Ќазаќстан республикасыныѕ


КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ



бет16/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

2.КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
2.1 Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандары және ерекшеліктері




2.2.Кәсіпкерлік түрлері және олардың жіктелуі




2.3. Кәсіпорнын құру шарттары және қағидалары




3.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
3.1. Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері және жіктелуі




3.2.Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау




3.3.Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару




4.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС – ЖОСПАР
4.1 Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі, түрлері және қағидалары




    1. Кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асырудың бизнес – жоспары




4.3 Бизнес – жоспарды құрастыру және жасап шығару әдістемесі




5. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
5.1.Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері




    1. .Қаржылық ресурстарды жоспарлау




    1. .Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі




6.КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДЫ КАДРЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Кәсіпкерлік қызметті кадржәне қамтамасыз етудің мәні




7.КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7.1.Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар










БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ




ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




1.Кәсіпкерлік: мәні ,мазмұны және қалыптасу шарттары

    1. Тақырып .Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.


Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс обьектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.
Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым – қатынастағы субьектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал – жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.
Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршал мен жолын ұстанушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.
Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ұстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторларын оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін, және дер кезінде өнімге деген тиімді төлемқабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қарағанда көп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет