Қазақстан республикасының


Кесте 12. - Жерді жалға беру қүнының есебін анықтау



бет12/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.55 Mb.
#8136
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Кесте 12. - Жерді жалға беру қүнының есебін анықтау







Шаруа қожалық-тарының атауы

Ауда-ны,

га


Бони-тет балы

База-лық

ставка-сы



Жалға беру коэффи-циенті

Мөлшері






Абай ауылдық округі

1

Абай

1012

31

14,47

1,2

17572,4

2

Айгүл

957

26

7,72

1,2

8865,65

3

Ак-әңдық

384

32

15,54

1,2

7160,83

4

Алтай-3

91

35

18,76

1,2

2048,59

5

Алтын-дан

609

25

7,24

1,2

5290,99

6

Анар

200

25

7,24

1,2

1737,6

7

Битол

849

29

9,17

1,2

9342,4

8

Еділ

261

32

15,54

1,2

4867,13

9

Жанабай

145

37

20,88

1,2

3633,12

10

Звезда

261

28

8,68

1,2

2718,58
Кесте 13. - Салық және жерді жалға беру төлем ақысының үлес салмағы




Ауылдық округ атаулары

Жер салығы

Жерді жалға беру

құны

%

құны

%




1

2

3

4

5

6

1

Абай

56783

1.7

122488

3

2

Алакөл

110148.9

3

421066

10

3

Армовир

269823

8

309339

8

4

Бауманский

566233

16

154726

7

5

Буревестник

414069

12

855329

21

6

Егіндікөл

430036

12.7

270987

7

7

Жалманқұлақ

602037

17.7

344698

9

8

Жұлдыз

-

-

476569

12

9

Қоржынкөл

2132267

6

575667

14

10

Ұзынкөл

539319

16

249645

6

10

Жаңақоныс

-

-

130935

3

11

Еңбек Көкшетау ЕМК

202020

6










Барлығы

3403738

100

3911450

100

Базалық ставкалардың инженерлик-геологиялық жағдайларға байланысты түзету коэффициентерін есептеу

Жер учаскелердін инженерлік – геологиялық жағдайларының (ИГЖ) әр түрлі болуына байланысты елді мекендерде, қалаларда құрылысқа керекті жер аумақтарын дайындау, әзірлеу шығындары бірдей болмайды. Сол себептен жалпы жер учаскелерді бағалауда, басқа факторлар мен ИГЖ түзету коэффициентерін есепке алу керек. Мысалы жер аумағының бедері, құрылыс нормалары бойынша 0,5-10,0 градустан аспауы керек, сонда коэффициенті – 1,0 болады. Ал басқа көлемде болса, коэффициенті басқа болады. Сол сияқты геология жағдайы да өзінің түзету коэффициентін береді, негедесең үйлердің, ғимараттардың құрылысының шығыны оған байланысты, және жердің астындағы су горизонтының кашықтығы мен топырақтың түрі де әртүрлі көлемде шығын келтіреді құрылысқа.

Елді мекендер мен калалардың жерлерін кадастрлық бағалағанда ИГЖ үш категорияға бөлінеді (кесте 14.).

Кесте 14. Инженерлік-геологиялық жағдайларды категорияға бөлу және түзету коэффициентері




Факторлар

1

2

3

Бедер, %

0,5-10

10 - 25

25

Коэффициент

1,0

1,10-1,35

1,35-2,0

геология

Кұм, балшық, лесс, отырмай-тын

Құм, балшык, леес, отырмайтын

Отыратын, жылжыйтын

коэффициент

1,00

1,05-1,10

1,25-1,35

Жердің астының суы

Жоқ, 2 м. Төмен

1,0-2,0м.

1м. тереңдікте

коэффициент

1,0

1,02-1,05

1,05-1,15

Жер үстіндегі сулар

Жоқ

1 рет 25 жылда су басады жердің4%

Жиі су басады жерді

коэффициент

1,0

1,15

1,60

Жер сілкіністігі

6 баллға дейін

7-8 балл

9 балл

коэффициент

1,00

1,04-1,08

1,2

Жердің жылжыуы

Жоқ

Шамалы

Көптегі жылжыйтын бедерлер

коэффициент

1,0

1,3-2,0

2,0-4,0

ИГЖ-ның түзету коэффициенттерін есептеуін кадастрлык номері 21-319-019-012 жер учаскесін мысалында көрсетеміз. Жер учаскесінің аумағы бедері 0,5 территорияда орналасқан, коэффициенти – 1,0, геологиялық жағдайының коэффициенті – 1,0. Жер асты сулары 2,0 метр тереңдікте – 0,95, жер учаскеде сулану жэне су басуы жоқ – 1,0. Жалпы біріккен коэффициент мынадай болды: Кигж = 1,0*0,03+1,0*0,04+0,95*0,8+1*0,1+1*0,03=0,96.

Бұл есепте түзету коэффициентер басқа шектеу коэффициентер қолданған. Астана қаласының құрылысқа жарамдығын зерттеген “Қарағанда ГИИЗ и К” жобалау институтының мамандарының ұсыныстары бойынша ең көп әсер беретін фактор болып жер астындағы сулардың жақындығы болып табылды – 0,8, ал басқа шектеу коэффициентері мынадай: 0,03; 0,04; 0,1; 0,03.


Бөлімге сұрақтар:

  1. Жер пайдаланудың ақылылығы деген не?

  2. Мемлекет қай жағдайларда жер учаскелерін тұрақты пайдалану үшін тегін бере алады?

  3. Жалдау төлемін кім белгілейді?

  4. Жер салығының объектісі.

  5. Жер салығының базалық ставкасы деген не?

  6. Жер салығы бойынша жергілікті органдардың құқықтары.

  7. Жер салығы қай жарлықпен реттеледі?

8-тарау. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан республикамызда кәзірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты-есептеуіш жүйесін құру керек.

ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастырын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ – ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе. Оған:


  • жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;

  • басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;

  • жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;

  • басқарылатын жүйеде /жер мониторингі/ болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;

  • жер ресустарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.

Қалыптасып жатқан ЖКААЖ қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. ЖКААЖ жер меншігінің әр түрлеріне негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік құрамында құруда және жүргізуде бұрынғы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған.

Қазақстан Республикасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы.

Республикалық деңгей


  1. Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау

  2. Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру

  3. ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағ-дарламалық және материалдық-техникалық қамта-масыз ету

  4. Ақпаратты қорыту

  5. ЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқыту

  6. Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамта-масыз ету

Облыстық деңгей

  1. Орта мерзімді болашақтық жоспарлау

  2. Картографиялық негіз құру

  3. Ақпаратты қорыту

  4. ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық-техникалық қамта-масыз ету

  5. Мамандарды оқыту

  6. Жұмыстардың сапасын тексеру

Аудандық /қалалық / деңгей

-жер учаскелерін есепке алу;

-учаскелерге құқық куәләндіруші құжаттарды дайындау және беру;

-кадастрлік нөмірлерді беру;

-учаскелер шекараларын анықтау, учаске жоспарын жасау, аудандарды өлшеу;

-кадастрлік карталарды жасау және жүргізу;

-жер кадастрлік кітапқа мағлұматтарды жазу;

-есеп құрастыру;

ақпаратты беру



-жер учаске-лерінің иеле-рін және пайдаланушыларын еспке алу;

-бағалық аймақтау;

-салықтың базалық ставкасын есептеу;

-салық салу-ды жүргізу;

-жерлерді және жерді пайдалану құқығын бағалау


-мониторингті және жерлерді қорғау бары-сын тексеруді жүзеге асыру;

-топырақ және өсімдік жа-мылғысының сапасын және пайдалануын есепке алу;

-жерлерді табиғи-экономикалық аймақтау;

-жерлердің көп параметр-лік карталауын жүргізу



5-сурет

Республикамызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік – аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен ЖК ААЖ тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндетін жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады. /Мем. ҒӨО жер, оның облыстық еншілес кәсіпорындары, аудандық кадастр филиалдары, қалалық және аудандық агенттіктермен қосылу/.

ЖКААЖ республикалық орталығы республикамыздың барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлердегі жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйесін құрудағы үйлестіруші методологиялық, әдістемелік, технологиялық орган болып келеді. ЖКААЖ республикалық орталықтың негізгі міндеттері:


  • республика жер ресурстарын басқару процестер туралы барынша толық ақпараттануы;

  • елдің жер ресурстарын пайдалану және жай-күйінің мәліметтері банкісін белсенді түрде ұстау және жүйелеу;

  • заң, атқарушы органдарды, ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлік ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру;



ЖКААЖ республикалық орталығы

Зерттеу тобы

Еңгізу және оқыту тобы

Материалдық-техникалық қамту секторы




МемҒӨО жер облыстық еншілес кәсіпорын

Мәліметтер базасының әкімі

Сканерлеу тобы

Жұмыс станциялар тобы

Есепке алу тобы

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық

/қалалық/ агенттік



МемҒӨО жер еншілес кәсіпорынның аудандық /қалалық/ жер кадастрлік бюросы /филиалы/

Автоматтандырылатын жұмыс орны

Жерді үйлестіру ізденістер тобы

6-сурет

  • жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;

  • ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу –жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге арналған бір рәсімді құжаттарды ойлап табу;

  • ЖКААЖ қызметкерлерін оқыту және мамандық арттыру;

  • барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және ЖКААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Қазіргі кезде Мем. ҒӨО жер орталық өндірісінде жер

кадастрының ЖКААЖ республикалық орталығы жетілген құрылғыларымен толығынша жетерліктей жабдықталған /құрылғының бір бөлігі Пилоттық жоба бойынша қойылған/.

ЖКААЖ республикалық орталығының компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарының құралы.

Жер кадастрлік құжатты жүргізу және жердің қоры және үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлік мәліметтерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде

1. Фотопланшеттерді өңдеу бойынша топ

АО фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша сканер

Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс

Прин-терлер

Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс

АЗ фото-планшет фрагмент-терін өңдеу бойынша сканер


  1. Актілерді және басқа басылым өнімін шығару

бойынша топ

Актлерді шығару бойынша жұмыс станциялары

Принтерлер

Басылым өнімін шығару бойынша жұмыс станциясы

  1. Жүйелік қолдау тобы

    Плоттер

    Мәліметтер базасының сервері

    Мәліметтер базасының сервері

    Жүйелік қол-дау жөніндегі автомттанды-рылған жұмыс орны

  2. Аудандық және облыстық карталарды құру бойынша графикалық жұмыс станциясы

Принтер-лер

Карталар-ды жасау бойынша графика-лық жұ-мыс стан-циясы

Мәлімет-тер база-сының әкім-шілігі

Принтер-лер

Дигитай-зер

7-сурет
бойынша орындалады. Бұл ақпаратты деңгейлік тұрғыда өңдеуге мүмкіндік береді. Өңдеудің әр деңгейіне кіретін, шығатын құжаттар пайда болады. Кейде сол бір құжаттар бір деңгейде кіретін құжаттар болса, басқа деңгейде – шығатын болып келеді.

Республика және облыстар үшін мұндай құжат болып алқаптар және жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестірілуі туралы есептер, ал аудандар үшін – пайдаланатын жер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы жер пайдаланушылардың есебі. КСРО көлемінде машиналық өңдеуді еңгізуге дейін 4 мыңға жуық инженер-техникалық қызметкерлер жер кадастрының құжаттарын өңдеумен айналысқан. Содан кейін, бірте-бірте есептеу жұмыстарын әр түрлі электрондық есептеуіш машиналар қолданыла бастап, соңғы жылдарда бұл жұмыстар компьютерлене бастады. Жер кадастры мәлеметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:



  1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;

  2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;

  3. Жерлердің және а./ш. алқаптардың сапасын анықтау;

  4. Жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай-күйін анықтау;

  5. Аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу;

  6. Есептік кадастрлік құжаттарды құрастыру.

Кадастрлік процеске компьютерлік технологияны еңгізуге байланысты соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуде автоматтандыру мүмкіндіктері шұғыл кеңейді. Мысалы, жер учаскесін тіркеу кезінде олар және жер пайдаланушылар туралы барлық мәліметтер компьютерлік мәліметтер банкіне еңгізіледі, б.а. ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер кадастрлік кітабына жазылған бар мәліметтер толығымен ақпараттың магниттік таратушысына түсіріледі. Сонымен, жер учаскесін тіркеуде барлық құжаттарымен жер кадастрлік іс қалыптасады, ол қатарласа жер учаскесі туралы барлық ақпарат тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол ақпаратты автоматтық тәртіпте сақтаумен қатар, онымен жұмыс істеуге болады, былай айтқанда жердің негізгі және кезекті есебін жүргізуге болады /аудан, сапалық сипат жөнінде әр жер учаскесі, алқаптар, алқап түрлері және жер санаттары бойынша/.

Қазіргі уақытта жерлердің бар болуы мен үлестіруші олардың санаттар, жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы және алқаптар бойынша кезектегі жылдың 1-қарашасына қосымда кестелерімен бірге есеп беріледі. Осы мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, республика деңгейлерінде толық автоматтандырылған.

Республикамызда жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру жұмыстары жер қатынастарын қайта қараумен қатар бірге жүргізіле бастады. Ең алдымен бұл жұмыстар республикалық МемҒӨО жер, Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық, қалалық комитеттерде басталды. Мысалы, Алматы қаласының қалалық комитетінде 20 астам автоматтандырылған жұмыс орны АЖО бар, барлық қажетті техникамен және бағдарламалық бұйымдармен жабдықталған жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру бөлімшесі құрылды.

Керек техникамен жабдықталған АЖО қаланың 6 аудандық агенттігінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде жер учаскесін тіркеу, жерлерді негізгі және кезектегі есепке алуды жүргізу, барлық деңгейде есеп құру жұмыстары толық автоматтандырылған.

Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

1/ жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

2/ әкімшілік аудан;

3/ учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы;

4/ нысаналы арналуы;

5/ бөлінуі;

6/ пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

7/ учаске ауданы.

Алматы қаласы аудандық жер комитетінде 1997 ж. компьютерлік техника және технологияны пайдаланып, жер учаскелері бойынша құжаттардың және ақпараттың келесі түрлері дайындалып, беріледі:

1/ пайдалану және меншіктеу құқығы актлері;

2/ жер учаскесінің жоспары;

3/ келесі мәліметтерден тұратын ақпараттар:



  • учаске ауданы /координаттар арқылы/;

  • жерлер санаты;

  • жер учаскесіне құқық және құжаттар /құқық, үлес, құқық субъектісі, мекен-жай, тіркелетін салық нөмірі, телефон/;

  • құқық көрсетуші құжат /тіркеу нөмірі, беру уақыты, бекіту құжаты, оның тіркеуіш мәліметтері/;

  • берілген құжат /серия, нөмір, тіркеуіш мәліметтері, күні, айы/;

  • учаскені экономикалық бағалау /экономикалық немесе бағалық аймақ, учаскенің нормативтік құны, бағалық құны, жер салығының құрамы, жалға беру төлемі/;

  • координаттар, қабырғалар ұзындығы, румбтар каталогі.

Кәзір қалалық агенттікте жоспарлы тәртіпте ЖКААЖ әрі қарай даму мәселелері шешіліп жатыр - қолданыстағы "Гео Кад Систем 3 Wіndows" жүйесі негізінде локальды есептеуіш желісін құру. Бұл желі қалалық агенттіктің есептеу орталығы аудандық агенттіктерінің компьютерлік бөлімдерін бірыңғай жүйеге қосады. Сонымен қатар, бірінші кезекті болып бағдарламалық жабдықтау және өндіріске автоматтан-дырылған кадастрлік жұмыстарының келесі түрлерін еңгізу болып табылады:

1/ дигитализация әдісімен Алматы көшелерінің және

кварталдарының М 1:10000 цифрлік карталарын жасау;

2/ М 1:500; 1:2000; 1:10000 топографиялық жоспарларды және карталарды сканерлеу;

3/ Жерді пайдаланушылар және жер учаскесінің иелері бойынша текстік, графикалық бөлікті /ақпаратты/, мемлекеттік актілерді еңгізу және беру.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аудан /қала/, облыс деңгейінде жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерімен мәмілелер туралы ақпаратты жедел жинау, өңдеу, сақтау, жүйелеу үшін Қазақстан Республикасының ЖК ААЖ құру және жүргізу бойынша жоба жүзеге асырылады.

1998-99 жж. МемҒӨО жер облыстық еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құрылымында ЖКААЖ облыстық орталығының қалыптасуы аяқталып, аудандық филиал негізінде ЖКААЖ аудандық орталығының құрылуы басталды. Осы кезеңде автоматтандырылған түрде жер кадастрын жүргізудің негізгі мәселелерін реттеуші нұсқаулық бір қатар құжаттар дайындалды:

- геоақпараттық жүйе-технологиясын /РСУБД ORAGLE/ пайдалануға бағдарланған жер учаскесіне меншік және жерді тұрақты пайдалануға актілерді шығару бойынша бағдарламалар кешенінің желілік версиясы;



  • РСУБД ORAGLE және АКС/ІNFO бағдарламалық өнімдер негізінде геоақпараттық жүйені жүргізу технологиясы;

  • Жер учаскесінің жоспарын дайындау бойынша басшылық;

  • Жерлер мониторингі нәтижелерін өңдеу және талдау бойынша бағдарламалық қамту.

Зерттеу сатысына келесі құжаттар жатады:

  • геоақпараттық жүйе-технология негізінде, тіркеу кварталы ауданының жер кадастрлік карталарын дайындау бойынша нұсқау;

  • "Жер туралы" Жарлық күшіне еңгенше берілген жерге құқық туралы құжаттар және РСУБД ORAGLE жаңа құжаттар бойынша мәліметтердің әртүрлі негіздерін конвертация жөнінде тәжірибелік нұсқау.

ЖКААЖ құрудың жаңа технологиялары және қолданбалы бағдарламалар өндірістік сынаудан Алматы облысының бір қатар аудандары негізінде өтті. Республиканың барлық аймақтарында бұл жүйені игеруге және еңгізуге қаржы-қаражат пен республикамыздың жерді үйлестіру қызметінің материалдық-техникалық жабдықтауының жетіспеушілігі кедергі болып отыр.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық агенттігі Әлемдік банк несиелерін тарта отырып, Алматы, Ақмола облыстары мен Алматы, Астана қалаларының бірыңғай сәйкес бағдарламаларын жасау жөнінде жылжымайтын мүліктер және олармен мәміле құрудың Пилоттық жобасын енгізу бағдарламасына қатысуда. 1999-2000 жж. геоақпараттық технология негізінде ЖК ААЖ жетілдіру бойынша жұмыстар келесі басым бағыттарда жалғастырылды:

Мемлекеттік жер кадастры негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жер кадастрының мәліметтер базасын басқа кадастрлармен бірлестіруге мүмкіндік беретін бірыңғай бағдарламалық өнімді шығару /№14 хаттама, 02.06.1998/:


  • жер кадастрын жүргізу процестерін автоматтандыруға қажет бірыңғай анықтамаларды дайындау;

  • геоақпараттық жүйе /ГАЖ/ технологияларды пайдаланып, көпқабатты векторлық карталар негізінде топырақтық және геоботаникалық картографиялау поцестерін автоматтандыру;

  • ЖКААЖ қызметін атқару бойынша нормативтік, құқықтық, әдістемелік құрақтар жинағын дайындау.

ЖКААЖ әрі қарай дамуы Қазақстан Республикасының

заң министрлігі мен жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Агенттігі жанындағы Пилоттық жобаны дайындау және жүзеге асыру бойынша Топ жоспары жұмысымен байланысты.

Бірінші сатыда /1998-2000жж./ тіркеу мақсаттары үшін жер кадастрын жүргізуді бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу және тесттеу, пилоттық облыстар үшін техникалық спецификациялар және шығындар сметалары жөнінде ұсыныстарды дайындау және Әлемдік банк қарауына беру қарастырылған. Пилотты жоба шегінде негізгі бағдарламалық өнімдерді, ГАЖ өнімдерін тендер нәтижелері шешуші дәрежеде жалпы ЖКААЖ дамуының келешек бағытын анықтайды.

ЖКААЖ облыстық орталығы облыста жер кадастрын автоматты жүргізу үшін қызмет атқарады және кадастрлік мәліметтерді жинау, өңдеу, оларды өзгерту, сақтап жаңарту, кадастрлік ақпараты беру процестерін қамтиды:



  • облыс жер кадастры мәліметтерінің бірыңғай ақпараттық банкін қалыптастыру және ақпаратты ЖКААЖ республикалық орталығына беру;

  • пайдаланатын жерлерді тіркеуге алу және жерлердің сан, сапасын есепке алу тәртібін жетілдіру;

  • ақпаратты автоматтандырылған тәртіппен жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған ашықтық құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

  • жер кадастрлік мәліметтерді облыстық басқару органдарына, жеке және заңды тұлғаларға өз уақытында беру;

  • кадастр мәліметтерін алу, өңдеу және сақтауға автоматтандырылған әдістермен сатылап көшу бойынша ЖКААЖ аудандық орталығы қызметін үйлестіру;

  • ЖКААЖ аудандық орталықтарын картографиялық негізбен, бағдарламалық өнімдермен, материалдық-техникалық құралдармен қамтасыз ету.

Кәзіргі уақытта облыстық Агенттіктері мен басқа органдардың ақпараттық, байланыс мұқтаждықтарды өте әлсіз қанағаттандырылып отыр. Негізінен жер кадастрын жүргізу мен жер учаскелерін тіркеу, жерлерді сандық және сапалық есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жер салығын анықтау, жерлерді бағалау бойынша есептеулерді жасауға байланысты жұмыстар автоматтандырылған.

Өзінің ұйымдасуы бойынша ақпараттық-есептік жүйе автоматтандырылған жұмыс орындарының /АЖО/ көпдеңгейлік жүйесі және мәліметтердің орталық банкісінен, моделдік байланыстың басқа құралдарын пайдаланатын байланыс арналары бойынша телекоммуникациялық айырбас құралдарынан тұруы керек. Ақпараттық-есептік жүйені құру көп материалдық қаржы шығындарын, мамандарды дайындауды талап еткендіктен, жұмыстарды екі сатыда өткізу жоспарланып отыр. Бірінше сатыда ЖКААЖ облыс деңгейінде құрып, ал аудандық деңгейде МемҒӨО облыстық еншілес ұйымдарының аудандық жер кадастрлік филиалдарын құру жоспарымен шектеліп отыр. Қазақстан Республикасында 2000-2003 жж. жерге құқықтықты қамту бағдарламасын бекіту туралы Үкімет қаулысының /Ф253, 16.02.2000ж./ бір пункті облыс маңызындағы қалаларда жер ресурстарын басқару жөніндегі органдары, ал қалаларда және аудан орталықтарында кадастрлық филиалдарды /орталықтары/ ұйымдастыру болып отыр. Осы сатыда ЖК облыстық ААЖ осы жұмыстарды орындаумен қатар, жерді пайдалану және меншік құқықтарына актлерді дайындап, жасап шығару жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бір уақытта осы облыстық жүйе мәліметтер базасын қалыптастыруға, есептелінген координаттар арқылы жер учаскесінің жоспарларын жасауға, электрондық карталарды шығаруға міндетті. Ол үшін МемҒӨО жер басты есептеу орталығында бағдарламалық қамту, зерттеу бөлімдері мен дайындалған мамандар бар.

Екінші сатыда /2003-2005 жж/ құрылған ЖКААЖ негізінде облыс, аудан деңгейлерінде ақпараттық-есептік жүйенің қалыптасуын аяқтау жоспарланып отыр. Мұнда мағлұматтарды жекеден жалпыға топтап қорыту жолымен мәліметтердің деңгейлік негіздерін құру принципін қолданған дұрыс болады.

ЖКААЖ аудандық орталығының негізгі міндеттері:



  • тіркеу мақсатында жер учаскелерін есепке алу жұмыстарын жүргізу, мәліметтер банкін аудан деңгейінде автоматтандырылған тәртіпте жүргізу;

  • жер учаскелерінің шекараларын және кадастрлік нөмірлерін бейнелеп, есептік кварталдардың кадастрлік карталарын /схемаларын/ құру, жүргізу, жаңарту бойынша жұмыстарды орындау;

  • жер кадастрының мәліметтерін алудың, өңдеудің, сақтаудың автоматтандырылған әдістеріне көшуді жүзеге асыру, ақпаратты автоматтандырылған тәртіпте жаңартуды, сақтауды, қорғауды іске асыру және қамтамасыз ету және оған кіруді құқықтау;

  • керек ақпаратты ЖКААЖ облыстық орталығына беру және мәліметтерді мүдделі аудандық басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға беру.

ЖКААЖ-нің қалыптасуының қалып отыруы негізінде

қаржы кемшілігіне байланысты. Тіпті оны жылжымайтын мүлікті және онымен мәмілелерді тіркеу бойынша пилоттық жоба шегінде еңгізу жүзеге асырылатын облыстарда ең басты технологиялық бөлігін әкімшілік аудандардың және есептік кварталдардың электрондық кадастрлік карталарды құруды қаржыландыру қарастырылмаған. Осы карталарсыз ГАЖ-технология негізінде жер кадастрын жүргізу мүмкін емес. Мем ҒӨО жер мамандарының есептері бойынша Алматы облысы электрондық кадастр карталар сериясын жасаудың жиынтық шығындары70млн., соның есептік кварталдар карталарды – 48 млн.тенгеге /квартал-2976/, әкімшілік аудандардың кадастрлік карталарын – 8,2 млн. тенгеге, елді мекен кадастрлік карталарды жасау – 13,8 млн. тенгеге бағаланады. Осы мәселені шешудің бір жолы кадастрдің ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары бойынша жер кадастрлік істерді рәсімдеу және жер учаскелері бойынша құжаттарды беруде ақылы қызмет көрсету жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі өндірістік кәсіпорындарының қаржылық мәселесін шешудің бір жолы болып табылады. Сонымен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі органдардың кәзіргі штаттық саны кадастрлік жұмыстардың барлық көлемін ойдағыдай орындауға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан аудндық, облыстық деңгейлерде МемҒӨО жер облыстық еншілес кәсіпорындарының кадастрлік филиалдарында ЖКААЖ орталықтарын құру керек.

Олар кейбір облыстарды 1999 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады. /МемҒӨО жер Алматы облыстық Қарасай филиалы және т.б./.

Жер туралы Жарлықта Мемлекеттік жер кадастрының бірыңғай жүйесін және республиканың әкімшілік–аумақтық бөлінуіне сәйкес кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру қарастырылған. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі құқықтық аясында мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді мемлекеттік жерді үйлестіру құрылымдарына, олардың өндірістік бөлімшелеріне жүктелетін тәртіппен орнатқан дұрыс болар еді. ЖКААЖ республикалық орталығы кәзірдің өзінде МемҒӨО жер негізінде ұйымдастырылып жатыр. МемҒӨО жер облыстық мемлекеттік еншілес кәсіпорындары негізінде ЖКААЖ облыстық орталықтары құрылып жатыр. ЖКААЖ аудандық /қалалық/ орталықтарын МемҒӨО жер еншілес кәсіпорындарының аудандық кадастр филиалдары негізінде құру қажет. Сонымен қатар жер кадастрін жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жерді үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыруды және жерді үйлестіру процестеріне қатысушылардың өзара байланысын бәсеке негізінде қоймаған жөн деп ойлаймыз. Оның себебі – жер учаскелерін бөліп беруді және графикалық есепке алуды жүргізу үстінен бақылау жоғалтылады деген қауып бар, жер учаскелерін тіркеу және мәліметтердің бірыңғай базасын жүргізу бағдарламасы, активтік мағлұматтар және мәліметтер банкісін сақтау мен пайдалану беріктігі бұзылады. Сондықтан осы жерді үйлестіру жұмыстары жерді үйлестіру қызмет жүйесінің тек қана арнайы кәсіпорындарымен орындалуы керек.
Бөлімге сұрақтар:


  1. ЖКААЖ деген не?

  2. ЖКААЖ орталықтарын қандай деңгейлерде ұйымдастыру керек?

  3. Жер кадастыры бойынша қандай жұмыстар түрлері автоматтандырылған?

  4. Ақпарат мәліметтер банкі деген не?


9. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ТІРКЕУ МЕН ЖЕРЛЕДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, ЕСЕП БЕРУДІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан облыстар мен республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өндірістің табиғи–экономикалық аймақтар және әкімшілік аудандар бойынша жағдайларын даму ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Облыста және республикада жер кадастрінің объектісі сол әкімшілік–аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табылады. Мұнда кадастрдің ең негізді әдісі ретінде жер кадастрлік құжатты жүргізуге, сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс-зерттеулердің мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру, мелиорация және басқа жобаларының мағлұматтарына сүйенген құжаттық әдіс қолданады.

Республика, облыстардың жер ресурстарын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану ауыл шаруашылығында топырақ құнарлығын жоғарылату және пайдалану тиімділігін көтерумен қатар, жер қорын санаттар арасында қайта үлестіруде құнды жерлердің сақталуын және экономикалық қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан кәзіргі кезде жерлерді тіркеудің ролі және мәні өсіп отыр.

Жер учаскелерін тіркеу-кадастрлік іс-әрекет ретінде жер кадастрының барлық құқықтық бөлік негізі деп санаймыз. Оның үстіне нарықтық қатынастарға көшу, Қазақстанда жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік еңгізумен байланысты мемлекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық қорғалуының қажеттілігі туындап отыр.

Бұл жағдай жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің ролін және мәнін одан сайын күшейтеді.

Тіркеуді мемлекеттік жазу деп қарау керек. Оның негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер учаскелерін жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әр түрлі бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және нысаналық орналуына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік тіркеуде есептік–тіркеу бірлігі болып жер учаскесі алынады. Бұл жер учаскесі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер учаскесі бір уақытта пайдалану және меншіктеу құқығының объектісі әрі учаскеге құқық субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-әрекет объектісі болып келеді. Жаңадан құрылған жер учаскесін тіркеу негізі оны бір белгілі мақсаттарда берілу туралы құзыретті мемлекеттік органның шешімі және жерді үйлестіру жобаны орындау мен жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде бекіту туралы құжат болып келеді.

Жерді пайдалану немесе меншіктеу құқығына рәсімдеген акт және учаскенің құрастырылған жер кадастрлік ісінің құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.

Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің міндеті жерлердің құқықтық жайлары туралы мәліметтері жүйеленген және көрнекі түрде жинау мен сақтаудан тұрады. Сондықтан жер учаскесі туралы барлық негізгі ақпарат компьютердегі магниттік сақтауға түсіріледі. Сөйтіп, әр жер учаскесі бойынша ақпарат қолда болғандықтан ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық жерлері бойынша толық ақпаратты біліп отырамыз. Мұнда сақтаушыларға жер учаскелерінің тек қана құқықтық жайы туралы ақпарат түсірілмейді. Сонымен қатар оларға жер кадастрлік іс құжаттарындағы қалған барлық ақпарат /учаскеге құқық субъектісі, орны, нысаналы арналуы, бөлінуі, сервитуттар, ауыртпалықтар, алқаптардың аудандары және құрамы, олардың сапалық сипаттамасы, бонитет баллы, учаскенің құны және т.б. мәліметтер/ түсіріледі.

Былай айтқанда, бір уақытта жерлерді негізгі және күнделікті есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді құрастыру процесі жүріп жатады.

Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.

Жер учаскесінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушы немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауданы, нысанасы, орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің құқықтық жайларында болған өзгерістер /учаскені сату, айырбастау, бөлу, ауданын, шекараларын өзгерту және т.б./ мемлекеттік тіркеу құжаттарында және жерлерді күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер учаскелері тіркелуі керек.

Учаскенің кадастрлік нөмірі, учаскеге құқықты субъектінің аты, оның орны, атқарушы оргадардың актлері, орны, мөлшерлері, учаскенің және жерді пайдалану құқығының базалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитуттар және атқарушы органдар белгілеген жерлерді пайдалану бойынша шектеулер туралы ақпарат /жер кадастрлік іс, магниттік сақтауыштардағы ақпарат/ жазылып, сақталатын тиісті әкімшілік аудандар /қалалар/ деңгейінде мәліметтер жинақталады. Осы көрсетілген мәліметтер меншік түрлері және жерлер санаттары бойынша жүйелендіріледі.

Жер кадастры базалық құжаттарына:



  • жер учаскеснің жер-кадастрлік ісі;

  • тиісті әкімшілік–аумақ бірлігінің мемлекеттік жер кадастрлік кітабы;

  • жер – кадастрлік картасы жатады.

Кәзіргі уақытта осы құжаттардағы /қағаз сақтауыштардағы/ барлық кадастр ақпараты компьютерге түсіріліп, магниттік сақтауыштарда сақталады. Мұндайда текстік ақпаратпен қатар учаскелердің жоспарларын және электрондық карталарды өңдеуге, сақтауға беруге мүмкіндек пайда болады. Сонымен республикамызда жер кадастрының негізгі операцияларын және жұмыстарын жүргізу компьютерлік технология негізінде орындалады, сөйтіп ЖК ААЖ қалыптастыруға жақсы мүмкіндік береді.

Жерді есепке алу дегеніміз – жер ресурстарының мөлшері, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай-күйі туралы мәліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік шаралар. Есепке алудың ең басты міндеті жер қорын алқаптар құрамы, пайдалану туралы, мерзімділігі және аудандар, қалалар, басқа әкімшілік–аумақ бірліктері бойынша сипаттама беру болып табылады.

Мемлекеттік жерді есепке алу сапалы жоспарлы-картографиялық материалдар негізінде жер алқаптарының нақтылы жай–күйі бойынша жүргізіліп, суарылатын жерлерді есепке алуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда ауыл шаруашылық арналуындағы және елді мекендер жерлері мұқият есепке алынады.

Жер кадастры жүйесінде жерлердің сапасын есепке алуда топырақтармен қатар жерлерді де топтастыру жұмысы қарастырылады. Жер қорын топтастырғанда жерлер деп ауыл және орман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде, жерлердің арналуын, қолданылуын және оларды қорғау, жақсарту бойынша шараларды себептеуші өзгеше табиғи–шаруашылық саласы бар құрлықтың ең белсенді сыртқы бөлігінің генетикалық учаскелерін айтады.

Жерге күрделі табиғи–шаруашылық кешен ретінде түсінік бергенде топырақты оның ең негізігі құрамдық бөлігі деп қарайды. Жерлерді топтастыру негізіне олардың жай-күйі және оған сәйкес оларды ауыл шаруашылығында пайдаланылу өндірістік мүмкіндіктері алынады.

Қазақстан Республикасының жер қорын топтастырудағы негізгі таксономиялық бірлігі ретінде еңгізуін жер қорын табиғи–ауыл шаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық түлері және жарамдық санаттары, жер кластары, әр аймақтық түр шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топтары ретінде көрсетіледі.

Жерлердің аймақтық түрлері табиғи–ауыл шаруашылық аймақтар шекараларымен аумақтық беттесіп, табиғи ортаның аймақтық жағдайларын және егіншілік, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы үшін жерлерді пайдаланудың жалпы бағытын көрсетеді. Жер қорын топтастыруда жарамдылығы бойынша жерлер келесі санаттарға бөлінеді:


  1. Жыртылуға жарайтын;

  2. Негізінде шабындыққа жарайтын;

  3. Жайылымды;

  4. Түбегейлі жақсартудан соң ауыл шаруашылық алқаптарына жарайтын;

  5. Ауыл шаруашылық алқаптарға аз жарамды;

  6. Ауыл шаруашылық алқаптарға жарамайтын;

  7. Бұзылған.

Жерлерді белгілі жарамдық санатына, класына, түріне

жатқызу сол немесе басқа алқаптар құрамында оларды пайдалану мүмкіндігінің сипатына, ерекшелігіне кәдімгідей әсерін тигізетін нышандары және қасиеттері арқылы жүргізіледі. Жер алқаптарының саласын және мөлшерін есепке алу жер түрлері шегінде топырақтардың механикалық құрамы, тастану, сортаңдану, батпақтану, бүліну, тұздану дәрежесі, қара шірік мөлшері, жер бедері және т.б. бойынша жүргізіледі.

Жерлердің сапасын есепке алу материлдары алқаптардың трансформациялану, топырақтарды ластанудан, бүлінуден қорғау, жақсарту және рекультивация жолымен жаңа жерлерді игеру резервтерін анықтау, аумақтарды аудандастыру, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесін зерттеу, жер қорларын пайдалануды болжау, жерлерді бонитировкалау және экономикалық бағалау жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу үшін сипаттама мен қажетті ақпаратты береді.

Мемлекетік жер–кадастрлік кітабы 4 тараудан тұрады:



  • бірінші тарауда кадастрлік нөмірі, құқықтық субъект аттары, атқарушы органдардың актлері, құқықтық субъектнің, учаскенің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы бойынша сервитуттар және шектеу-

лер көрсетілген барлық жер учаскелері есепке алынады;

  • екінше тарауда алқаптар түрлері бойынша және бөлек суарылатын жерлердің аудандары есепке алнады;

  • үшінше тарауда жерлердің кластары мен олардың құнарлығына әсер ететін нышандар, жайылым және шабындақтардың мәдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың сапасы есепке алынады;

  • төртінші тарауда жер учаскесінің және жерді пайдалану құқығының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.

Мемлекеттік жер-кадастрлік кітабын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің аумақтық органдарына жүктелген.

Бірінші тарау бойынша жер учаскелерін есепке алу – екі кестені толтырудан тұрады: А-меншік иелерінің және азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері; Б-азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері.

Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке алу үш кестеден тұрады:

А – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі және пайдалануындағы жерлердің барлығы;

Б - азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердің барлығы;

В – суармалы жерлер.

Төртінші тарау үш кестеден тұрады:

А - Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және сая-жай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жазылады;

Б – шаруа /фермерлік/ шаруашылықтар, ауыл шаруашылық кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тәжірибелік станциялар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар жазылады;

В - қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.

Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп, жерлерді негізгі және күнделікті есепке алуды, магниттік сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді /топтау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу әдісімен қосу/, есеп беру мәліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді, ақпаратты беруді, учаскенің, кварталдардың, аумақтардың, аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.

Кадастрлік мәліметтерді дәлдеу және жаңарту мақсатында:



  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар, әкімшілік–аумақ бірліктері әкімінің өкілетті тұлғалары және органдары жылда аудандық агенттікке белгіленген рәсімде жерлер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;

  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі Қазақстан Рсепубликасы аудандары, қалалары, облыстары бойынша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі және пайдалану туралы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй бойынша есеп құрастырады;

  • жылдық есеп беруде ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы және көлемдеріндегі өзгерістері /жеке суармалы және құрғатылатын/, оларды санаттар меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу, мемлекеттік ауыл шаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген жерлер туралы мәліметтер келтіріледі;

  • бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер үшін, төлем алу үшін қажетті мәліметтер, санаттар, алқаптар, меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық бағалау, аумақтың игерілуі туралы мәліметтер келтіріледі.

Аудан /қала/ бойынша есепті агенттік мамандары компьютерде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі және күнделікті есеп мәліметтері мемлекеттік жер кадастрлік кітап формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Учаске иелерінің және жерді пайдаланушылар есептерінің мәліметтері есеп мәліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Содан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толтыру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар текстік /түсініктеме жазу/ және графикалық бөлікпен /аудан немесе қаланың кадастрлік картасымен/ толықтырылады. Есептің цифрлік бөлігі 22 формасы түріндегі мемлекеттік статистикалық есеп болып келеді. Оған қосымша кестелер /форма 22а, үш жер, Ф1 жерді үйлестіру, қосымша кестелер Ф1- Ф2 және т.б./ тіркеледі.
Бөлімге сұрақтар:

  1. Учаскелерді тіркеу бойынша кәзір қандай жұмыстар автоматтандырылған?

  2. Жерлерді есепке алуды компьютерлеудің мәні неде?

  3. Жер жайында статистикалық есептің қандай формалары болады?

  4. Мемлекеттік жер кадастрлік кітаптың мазмұны.



  1. Қолданылған әдебиеттер





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет