тақырып.Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары
Кәсіби тұрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ұйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біледі және өз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бұл жағдайларды есте ұстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сөзі негіз дегенді білдіреді. «Қағида» сөзінің жалпыфилософиялық мағынасы оны құбылыс мәнінің құрылымымен байланыстырады.
Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін құраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.
Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:
кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары;
кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары;
кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары;
кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;
кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.
Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеқабілеттілік қағидасын жатқызады.
Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі немесе ұзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын өзі анықтауы қажет.
Кәсіпкерлердің өз миссиясын орындауы олардың кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсеке қабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеқабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалған сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |