«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»

бет3/3
Дата29.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#31135
1   2   3

8-1) жоқ;
9) Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша;

10) судья қызметінде болудың шекті жасына толғанда тоқтатылады.

2. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының судьяны тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.

3. Сот төрағасының не сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:

1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

Тиiстi соттың төрағасын немесе сот алқасының төрағасын  олардың өз тілегі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.

6. Осы баптың 1-тармағының 1-1)-7), 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сондай-ақ төрағаның немесе сот алқасы төрағасының өкілеттіктері олардың өз тілегі бойынша тоқтатылған кезде қызметтен босатуға немесе судьяның өкілеттіктерін тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымдары талап етілмейді.

7. жоқ.

8. жоқ.

34-бап. Төрағаны, сот алқасы төрағасын және судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату

1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:

1) судья орнынан түскенде;

1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;

7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) соттың таратылуына, соттың қайта ұйымдастырылуына, тиісті сот судьялары санының өзгеруіне немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келiсiмiн бермесе;

8-1) аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылғанда;

9) алып тасталсын

10) зейнеткерлік жасқа немесе судья қызметінде болудың шекті жасына толғанда тоқтатылады.

2. Судьяның өкiлеттiгi судьяның кәсіптік жарамсыздығына байланысты, тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшін атқарып отырған қызметіне сәйкессіздігі туралы немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiлігi туралы Сот жюриінің шешіміне немесе қорытындысына байланысты тоқтатылуы мүмкiн.

3. Сот төрағасының не сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:

1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасын немесе сот алқасының төрағасын  олардың өз тілегі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.

6. Алып тасталсын.

7. Аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын қысқартуға байланысты өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда судьяға шығу жәрдемақысы төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде төленеді.

8. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен және 2-тармағымен көзделген судьялардың өкілеттіліктерін тоқтату негіздері теріс себептер болып танылады.

9. Осы баптың 1-тармағының 8-1) тармақшасымен көзделген негіздер бойынша судьяны қызметінен босатуға аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын қысқарту бар бос орын бірліктері есебінен жүргізу мүмкін болмағанда ғана жол беріледі.

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 31-бабының 8-тармағына сәйкес сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкін.

Алайда судьяның келісімі болмаған кезде қызметінен босатылуға жатады. Бұл ретте Конституциялық заңның 34-бабы тек соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметінен босату мүмкіндігін көздейді. Соттың қайта ұйымдастырылуына немесе тиісті сот судьяларының жалпы саны қысқартылуына байланысты босату 34-бапта көзделмеген.

2. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қысқарту мүмкіндігін және оның салдарларын құқықтық реттеу.

3. Конституциялық заңның 34-бабының 5-тармағына сәйкес судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

Егер Конституциялық заңның 34-бабы 4-тармағының редакциясын қолдансақ, онда Жоғарғы Сот судьясы сот алқасының төрағасын қызметінен босату мемлекет Басшысының Жарлығымен жүзеге асырылады. Дегенмен, Жарлықпен Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен емес, тек алқа төрағасының қызметінен босату жүзеге асырылады. Осыған байланысты, Конституциялық заңның 34-бабы 4-тармағының бірінші абзацында «судьялар» деген сөзді артық болғандықтан алып тастау ұсынылады.

4. Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағына сәйкес тиісті сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

Осылайша, төрағалардың және сот алқалары төрағаларының бос орны болмаған кезде осы соттың судьясы қызметінен де босатылуы мүмкін. Бұл туралы Конституциялық заңның 34-бабына ескертпе жасау қажет.

5. Практикада өз жұмысында бұзушылыққа жол берген судья қызметінен өз еркімен немесе өзге де «оң» себептермен босатылатын оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге судьяларды олардың ерікті түрде тілек білдірусіз өз еркімен немесе басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатуға мәжбүр ететін оқиғалар да жоқ емес.

Ұсынылып отырған түзетулер судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұқпау кепілдіктерін арттыруға және бір мезгілде жол берген бұзушылықтары үшін судьялардың жауаптылығының бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4. Судья қызметінен босатудың теріс себептерін нақтылау, өйткені Конституциялық заңның 35-1-бабына сәйкес судьяны теріс себептермен қызметінен босату кезінде қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алып қойылады.

19.

34-1-бап

34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы

Судья қызметінде болуға шекті жасқа - 65 жасқа толғанға дейін жол беріледі, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы

Судья қызметінде болуға әйелдер үшін – 63 жас, ерлер үшін – 68 жас болып табылады.

Судьялар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа жеткеніне дейін судья қызметінде одан болуына Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.

Судья қызметінде болудың шекті жасын белгілеу

20.

35-бап

35-бап. Судьяның орнынан түсуi

1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.

Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейiн болса, он сегiз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде оның соңғы лауазымы бойынша бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.

3. Судьяның орнынан түсуі:

ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;

өз тiлегi бойынша;

Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.

Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.

4. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепiлдiктерден айырылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.

5. жоқ

35-бап. Судьяның орнынан түсуi

1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.

Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

2. алып тасталсын.

3. Судьяның орнынан түсуі:

ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;

өз тiлегi бойынша;

Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.

Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.

4. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепiлдiктерден айырылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.

5. Орнынан түсудің тоқтатылуы орнынан түсуіне байланысты судья қызметінен босату тәртібімен жүзеге асырылады

Орнынан түсуді тоқтату тәртібі жеделдету және жеңілдету мақсатында оны Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша тоқтату көзделеді.

21.

35-1-бап

35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру

1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Судья үшiн Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша мiндеттi зейнетақы жарналары белгiленедi.

Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады.

3. жоқ.

4. жоқ.

5. жоқ.

35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру және орнынан түскен судьяны өмір бойы асырау

1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Судья үшiн Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша мiндеттi зейнетақы жарналары белгiленедi.

Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады.

3. Судья қызметінде 20 жылдан астам еңбек стажы бар орнынан түскен судьяға оның соңғы қызметіндегі жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде ай сайынғы өмір бойы асырау ақысы төленеді, оған салық салынбайды.

Судья қызметінде 15 жылдан 20 жылға дейін еңбек стажы бар орнынан түскен судьяға оның соңғы қызметіндегі жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде ай сайынғы өмір бойы асырау ақысы төленеді, оған салық салынбайды.

4. Орнынан түскен судья зейнеткерлік жасқа жеткен кезде оның таңдауы бойынша оған жалпы негізде зейнетақы немесе салық салынбайтын ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі төленеді.

5. Судьяның орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі тоқтатылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі тоқтатыла тұрады.

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап судьялар үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен судьяның жыл сайынғы табысынан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленген.

Ерекше мәртебені және толық әлеуметтік қамтамасыз етудің конституциялық кепілдіктерін ескергенде, зейнетақы төлемдері мөлшерінің шекті ең жоғары шамасы олардың жеңіл емес еңбегіне шамалас келетін зейнетақы алуына кедергі келтіреді.

Осыған байланысты, заң жобасымен зейнетақы жасына жетуіне байланысты отставкаға кеткен судьяларды өмір бойы асырау институтын енгізу ұсынылады.

Бұрын осындай төлемдер жүргізілгендігін атап өту қажет. Мәселен, «Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы» Президенттің 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1670 Конституциялық заң күші бар Жарлығымен 60-70% мөлшерінде судьяларды өмір бойы асыру көзделген (күші жойылды). Дегенмен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді нашарлатуға тыйым салу белгіленген.

Бұдан басқа, экономикасы біршама дамыған кеңестен кейінгі елдердің көпшілігінде осы төлемдер халықаралық талаптарға сәйкес келетін көлемде жүзеге асырылады.

Таяу шет елдердің ішінде зейнет жасына жеткен судьяларға ең жоғары төлем Украинда – жалақысынан 90%-ға дейін, Ресей Федерациясында – жалақысынан 80%-ға дейін, Әзірбайжан Республикасында – лауазымдық жалақыдан 80%-ға дейін байқалады.

22.

38-бап

38-бап. Судьялардыѕ тјртiптiк-бiлiктiлiк алќалары

Судьяныѕ орнынан түсу ќўќыєын жјне оны тоќтатуды растау үшiн, сондай-аќ судьялардыѕ тјртiптiк жауапкершiлiгi мјселелерiн шешу не судьяныѕ ґкiлеттiгiн тоќтату үшiн, осы Конституциялыќ заѕмен кґзделген жаєдайларда, Республикалыќ жјне облыстыќ тјртiптiк-бiлiктiлiк алќалары ќўрылады.

      Тјртiптiк-бiлiктiлiк алќаларын ќўру жјне оныѕ жўмысын ўйымдастыру тјртiбi, сондай-аќ тјртiптiк iстердi ќарау тјртiбi Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi бекiтетiн Ережемен аныќталады.

алып тасталсын

23.

38-1-бап

38-1-бап. Сот жюриi

Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау үшiн жетi судьядан тұратын Сот жюриi құрылады.

Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiнде материалдарды қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережеде айқындалады.

38-1-бап. Сот жюриі

1. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның орнынан түсу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін он бір судьядан тұратын Сот жюриi құрылады.

2. Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi немесе облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Сот Төрағасының немесе Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының ұсынымы Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiнде материалдарды, тәртіптік істерді қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережеде белгіленеді.

1. Нормаларды нақтыландыру. Практикада Сот жюриінің шешіміне қарамастан, Жоғарғы Соттың Төрағасы өзге негіздер (өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты) судьяны қызметінен босату туралы ұсыным енгізетін оқиғалар болуы мүмкін.

2. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдік қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, Кеңеске теріс себептермен судьяларды босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейтуге, судьяларды теріс негіздермен қызметінен негізсіз босату оқиғаларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

26.

44-бап

44-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер

Тәртiптiк iс жөнiндегi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы;

3) алып тасталды

4) төменгi тұрған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiн өзгерту не оның күшiн жою және iстi жаңадан қарауға жiберу туралы не шешiмдi өзгерiссiз қалдыру туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

44-бап. Сот жюриінің шешiмдері мен қорытындылары

1. Сот жюриі тәртiптiк iс бойынша:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

2. Сот жюриі кәсіби біліктілігіне күмән келтірілген судьяға қатысты материалдарды қарау кезінде:

1) оның атқарып отырған қызметіне сәйкестігі туралы;

2) судьяның кәсіби биліктілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау (судьяны оқуға жіберу, судьяға тәлімгерлік белгілеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және басқа) туралы;

3) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқарып отырған қызметіне сәйкес келмеуі туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

3. Сот жюриінің шешімі мен қорытындысы Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны қызметтен босату туралы тиісті ұсынымды Жоғары Сот Кеңесіне енгізу үшін негіз болып табылады.

4. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны қызметінен босатуға кепілдеме беруінен бас тартуы Сот жюриі шығарған шешімнің немесе қорытындының күшін жоюға және оны қайта қарауға негіз болып табылады.

Нормаларды нақтыландыру.

Практикада тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне қарамастан, Жоғарғы Соттың Төрағасы өзге негіздер (өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты) судьяны қызметінен босату туралы ұсыным енгізетін оқиғалар болуы мүмкін.

27.

45-бап.

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

2. Судья мiнсiз тәртiбiмен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алынуы мүмкiн.

Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

2. Судья мiнсiз тәртiбiмен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн Сот жюриі оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

28.

46-бап

46-бап. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдану

1. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiне өзiне қатысты шешiм шығарылған судья Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына шағымдануы мүмкiн.

2. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Алып тасталсын

Ұсынылып отырған түзету судьяға да, тәртіптік-біліктілік алқасына судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселемен жүгінген адамға да бірдей құқықтар береді. Қазіргі кезде, судьяға қатысты өте жеңіл жаза берілген жағдайда, оған шағымдану үшін құқықтық негіздер жоқ.

Заңның 2-бабына сәйкес судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдік қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, Кеңеске теріс себептермен судьяларды босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейтуге, судьяларды теріс негіздермен қызметінен негізсіз босату оқиғаларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

29.

49-бап

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. жоқ

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

1. Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емдеу орнына жетуге және кері қайтуға судьяның және оның отбасы мүшелерінің жол жүру құнының шығыстары өтеліп, судьяларға сауықтыру үшiн екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. Судьяға оның заң кәсібі бойынша еңбек стажы ескеріліп:

5 жылдан 10 жылға дейін – 5 жұмыс күні;

10 жылдан 15 жылға дейін – 10 жұмыс күні;

15 жылдан астам – 15 жұмыс күні жыл сайынғы қосымша ақысы төленетін демалыс беріледі.

Судьялардың жеке жағдайына әсер ететін жүктеменің артықтығын ескере отырып, жұмыстың жауапты да күрделі болуына байланысты жұмыс стажын ескеріп, қосымша демалыс берген дұрыс деп пайымдаймыз.

«Құқық қорғау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380 Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарына қарай ақысы төленетін қосымша демалыс беріледі.

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407 Заңмен мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылым докторлары үшін ұзақтығы елу алты күнтізбелік күн, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейінділігі бойынша докторлар үшін қырық екі күнтізбелік күн, өзге де ғылыми қызметкрелер үшін отыз бес күнтізбелік күн ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру көзделеді.

30.

51-бап

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.

3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

Судьяларға қызметтік тұрғын үйді беру және оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік қамсыздандыру түрі екендігін ескеріп, судьяларға қызметтік тұрғын үй беру және сатып алу тәртібін уәкілетті орган басшысының өкімімен айқындау қажет деп пайымдаймыз.

31.

55-1-бап

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктерден айыру

Судья өзiнiң қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi бойынша оның өкiлеттiктерi тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығына байланысты Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша:

1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен;

2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктерден айыру

Судья өзiнiң қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешiмi бойынша оның өкiлеттiктерi тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы қорытынды бойынша:

1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен;

2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет