Қаржылық менеджмент - ағымдағы және стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде пайда болатын ақшалай ағымдардың қозғалысын ұтымды басқару жүйесі.
Қор биржасы – ұйымдастырылған және тұрақты түрде қызмет ететін бағалы қағаздар нарығы.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде, өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.
Қызмет көрсету аясындағы бизнес – бұл өндірушілер мен тұтынушыларға алуан түрлі қызмет түрлерін көрсету бойынша қызмет. Дәстүрлі қызмет түрлерін: шаштараз, кір жуу және т.б. және іскерлік қызметтерді: консалтинг, маркетинг, инжиниринг және т.б. бөліп көрсетеді.
Л
Лизинг – жалға берушіде меншік құқықтарын сақтап қала отырып мүлікті ұзақ мерзімді жалға алуға негізделген инвестицияларды қаржыландыру тәсілі, машиналарды, құрал-жабдықты және көлік құралдарын орта және ұзақ мерзімді жалға алу.
Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет.
Лицензия – заңмен қарастырылған нақты шаруашылық операцияларын, оның ішінде сыртқы сауда (экспортты және импортты) операцияларды жүзеге асыруға деген құзіретті мемлекеттік органдармен заңды тұлғаларға берілетін рұқсат.
М
Маклер – қор және тауарлы биржаларда делдалдық операцияларды жүзеге асыратын тұлға.
Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс – әрекеттері.
Монополист – нақты тауардың жалғыз өндірушісі. Әдетте, бұл тауарға монополиялы түрде жоғары баға тағайындалады. Нәтижесінде тұтынушылар және қоғам үлкен шығындарға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |