1. Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады 2. Осы Кодекстiң 67-бабында көрсетілген салық декларацияларын жасау үшін есепті кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.»; -
364-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлеушiлер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.»;
-
368-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттарының талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Осы тармақтың ережелері осындай сатып алу-сату, айырбастау шарттары тиісті салық органына табыс етілген жағдайда қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында салық органдары салықты есептеуді көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.»;
-
391-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей төлейдi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
-
406-баптың 10-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салық қызметі органдары мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны есепті салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:»;
-
409-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін тіркелген объектілер;
2) пайдалану фактісі есепті салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша жүргізеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей, жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) оларға құқық есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі есепті салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша жүргізіледі.»;
9-тармақ алып тасталсын;
-
416-бап алып тасталсын;
-
417-бап алып тасталсын;
-
17-бөлім алып тасталсын;
-
427-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен төлем көзінен салық агентінің салық салуға жататын табыстардың;»;
-
428-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, карттарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметке қолдануға құқылы жоқ.»;
-
429-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық кезеңінде табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 150 еселенген мөлшерінен аспайтын;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсташылығы және балташылық жұмыстарды;
едендерді жабу және қабырғаларды қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуді;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
жылжымайтын мүлікті жалға беруді;
көлік құралдарын жалға беруді;
ойын-сауық және спорт құрал-саймандарын прокатқа және жалға беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді жалға беруді;
өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа және жалға беруді;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жалға беруді;
есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдықтарын жалға беруді;
спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастырушы мамандарға білім беру саласында көрсетілетін қызметті;
мәдениет аясында білім беру саласында көрсетілетін қызметті;
өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметті;
қосалқы білім беру қызметін көрсетуді;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді мен перифериялық жабдықтарды жөндеуді;
коммуникациялық жабдықтарды жөндеуді;
жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараздық қызмет көрсетуді;
маникюрді және педикюрді;
ветеринарлық қызмет көрсетуді;
жер учаскелерін өңдеу жөнінде қызмет көрсетуді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу жөнінде қызмет көрсетуді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар қызметін көрсетуді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолданады.»;
-
442-баптың 1-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген шаруа немесе фермерлік қожалық басшысының (мүшесінің) табыстарын қоспағанда, шаруа немесе фермерлік қожалықтардың қызметiнен түскен табыстардан, оның ішінде осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;»;
-
556-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) камералдық аудит;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Камералдық бақылау, камералдық аудит, салықтық тексеру жүргізудің және осындай тәртіп жүргізілетін адамдардың тізбесін уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындалады.»;
-
557-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
11) жеке тұлғалардың декларацияларын табыс еткен жеке тұлғаның ЖСН туралы;
12) жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;
13) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялауға жататын жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген табыстардың жалпы сомасы туралы мәліметтерді қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) туралы салық қызметi органы және (немесе) салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.»;
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық құпиясы салық қызметі органдары лауазымды адамдарының және (немесе) салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) қызметкерлерінің, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жария етуіне жатпайды.
5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығының (ҚӨО) қызметкерлері, сондай-ақ салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.»;
-
558-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, камералдық аудит нәтижелері туралы қорытындыны, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік ету шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;»;
-
574-баптың 1-тармағы 8) тармақшасы алып тасталсын;
-
581-бапта:
12) тармақшада:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«аудиттелетін жеке тұлғаның;»;
он бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, аудиттелетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді салық қызметі органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде табыс етуге міндетті.
Осы баптың 12) және 12-1) тармақшаларында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;»;
-
583-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті тұлғалардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Нотариустар жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша:
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктер, сондай-ақ құқығы және (немесе) мәмілесі мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы;
2) қабылданған мұра туралы;
3) егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы тармақта көрсетілмеген басқа мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген ақпараттың нысанын, табыс ету тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу арқылы белгілейді.
7-2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым салық қызметі органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша аудиттелетін бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғалар туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.
7-3. Брокерлер салық қызметі органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша бағалы қағаздары немесе тауар биржасында өткізілген биржа тауарлары бар аудиттелетін жеке тұлғалардың мәмілелері туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.
7-4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға уәкілетті органға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Орталық атқарушы органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысанда, мерзімдерде және тәртіппен жеке тұлғалар туралы қолында бар мәліметтерді табыс етуге міндетті.
7-5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық қызметі органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен аудиттелетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді табыс етуге міндетті.
7-6. Білім беру ұйымдары салық қызметі органының Қазақстан Республикасының аумағында аудиттелетін жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстарын растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен мәліметтер беруге міндетті.
7-7. Денсаулық сақтау субъектілері салық қызметі органының Қазақстан Республикасының аумағында аудиттелетін жеке тұлғаның медицинаға жұмсаған шығыстарын растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда және тәртіппен мәліметтер беруге міндетті.»;
-
584-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық есептілігінің табыс етілген күні:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен табыс еткен кезде – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күні;
2) электронды түрде табыс еткен кезде – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні;
3) өзі келу тәртібімен табыс еткен кезде – салық қызметі органдарының осы Кодекстің 68-бабы 3-1, 3-2-тармақтарында көрсетілген салық есептілігін қабылдау күні болып табылады.
2. Салықтық өтініштің табыс етілген күні:
1) өзі келу тәртібінде табыс еткен кезде – салық қызметі органдарының өтінішті қабылдаған күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен табыс еткен кезде – салық қызметі органдарының қабылдаған күні;
3) электронды түрде табыс еткен кезде – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Жеке тұлғалардың декларация табыс еткені туралы ақпарат:
пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен табыс етілген жағдайда – пошта байланыс ұйымының хабарламасында көрсетілген, декларация қабылданған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде;
электронды түрде табыс етілген жағдайда – салық есептілігінің қабылданғаны туралы электронды хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабы қабылдаған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган сайтында орналастырылады.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияны қоспағанда, салық кезеңі көрсетілмесе, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі. Бұл ретте осындай декларация табыс етілетін салық кезеңі, осы Кодекске сәйкес айқындалады, немесе»;
-
588-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда, салық қызметі:
1) салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
2) камералдық аудит нәтижелері бойынша;
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша;
4) камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға жеке тұлғаның шағымын қарау қорытындылары бойынша салық қызметі органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.»;
-
590-бап мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация бойынша қалыптасқан, бюджетке төлеуге жататын жеке тұлғаның табысынан есептелген жеке табыс салығының сомасы салық органында жеке тұлғаның дербес шотында:
1) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – орналасқан орны бойынша;
2) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.
4. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетудің расталған сомасы жеке тұлғаның дербес шотында осы Кодекстің 606-4-бабының
7-тармағында көзделген қорытындының негізінде осы Кодекстің 179-бабы
1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық органында көрсетіледі.»;
-
591-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) камералдық аудит нәтижелері туралы;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға жеке тұлғаның шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарламалардың негізінде жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке жазылған соманы есепке алу камералдық аудиттің немесе салықтық тексерудiң аяқталған күнi көрсетiле отырып және осы Кодекстiң 92-1, 93 және 94-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беру мерзiмдерi ескерiле отырып жеке шотта жүргiзiледi.»;
-
599-бапта:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің осы бабы және 600, 602 және 606-5-баптарының мақсатында:»;
-
83-тарау мынадай мазмұндағы § 2-параграфпен және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4, 606-5-баптармен толықтырылсын:
«§ 2. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару
606-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлға осы Кодектің 159-1-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша асып кету туындаған кезде, осы тарауда көзделген тәртіппен салық қызметі органы жүзеге асыратын салыстырып тексеруден кейін осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке табыс салығы бойынша осындай асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.
2. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады.
606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру
-
Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – салық қызметі органдары жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау мақсатында жүргізетін рәсім.
-
Салыстырып тексеру барысында:
-
жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкі туралы декларацияларында көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті адамдардың деректерімен салыстыру;
-
салық шегерімдерін қолдану негізділігін және осы Кодекстің
156-1-бабына сәйкес салық шегерімдері деп танылатын шығыстардың сомаларын растау;
-
есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау;
4) осы Кодекстің 606-3 және 606-4-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі.
606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
-
Салық қызметі органы салық агенттерінің тиісті мәліметтерімен салыстырып жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мынадай мәліметтерді тексереді:
-
төлем көзінен салық салынатын табыстар;
-
осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын табыстар;
-
төлем көзінен салық салуға жататын табысқа қолданылған осы Кодекстің 156-1-бабында белгіленген салық шегерімдері;
-
төлем көзінен салық салуға жататын табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасы.
-
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі
-
Салық қызметі органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация табыс етілген жылдың
15 қазанынан кешіктірмей:
1) тиісті уәкілетті адамдарға – жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға жұмсалған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты;
2) жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетілетін медициналық қызметті алғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын табыс ету қажеттілігі туралы сұрау салуды;
3) банктерге немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы талапты жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға талаптар:
1) электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға – веб-қосымша арқылы немесе хабарламаны кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды тәсілмен;
2) электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
3. Салық қызметі органдарының талаптарында көрсетілген жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған шығыстар туралы мәліметтерін растауды уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің 581, 583-баптарында белгіленген мерзімдерде:
1) электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаны кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды тәсілмен;
2) электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.
4. Осы бапта көзделген салық қызметі органдары талаптарының нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы белгілейді.
5. Уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық қызметі органдарының талаптарында көрсетілген мәліметтерді осы Кодекстің 581, 583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық қызметі органдары жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей жеке тұлғаға медициналық қызметтерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын табыс ету қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайда, жеке тұлға келу тәртібімен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша салық органына:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық қызметтерге;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы медициналық қызметтерге және білім беру қызметтеріне ақы;
3) жеке тұлға тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын табыс етеді.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын белгіленген мерзімде табыс етпеу жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамау және осы баптың 7-тармағы 3) тармақшасында көзделген қорытынды жіберу үшін негіз болып табылады.
7. Уәкілетті адамдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алған мәліметтері, осы бапқа сәйкес табыс етілген жеке тұлға құжаттарының түпнұсқалары негізінде салық қызметі органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растайды және мынадай:
1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толығымен растау туралы;
2) толық растамау себептері көрсетілген бөлігінде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау туралы;
3) себептері көрсетіле отырып, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамау туралы қорытындыларды қалыптастырады.
8. Осы баптың 7-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар:
1) электронды салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электронды тәсілмен;
2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
9. Салық қызметі органдары толығымен растаған жеке табыс салығы бойынша асып кету сомалары туралы мәліметтер жеке тұлғаларға осы Кодекстің 92-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.
606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі
-
Осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке тұлға мәлімдеген жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасының шегінде толығымен немесе осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген бөлігінде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау туралы қорытынды негізінде жүргізіледі.
2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы артық төленген салық, төлемақы, алым және өсімпұл сомасын есепке жатқызу жүргізу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіпте жеке табыс салығы бойынша асып кетуді салықтар, алым, төлемақылар бойынша бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызады.
3. Салық берешегі өтелгеннен кейін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген талапқа орай алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі.
4. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талабында көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
-
Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі.
-
Жеке тұлға жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда бір мезгілде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару бойынша талаптарды көрсеткен жағдайда салық органы дәйекті түрде алдағы төлемдер есебіне жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызудан кейінгі қалған бөлігінде банк шотына қайтаруды жүргізеді.
7. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу табыстар мен мүлік туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей жүргізіледі.
Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген табыстар мен мүлік туралы декларацияны табыс еткен кезде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
Табыстар мен мүлік туралы декларация, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап және банк шотының деректемелері көрсетілетін бөлігінде табыстар мен мүлік туралы қосымша декларация осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімнен кеш табыс етілген жағдайда, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару осындай табыстар мен мүлік туралы декларацияны табыс ету күнінен бастап он екі айдың ішінде жүргізіледі.
8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
-
607-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді салық төлеушінің (салық агентінің) орындау қажеттігі туралы хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) камералдық аудит нәтижелері туралы:
осы Кодекстің 626-4-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, – жеке тұлғаға осы Кодекстің 626-4-бабы 1-тармағына сәйкес жасалған камералдық аудит нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы Кодекстің 626-4-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, – жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау үшін осы Кодекстің 626-4-бабы 4-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы Кодекстің 626-4-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, - осы Кодекстің 626-4-бабы 5-тармағында белгіленген салық қызметі органының камералдық аудит нәтижелері туралы қорытындыға жеке тұлғаның наразылығын қарау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы,
Достарыңызбен бөлісу: |