30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi
1. Егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлікке бөлшектеуге жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
2) сатып алынатын тауарлардың (техникалық шарттарын көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң қысқаша сипаттамасын;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
6) елеулi талаптарын, оның ішінде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;
2) тауарды лизингке беру жөніндегі қызмет көрсетулерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейді.
2. Әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
3. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.
Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргізеді.
4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
5. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.
Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.
7. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.
9. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және ол мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуге тиіс.
Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Жеңімпаз деп айқындалған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
10. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде бермесе, тапсырыс беруші:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты - осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде баға ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушімен жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру негiздерi
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;
4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн.
33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақшадағы өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) техникалық өзіндік ерекшелігін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамасы көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;
5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;
6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзінің сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;
3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.
3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:
1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшадағы өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
2. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. Аукцион тәсілімен және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
35-1-бап. Аукциондық құжаттама
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады.
2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
6) төлем шарттары және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
8) аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшері;
9) әлеуетті өнім берушінiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсету;
10) аукционға қатысуға өтiнiмді табыс ету тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнің талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
11) әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсіндіру туралы сауалдарды ұсыну тәртібі;
12) аукционға қатысуға өтiнiмдерді табыс ету мерзімі аяқталатын күн мен уақыт;
13) аукционға қатысуға өтiнiмдерді ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипаты;
14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудің талаптары, түрлерi, көлемi және тәсiлi;
15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу үшін бөлiнген соманы төмендету шамасы (ақшалай мәндегі аукцион адымы);
17) аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау мерзімі аяқталатын күн;
18) аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
Аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге аукцион тәсілімен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi.
4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушінiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
5. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру тәртібі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртіппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өздері туралы мәлiметтер аукциондық құжаттама алған адамдарды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, аукционға қатысу өтiнiмдерін табыс етудің соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жеті күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 35-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
Достарыңызбен бөлісу: |