Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да материалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасымалдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатын – тұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.
Материалды игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлінеді. Мысалы, жеңіл автомобиль – бұл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады.
Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп келе жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техник – техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне байланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оны өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туындайды.
Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.
Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру сфераларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсету жүйесі басқа да салаларда (техникалық сервистік қызмет көрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.
Жұмыстарды орындау процедуралары кез-келген объектілердің құрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жөндеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.
Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бөліп көрсетуге болады. Еркін, немесе үнемі қол жетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанағаттандыруға мүмкін болатын игіліктерді айтады. Оларға күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады.
Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер салыстырмалы шектеулі немесе абсолютты шектеулі болып бөлінеді. Бұл жағдайда, оларға деген қажеттілік көлемдері ұсыныстан артады деген сөз. Игіліктердің шектеулігі, аталған игіліктердің мазмұнының шектеулігінде емес (мысалға, сүттің нашар дәмі немесе кинотуындының қызығушылық тудырмайтын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мүмкіндігінің шектеулігінде.
Салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар үшін де және өзінің де қажетті игіліктерге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі игіліктерге адамдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кәсіби функциясы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |