Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы



бет7/8
Дата03.07.2016
өлшемі2.11 Mb.
#175196
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция)

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

түсіндірме жазба

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы (2012 жылғы 27 қаңтар) мен 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 89-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қоғамның ақпараттандырылу деңгейі мемлекеттік институттардың жұмыс істеу процесіне, әрбір елдің экономикасы мен қорғаныс қабілетіне тікелей ықпал етеді және бұл процесті жетілдіру оны заңнамалық негізбен және саланың дамуын ынталандыратын кешенді шаралармен қамтамасыз етуді объективті тұрғыдан талап етеді.

Бір жағынан, ақпараттық технологиялар саласын құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) ақпараттандырудың кейбір аспектілерін (ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат және мемлекеттік қолдау шаралары, электрондық қызметтер көрсету және басқалары) қамтымайды және саланың қазіргі даму деңгейінен қалып келеді, бұл ақпараттық-құқықтық нарықты құқықтық реттеуде олқылықтар және оның дамуын баяулату қаупін тудырады.

Айталық, 2009 жылы Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер нарығының көлемі 12,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8%-ға төмендеуге сәйкес келеді. 2009 жылы ақпараттық-коммуникациялық қызметтер ұсыну секторындағы қазақстандық қамту үлесі 30%-дан аспайды: мысалы, тауарлар өндіруде қазақстандық өндірушілер дербес компьютерлер сегментінде басым (2008 жылы сатылған компьютерлердің жалпы көлемінің 70%-нан астамы), бірақ серверлер (14%-дан аз) және ноутбуктар сегментінде (0%) айтарлықтай қалып келеді.

Екінші жағынан, «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақалада ел Президенті жария еткен ақпараттық қоғамға қазақстандық әлеуметті жаңғыртылған процесс арқылы жеткізу міндеті ақпараттандырудың заңнамалық базасын қайта қарауды және осы сала үшін қалыптасып қалған қоғамдық қатынастарды реттеуден басқа, қазіргі басқарушылық, ұйымдастырушылық, технологиялық шешімдер негізінде оны дамытудың перспективалы бағыттарын айқындауды қажет етеді.

Осыған байланысты заңнамада құқықтық негіздерді «бұлттық» есептеулер мен виртуалдандыру технологияларын пайдалана отырып, сондай-ақ отандық өнім берушілерге міндетті түрде қолдау көрсетіп, ақпараттық жүйелерді жасау мен сүйемелдеу жөніндегі жекелеген функцияларды мемлекеттік органдарға аутсорсингке бере отырып, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісіне көшіру қажеттігін атап өту қажет.

Бұл мән-жайлар ұсынылған заң жобасын әзірлеудің алғышарттары болды. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының заңын қабылдау мыналарға байланысты, біріншіден, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы заңдық күші бойынша тең нормативтік құқықтық актімен ауыстырылуы тиіс және, екіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының ережесіне байланысты болып отыр: заңдар аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне қатысты негiзгi қағидаттар мен нормаларды белгiлейді.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты ақпараттандырудың қазіргі халықаралық стандарттарға сай келетін тиімді жүйесін заңнамалық тұрғыдан ендіру арқылы қазақстандық қоғамды ақпараттандырудың одан әрі дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасының реттеу нысанасы қызметті автоматтандыру, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді жасау, пайдалану және қорғау кезінде, сондай-ақ ақпараттандыру саласын дамытуды мемлекеттік реттеу кезінде жеке және заңды тұлғалар арасындағы, оның ішінде мемлекеттік органдардың қатысуымен туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жобасының құрылымы заң жобасының қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған және ақпараттандыру саласын жан-жақты қамтиды. Бұдан басқа, ұсынылған заң жобасы Президенттің Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген «... жаңа заңдар тиісті мәселелерді кешенді шешуге, тікелей қолданылуға тиіс» деген тапсырмасын ескере отырып әзірленді, осыған байланысты мұнда ақпараттандыру саласындағы негізгі рәсімдерді іске асырудың тетіктері қамтылған (мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жасау, бюджеттік жоспарлау кезіндегі салалық сараптама, ақпараттық жүйелерді тіркеу және депозитке беру және басқалары).

Заң жобасының күші барлық нысаналы топтар мен әрбір адамға қолданылады, өйткені ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған ғасырда әркім электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, электрондық көрсетілетін қызметтердің меншік иесі, иесі әзірлеушісі (өнім беруші) және – көбінесе – пайдаланушысы ретінде ақпараттандыру процесінің белсенді қатысушы рөлін атқарады.

Заң жобасын қабылдау азаматтардың құқықтық мәртебесін өзгертуді көздемейді, сонымен қатар, ақпараттандыру саласындағы арнаулы субъектілеріне, атап айтқанда, ақпараттандырудың сындарлы маңызды объектілерінің меншік иелеріне (иелеріне) бірқатар міндеттер жүктеу көзделеді.

Бұл заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру түрінде ілгерінді құқықтық нәтижелерге алып келеді, ол:

- ақпараттандыру объектілері мәртебесінің, оларды қалыптастырудың, қорғаудың және дамытуды қолдаудың. ақпараттандыру субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың және қамтамасыз етудің жекелеген заңдық мәселелерін нақтылаудан;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен пайдаланушылардың осы салада өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылын реттеуден;

- мемлекеттік органдар қызметін автоматтандыру есебінен төрешілдік пен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін құқықтық жағдайлар жасаудан көрінеді.

Заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық нәтижелері:



  • бюджет қаражатын үнемдеу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытудан;

  • ақпараттандыру саласында және экономиканың сабақтас салаларындағы ғылыми-техникалық ілгерілеу;

  • мемлекеттік органдардың уақытша және әкімшілік шығыстарын қысқарту;

  • мемлекеттік органдар қызметін автоматтандыру және олардың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау деңгейін арттыру есебінен мемлекеттік органдармен (ұйымдармен) өзара іс-қимыл жасау кезінде азаматтар мен ұйымдардың уақытша шығыстарын және осы органдарға (ұйымдарға) табыс етілуге тиіс құжаттар санын қысқарту түрінде көрінеді.

Заң жобасын қабылдау онымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін сәйкестендіруді қажет етеді, олардың тізбесі заң жобасына қоса беріліп отыр.

Заң жобасының негізгі ережелерін әзірлеуші қоғамдық тыңдауларда таныстырды (2012 жылғы 27 шілде), сондай-ақ мамандандырылған қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдерін ведомствоаралық жұмыс тобына кіргізу және заң жобасын тұтынушыға сұрақ қойып, ұсыныс (ескертпе) қалдыру мүмкіндігін бере отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталында мен Көлік және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы заң жобасын әзірлеуге жұртшылықтың қатысуы қамтамасыз етілді.

Заң жобасын қабылдау қоршаған орта үшін теріс салдарларға әкеп соқпайды.

Заң жобасын қабылдау және іске асыру тиісті үш жылдық мерзімге арналған республикалық бюджетте белгіленген қаражаттың шеңберінде қаржылық шығындарды талап етеді.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция)

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

анықтама парақ

1

Заң жобасының бастамашысы

(органның толық атауы)



Қазақстан Республикасының Үкіметі

2

Заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының құрамы


«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакциясы) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеу жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі бұйрығымен жұмыс тобы құрылды

3

Заң жобасы бойынша бас комитет





4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентiнде тiркелген күнi




5

Қазақстан Республикасының Парламентi тұрақты комитеттерiнiң заң жобасы бойынша қорытындылары




6

Заң жобасының ғылыми сараптамасы

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, сондай-ақ

«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ жүргізді



Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

ғылыми құқықтық және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалардың қабылданбаған ескертулері анықтама параққа
1-қосымшада көрсетілген

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


ғылыми құқықтық және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалардың қабылданбаған ескертулері себептерінің негіздемесі анықтама параққа 1-қосымшада көрсетілген

7

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

Заң жобасы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің мынадай қорытындылары бар:

1) Қазақстан Ұлттық Телекоммуникация қауымдастығы;

2) Қазақстандық IT-компанияларының қауымдастығы;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.



Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

жоқ

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

жоқ

8

3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар




9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кiмге тапсырылды

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы А.Қ. Жұмағалиевқа

10

Балама жобалардың бар-жоғы

жоқ

11

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң жобасын бiрiншi оқылымда қараған күнi және оның нәтижелерi




12

Заң жобасын пысықтау және оны екiншi оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган




13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзiмi

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің http://www.mtc.gov.kz ресми интернет-ресурсында http://mtc.gov.kz/index.php/kz/o-ministerstve/zakonodatelstvo/proekty-npa/zakony/2217-zakon-respubliki-kazakhstan-ob-informatizatsii-proekt) және «электрондық үкімет» веб-порталында http://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/extra/dop%20stat/article/disc_zprk_inf&lang=ru жарияланды.

14

Комитеттiң заң жобасы бойынша қорытындысы (екiншi оқылымның алдында)




15

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң жобасын екiншi оқылымда қараған күнi және оның нәтижелерi




16

Заңның күшiне енетiн уақыты





17

Өзге де белгiлер





____________________

Қабылданатын «Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция)

Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуының

ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық,

экологиялық салдарының болжамдары

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010 – 2014 жылдарда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21 тармағымен «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу көзделген. 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабының 8 тармағында нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акті мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданатыны белгіленген.

Осы заң жобасын қабылдаудың мақсаты қазақстандық қоғамды ақпараттандыруды оны ұйымдастырудың қазіргі халықаралық стандарттарға сай келетін тиімді жүйесін заңнамалық жолмен енгізу арқылы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасын қабылдаудың мынадай жағымды экономикалық, құқықтық және әлеуметтік салдарлары болмақ:

1) құқықтық – ақпараттандыру саласындағы, соның ішінде реттеушілік (қатынастарды реттеу) және сондай-ақ қорғаушылық (мемлекетті, қоғамды, ақпараттандыру субьектілерін заңсыз әрекеттерден қорғау) сипаттағы заңнамалық базаны құру және жетілдіру;

2) экономикалық:

- мемлекет үшін жаңа технологияларды және ақпараттандырудың жаңа үлгілерін енгізу, ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру есебінен бюджет қаражатын үнемдеу түрінде,

- жеке кәсіпкерлік үшін – ІТ-саласын мемлекеттік қолдау шаралары есебінен бәсекелестікті және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар рыногының дамуын арттыру түрінде;

3) әлеуметтік – халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру; өсіп келе жатқан ұрпақты ұнамсыз сипаттағы ресурстардан қорғауға көңіл бөлу; электронды ресурстарды пайдалану есебінен төрешілдік және сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді төмендету.

Заң жобасын қабылдаудың болмай қалмайтын экономикалық салдарларына мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың сервистік үлгісін енгізуге жұмсалатын шығындарды, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру жөніндегі іс-шараларды жатқызуға болады.

Заң жобасын қабылдау қандай да болмасын экологиялық жағымсыз салдарлар туындатпайды.

«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары жобаларын қабылдауына байланысты өзгертілуі тиіс заңнамалық актілердің тізбесі

1) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

2) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

3) 2007 жылғы 9 қантардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

4) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

5) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі;

6) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасынның Кодексі (Кеден кодексі);

7) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

8) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

9) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

10) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

11) «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

12) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

13) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

14) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

15) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

16) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

17) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

18) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

19) «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

20) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

21) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

22) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

23) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

24) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

25) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.



«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары жобаларын қабылдауына байланысты күші жойылды деп тануға тиіс заңнамалық актілердің тізбесі

«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.



«Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакция) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары жобаларын іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы

ҰСЫНЫСТАР

1) «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

3) «Ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

4) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

5) «Электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

6) «Мемлекеттік органдардың архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі «электрондық әкімдіктің» архитектурасын әзірлеу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

7) «Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

8) «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

9) «Ақпараттандыру объектілерін ақпараттандыру саласындағы маңызды сындарлы объектілерге жатқызу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

10) «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

11) «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, пайдалануға беру, пайдалану, сүйемелдеу, дамыту және пайдалануды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

12) «Ақпараттандыру объектілерін жіктеу қағидаларын және Ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

13) «Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен өзара ақпараттық іс-қимыл қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

14) «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара ықпалдастық қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

15) «Ақпараттық жүйенің, «электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнама, сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

16) «Сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттiк ақпараттық жүйенің, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің, маңызды сындарлы ақпараттандыру саласы объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет