Ќазаќстан республикасыныњ


Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары



бет4/35
Дата11.10.2023
өлшемі385.5 Kb.
#480446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ќазаќстан республикасыныњ

Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары
Психоаналитикалық бағыт
З. Фрейд-психоанализдің негізін салушы.
Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техниканы қолдану. Қадамды бағалау жетістіктері және шектеулері. К.Г. Юнгтың аналитикалық психологиясы; құндылықтары, мақсаты, процедурасы, техникалар. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, кеңес берушімен клиенттің өзара әрекеттесуі. Қадамды бағалау; жетістіктері және шектеулері.


Психоаналитикалық бағыт.
Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері; жеке бас құрылымы, сана және санасыздық, қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т.б.)
Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау және өңдеу).
Қадамды бағалау: жетістіктері мен шектеулері. Юнг бойынша санасыздық құрылымы. Юнг және фрейдтің түс талқылауындағы айырмашылықтар. Жеке адам құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және комплекс түсініктері. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.
З.Фрейд классикалық психоанализі.
(1856-1939)
З.Фрейдтің аты Блейрмен бірге 1895 жылы «Исследование истерии» атты кітабын шығарған кезде атақты болды.Ол 3 компонент көрсетті.
1 Ид (лат.тілі «оно»)-тұлғаның тума ,инстинкті аспектілері.Әдетте:эрос(өмірге ,сексуалдықанағаттануға ұмтылыс )және тонатос (агрессияға,өлімге ,сөнуге ұмтылыс)Ежелгі Грецияда эрос –махббат деген мағынада .Ал Платон бойынша эрос-эстетикалық сезім,мейірімділік,әдемілік болса,танатос-өлім құдайы.
2 Эго (лат.тілі «мен»)-шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың бөлігі.ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.
3 Суперэго (лат.тілі «жоғарғы-мен»)-әлеуметтік,қоғамда қалыптасқан ереже нормаларды сақтау.
З.Фрейд сол сияқты «либидо»яғни ұмтылыс,ұғымын еңгізді.
З.Фрейдтің тұлғаныңтопографиялық моделі:
1.Бейсана-ид пен оған қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы орны.
2.Санаалды-әдетте білінбейтін ,бірақ белгілі бір жағдайдың болуында сезіледі .Бұнда эго мен суперэго қатысты.
3.сана-Қоршаған ортамен байланыс . Эго мен суперэго қатысты.
З.Фрейд бойынша психоанализде теорияның мақсаты:
«Идболған жерде,эго болады.»яғни бейсаналы деңгейде болатын психикалы процесс.Адам негізі шындықпен келісу керек.
З.Фрейд «сублимация »туралы жазған.ол қорғаныс механизмі.(өзіндегі жағымсыз ,қажетсіз инстинктивті импульстерден қорғану.)
Классикалық психоанализ әдістері:
1.Емін-еркін ассоциациялар-Клиент емін-еркін болып, ойындағы түрлі көріністерді дауыстап айту.
2.Қарсыласуды интерпритатциялау-Клиент бейсана деңгейінде конфликтілерге,импульстерге қарсыласу мүмкін.
3.Түстерді анализдеу- Фрейд бойынша көрінбейтін құштарлық. «бейсаналыққа хандық жол»
4.Трансфер анализі-орын басу.Мысалы махаббат сезімі кейін зұлымдық сезіміне ауысуы.
5.Эмоционалды қайта оқу-соңғы этаптарда клиентті мадақтау.
6.Интерпритатция-клиентке оның белгісіз нәрселерін түсіндіру.
Интерпритатцияның негізгі ережелері:
1.Тереңге бату
2Клиент қабылдауға дайындығын интерпритатциялау.
3Клиентке қорғаныс механизмдерін көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет