Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым-қатынастар сферасында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредиторларға тәуелділік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау. Қаржылық тәуекел фирма қызметін қаржыландыру үшін қарыз алу нәтижесінде фирманың өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық конъюнктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы.
Өзінің қызмет етуі барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:
заңды тәуекел заңнамалық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты;
инвестициялық тәуекел технико-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді. Сонымен қатар жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан, туындайтын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануымен байланысты;
нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;
сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материалды шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалды объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).
Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдйалардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі – «адам-сағат» немесе адам-күн)
Достарыңызбен бөлісу: |