Гуманизмге бағдарланған кеңес беру
Аталған бағыт практикалық психологияда тұлғалық қиыншылықтарға деген психоаналитикалық, бихевиористік және когнитивті тәсілдердің жиынтығына жауап ретінде пайда болды.
Психоаналитикалық тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін жануарлардағыдай төменгі деңгейдегі құштарлықтардың адамдарда да болуын, яғни адам әрекет-қылығының детерминизмі, сонымен қатар кіші жастағы әлеуметтену ерекшеліктеріне тәуелді ересек жастағы тұлғаның әрекет-қылығының алғышартталғандығын қолдану пайдалы нәтиже бермейді.
Бихевиористік тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін адам әрекет-қылығының әлеуметтік контекст ерекшелігінің алғышартталғандығы, адам мен жануар арасындағы әрекет-қылықтың ұқсастығын қолдануға болмайды.
Когнитивті тәсілдерде адамды ақпаратты жинақтау мен өңдеу құрылысы ретінде тану және адам жанының өмірі мен компьютер жұмысының шындықтары арасындағы ұқсастықтар тиімсіз болып келеді.
Берілген тәсілдің негізгі критерийлері:
Жеке тұлға табиғаты кез келген тәрбиелік орта арқылы берілген бір нәрсе емес, ол – ішкі таңдау негізіндегі еркін дамудың ашық мүмкіндігі болып табылады.
Әрбір адам – қайталанбас тұлға, сондықтан да жеке тұлғаны статистикалық зерттеу нәтижесіне кіргізуге болмайды. Алайда бөлек жағдайларды талдау маңызды роль атқарады.
Адамды өзінің құндылықтарының арқасында сыртқы детерминизмнен белгілі біреркін деңгейі бар.
Жануарлар әрекет-қылығы мен адам әрекет-қылығы арасындағы ұқсастық жалған.
Адам табиғатынан толыққанды болып келеді.
Адам өз табиғатының бір бөлігі болып табылатын үздіксіз даму мен өзін-өзі шыңдауға деген күшке бөленген.
Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар:
К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі
И. Ялом мен Р. Мэйдің экзистенционалды тәсілі
В. Франклдың логотерапиясы
Кейбір ғалымдар осыған Ф. Перлздің гештальт-терапиясын да қосады, бірақ бұған оның денелік орталықтанғандығы, дене қажеттіліктері мен психикалық процестер қызметтерінің детерменизмі кедергі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |