Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл бір немесе бірнеше тұлғалардан құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады және өз мүлкі шегінде ғана барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Ал қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі заңмен тыйым салынбаған, серіктестік көздерінен алынған құрылтайшылардың (қатысушылардың) табыстарынан алынған салымдары есебінен қалыптасады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және 100 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді иелену құқығы және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мүлікке деген құқықтар болуы мүмкін. Жеке мүліктік құқық және басқа да материалдық емес игіліктер түрінде салымдар салуға жол берілмейді.
Жарғылық капиталдың көбеюі келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, оның ішінде резервтік капитал есебінен жарғылық капиталдың көбеюі;
нақты құны баланстық құннан асатын серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталды) қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен жүргізілуі мүмкін;
қалған қатысушылар келісім берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылармен қосымша салымдарды енгізу;
серіктестіктің барлық қатысушыларымен жасалатын қосымша пропорционалды салымдар;
серіктестік құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.
Жарғылық капиталдың азаюы келесідей жолдармен жүзеге асырылады: серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының пропорционалды азаюы; жеке қатысушылар үлестерінің қарыздарын толығымен немесе жартылай өтеу.
ЖШС жоғары органы ретінде қатысушылар мен құрылтайшылардың жалпы жиналысы болып табылады, алқалы орган ретінде басқарма болады.
Достарыңызбен бөлісу: |