Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтық қорғау туралы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ



бет9/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#136120
1   2   3   4   5   6   7   8   9

17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ

 

94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi

1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиісті жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік резервтің материалдық құнды­лықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қолдану үшін пайдалану уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылық­тарды шығару:

1) оларды жаңартуға байланысты;

2) қарызға беру тәртiбiмен;

3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылық­тарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.

6. Егер материалдық құндылықтарды алушының:

1) бюджет алдында берешегі болған;

2) өзі бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;

3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қарызға беру тәртiбiмен шығарыла алмайды.

7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылық­тарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады.

8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылық­тарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл салым бағасы жалпы сомасының үш пайызының ақысын төлейді.

9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылық­тарды жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен шығару, оларды төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi.

11. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртiбiмен шығару – номенклатурасы өзгерген және кәдеге жаратылған (жойылған) жағдайларда кейіннен салынбай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін - кейіннен салына отырып жүзеге асырылады.

12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат шарт орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады.

13. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны беру бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.

 

95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервті пайдалану

Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың арасында дағдарыс құбылыстары мен қатер төндіретін диспропорциялар туындаған жағдайда, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде нарыққа реттеушілiк ықпал ету үшiн пайдаланылады.

 

96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi

1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және бағаның нарыққа реттеушiлiк ықпал етуі орынды болатын деңгейге жеткен жағдайда, уәкілетті органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне сауда қызметiнiң субъектiлерi – шығарылатын материал­дық құндылықтарды алушыларды, олардың сау­да үстемеақысының көлемiн, бағасын және мөл­шерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құнды­лықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.

2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін пайдаланған жағдайда, сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәландыратын құжаттармен немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен расталған құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі;

2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың және салық берешегінің жоқ екендігі туралы салық органы анықтамасының болуымен расталған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалға алу шартымен расталған, бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды өткізу мүмкіндігі;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе қойма үй-жайларын жалға алу шартымен, денсаулық сақтау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың құжаттарымен расталған, сатып алынатын тауардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ете алатын қойма үй-жайларының болуы.

3. Уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.

Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуді бөлшек сауда арқылы сауда қызметі субъектілері жүзеге асырады.

 

97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету

1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.

2. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды көлік ұйымдары жүкті тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсіз қабылдайды.

Жүкті тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.

 

98-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құн­дылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құнды­лықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттiк резерв жүйесiнiң ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы және оларды сақтау бойынша есепке алу мен есептілік олар жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша есепке алу мен есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.

 

99-бап. Мемлекеттік резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу

Мемлекеттік резервті құрайтын мемлекеттік мүлік­ті есепке алуды уәкілетті орган Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

8-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

 

18-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ,

 ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

 

100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызмет­керлері мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі

1. Азаматтық қорғау органдары уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ өзге де жұмыскерлер қатарынан қызметкерлермен жасақталады.

2. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдеріндегі әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.

4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген, арнаулы атақтар берілген адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің лауазымдарын атқару мемлекеттік өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар мен сыныптық шендерді иеленуге құқық беретін мемлекеттік өртке қарсы қызметтің лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі б???????.

екітеді.


5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қыз­меткерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Респуб­ликасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен реттеледі.

6. Азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыс­керлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік қызмет туралы заңнама­сында реттеледі.

7. Уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім-кешек киеді.

8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органға ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.

9. Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында реттеледі.

 

101-бап. Азаматтық қорғау органдары қыз­меткерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қам­сыздандыру

1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құра­лымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық жалақысына пайызбен мынадай мөлшерлерде еңбек сіңірген жылдары:

1) үш жылдан асқанда – он бес пайыз;

2) бес жылдан асқанда – жиырма пайыз;

3) он жылдан асқанда – отыз пайыз;

4) он бес жылдан асқанда – қырық пайыз;

5) жиырма жылдан асқанда – елу пайыз үстемеақы төленеді.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құра­лымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін өтіл Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.

3. Уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органға ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өзге де қызметкерлері нысанды киіммен және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.

 

102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сон­дай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен ден­саулығын қорғау, оларды медициналық  қам­тамасыз ету

1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұратын жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар болмаған немесе оларда медициналық көрсетімдер бойынша арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде көрсетіледі.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің (әйелдерінің, күйеулерінің, он сегіз жасқа дейінгі балаларының) және олардың асырауындағы адамдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.

Міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған, мертіккен немесе ауырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері мемлекет есебінен санаторий-курорттық емделуге және медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында оңалтуға жіберіледі.

Осы бапта көрсетілген азаматтық қорғау органдары қыз­меткерлері мен өзге де жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен же­ңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқа­руына байланысты босатылған, қызмет өткеруiнiң (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма жылды және одан да көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қолданылады.

Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, уәкілетті органның оқу орындарының курсанттарының медициналық көрсетімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық бөлімшелер мен медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары үшін олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және сана­торий-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.

2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органға ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің емделуде үзіліссіз болып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделуде болудың бұдан да ұзақ мерзімдері көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкердің емделуде үзіліссіз болуының белгіленген мерзімі өткеннен кейін ол одан әрі қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін медициналық куәландыруға жатады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Аталған адамдар медициналық куәландыруға ем аяқталғаннан кейін немесе аурудың нәтижесі белгілі болған кезде жіберіледі.

 

103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк  кепiлдiктерi

1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.

3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерiнде;

2) үшінші топтағы мүгедекке – жалақысының екi еселенген жылдық мөлшерінде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.

6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.

7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралым­дарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқа­рушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.

8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.

9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру- Қазақстан Респуб­ликасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызмет­тері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыс­керлері үшiн белгiленген құқықтық және әлеу­мет­тiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолда­нылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеу­меттік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құра­лымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құт­қарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады.

9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

104-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру

1. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) ұйымдардың қаражаты;

3) азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.

105-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауап­ты­лық

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу

Азаматтық қорғау саласындағы дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешеді.

 

107-бап. Азаматтық қорғау саласындағы халық­аралық  ынтымақтастық

Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халық­аралық ынтымақтастықтың мынадай бағыттарына:

1) шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйым­дармен бірлесіп, тұрақты негізде төтенше жағдайлар мониторингін және болжамын жүргізуге;

2) төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жасау және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарды құруға және олардың қызметін қамтамасыз етуге;

3) шет елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге;

4) қазақстандық мамандарды шет елдерде оқытуға;

5) шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасында оқытуға;

6) Қазақстан Республикасында және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқу-жаттығулар мен тренингтер өткізуге;

7) төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаудың әртүрлі аспектілері бойынша ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыруға қатысады.

 

108-бап. Шетелдіктердің, шетелдік және ха­лықаралық ұйымдардың Қазақстан Респуб­ликасының аумағындағы халықты азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі

Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою жөніндегі қызметі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, жүзеге асырылады.

 

20-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

109-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақ­стан Республикасының Заңы (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж.,     № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);

2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж.,                   № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж.,  № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат;  № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);

3) «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);

4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж.,          № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж.,  № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);

5) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат);

6) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнер­кә­сіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуір­дегі Қазақ­­­стан Республикасының Заңы (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат).

 

Қазақстан Республикасының Президенті



Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 сәуір



№188-V ҚРЗ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет