2-бап. Мыналар:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 25-1-бабы 1-тармағының
1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда:
«1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде табыс етілген жеке тұлғалардың декларацияларын электрондық түрге келтіру;» қолданылады деп белгілей отырып, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 3-тармағының 1) тармақшасының қолданысы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда:
«1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде. Бұл ретте жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар, сондай-ақ жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларациялар салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) арқылы жіберіледі;» қолданылады деп белгілей отырып, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін;»;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабының қолданысы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бап мынадай редакцияда:
«178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуі
1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 182 және 184-баптарында өзгеше белгіленбесе, салық салынуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын жеке тұлға дербес есептеуді, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, жеке тұлға тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы салық кезеңіне дербес жүргізеді.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын тиісті табысының салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 166-бабы 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерден басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді» қолданылады деп белгілей отырып, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін;
4) 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 187-1, 187-2, 187-3, 187-4, 187-5-баптарының қолданысы:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар;
2) мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
қызметкердің лауазымы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса; жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса;
салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның қызметкерлері;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты тоқтатыла тұрсын.
5) Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 2-тармағының қолданысы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткені туралы салық органынан алынған анықтаманы жұмыс орны бойынша ұсынады.»
3-бап. Салық қызметі органдары жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация мен жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткен мынадай жеке тұлғаларға қатысты:
1) 2017 – 2019 жылдардың ішінде – 2017 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету бойынша міндеттеме жүктелген жеке тұлғаларға;
2) 2018 – 2020 жылдардың ішінде – осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаларға жоспарлы салық тексерулерін, камералдық аудит өткізуді жүзеге асыруға құқы жоқ.
4-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанға тіркелген салық, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2018 жылғы
1 қаңтарға тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есептік сомасына кемітілген активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды.
Осы баптың мақсаты үшін активтерді сатып алу құны негізгі құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға шығыстардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған материалдық емес және биологиялық активтердің, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабы 1) -5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды (шығындарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтердің құнын арттыратын басқа да шығыстардың жиынтығы болып табылады.
Амортизацияның есептік сомасы мынадай тәртіпте айқындалады:
осы бапқа сәйкес айқындалған активтерді сатып алу құнын,
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жіктеуішке сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабы
2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына көбейту,
осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына көбейту керек.
5-бап.
1. Осы Заң, мыналарды:
1) осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
1-бабының 5-тармағы 32) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын;
2) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін
1-бабының 1, 2, 3, 4-тармақтарын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он екінші, он үшінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, сексен екінші, сексен үшінші абзацтарын, 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 8) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 10), 11), 12), 19) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 21), 22), 23), 74) тармақшаларын, 94) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 95) тармақшасының үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын, 99) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші абзацтарын, 100) тармақшасын, 106) тармақшасының екінші, үшінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 107), 110) тармақшаларын, 112) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 113) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 7, 8, 13, 14, 15-тармақтарын;
3) осы Заңның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін
1-бабының 5-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бірінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 9) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 15), 16), 17), 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он алтыншы абзацтарын, 24) тармақшасын, 25) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын, 26), 28) тармақшаларын, 33) тармақшасының отыз бірінші абзацын, 34) тармақшасын, 42) тармақшасының төртінші абзацын, 43), 45) тармақшаларын, 57) тармақшаның алтыншы, сегізінші абзацтарын, 60), 65), 66), 67), 68) тармақшаларын, 71) тармақшасының үшінші абзацын, 73), 77), 87), 88), 89), 91), 92), 93) тармақшаларын, 95) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 99) тармақшасын, 6-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын;
4) осы Заңның 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін
1-бабының 5-тармағы 1) тармақшасының жиырма бесінші, жиырма алтыншы, елу төртінші, елу бесінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші абзацтарын, 3), 4) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 14), 37) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші абзацын, 72) тармақшасын, 94) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 98) тармақшасын, 99) тармақшасының оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 101), 102), 103), 104), 105) тармақшаларын, 106) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 107), 111) тармақшаларын, 112) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 114) тармақшасын, 6-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының жетінші абзацын, 3) тармақшасын, 9, 10, 12-тармақтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |