка(а), кесуші (б) және (в) тау жыныстарының әсерлесуі мен оларды бекіту (г,д) сызбасы


1- қаттықорытпалы негіз; 2- поликристалдық алмаз қабаты; 3-тірек;


4- қалақша немесе кашау секторлары.


Бақылау сұрақтары
1. Бұрғылау режимі, оның параметрлері?
2. Айналу тербелістердің пайда болу механизімі?
3. Көлденең тербелістердің пайда болу механизімін?
4. Қалақшалы қашаулардың шифрлары?

Әдебиеттер
1. Жантасов М.К., Колдасова А.С., Янгибаев Б.А. Электронный учебно-методический комплекс по дисциплине «Основы нефтегазового дела». – Шымкент. ЮКГУ им.М.Ауезова, 2012. - 13 Мб.
2. Голубев В.Г., Жантасов М.К., Колесников А.С. Основы технологии и техники бурения. Электронное учебное пособие.- Шымкент: Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова, 2016. -192 с.
3. Жантасов М.Қ. Бұрғылау қондырғылары мен мұнараларын монтаждау және пайдалану: Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011.- 100 б.
4. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау қондырғыларын және мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет