Экономикалық мотивтерге кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары табыстарға, дамудың тұрақты қарқынына қол жеткізу, бәсекеқабілеттілікті арттыру, қаржылық жағдайды жақсарту сияқты көрсеткіштер кіреді. Кейде кәсіпкерлер бизнесте тек пайда мотивін басшылыққа алады, сонымен қатар табыс табу идеалдары пайдамен байланысты деп санайды. Шын мәнінде пайда мотиві кәсіпкерлік субъектілері үшін маңызды мәнге ие, бірақта экономикалық мотивтерінің ішіндегі жалғыз фактор емес.
Кәсіпкерлікпен айналысуға деген адамдардың әлеуметтік мотивтері әлеуметтік тиімділікке, ең алдымен бизнеспен айналыса отырып, кәсіпкерлердің қарым-қатынасқа деген объективті қажеттілігін жүзеге асыратындығымен, өмірлік тәжірибе алмасуларымен, әлеуметтік статусқа және қоғамдық танылуға ие болатындығымен, белгілі бір әлеуметік қатынастарға қатысумен анықталады.
Кәсіпкерлікпен айналысуға деген адамдардың психологиялық мотивтері оптималды тұлғааралық қарым - қатынастарды қалыптастыруға, тұлғаның идентификациясына, қоғамда танылуына, психологиялық жайлылық пен өз-өзімен түсінісуге деген кәсіпкерлік субъектілерінің ұмтылыстарымен сипатталады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың физикалық мотивтері бизнес субъектілерінің физикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, организмнің маңызды ресурстары болып табылатын физикалық, психикалық және интеллектуалдық энергияны толығымен жұмсауға деген ұмтылысымен сипатталады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген адамдардың гуманисттік мотивтері бизнеске қатысуда әрбір адамның тұлға ретінде дамуға, өмірдің мәнін түсінуге, этикалық және эстетикалық жайлылыққа қол жеткізілетіндігімен сипатталады.
3.Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің мінез-құлқын анықтайды. Оларға мыналар жатады:
кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;
бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестендіру қағидасы;
мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестендіру қағидасы.
Достарыңызбен бөлісу: |