«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың



Дата26.02.2016
өлшемі42.91 Kb.
#27648


«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін

одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы»

Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 18 маусымдағы № 841 «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілді.

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтау және дамыту шеңберінде жүргізілетін болады.

1. Базалық деңгейде

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, зейнеткерлер арасында кедейліктің алдын алу, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін 2017 жылдың 1- ші шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемін азаматтар жалпыға ортақ белгіленген зейнет жасына жеткен кезде ғана, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындауға көшу ұсынылады.

Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл болған кезде базалық зейнетақының мөлшері 50 % құрайды, 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 % көбейіп отырады және қатысу өтілі 35 жыл болған кезде ол ең төмен күнкөріс деңгейіне теңеседі.

Зейнетақы жүйесіне кемінде 10 жыл қатысу өтілі бар адамдар үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде әлеуметтік зейнетақы белгіленеді, ол ағымдағы базалық зейнетақы мөлшеріне сәйкес келеді.

Зейнетақыны еңбек өтіліне тәуелді етіп белгілеу және зейнетақы төлемдерінің көздерін қалыптастыруға қатысу әлеуметтік жағынан әділ және зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының біріне жатады.

2. Міндетті деңгейде

а) 1998 жылдың 1 қаңтарға алты айдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар үшін ынтымақты жүйе сақталады және қазіргі жағдайларда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдері тағайындалады;

б) міндетті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың және жинақталған зейнетақыларды төлеудің қолданыстағы тәртібін сақтаумен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу жалғасатын болады;

в) зейнетке шыққан зейнеткерлер үшін – барлық санаттағы зейнеткерлер үшін ынтымақты жүйесін сақтаумен қатар, зейнетақы жүйесінің шартты-жинақтаушы компоненті енгізіледі. Ол жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына 5 % жарналар есебінен қалыптастырылатын болады. Ол туралы толығырақ айта кетсек.

Жаңа шартты-жинақтаушы компонент зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы, сол сияқты бөліп тарату қағидаттарын қолдайды.

Қызметкерлер шартты-жинақтаушы компонентке қатысушылар болып табылады, олардың пайдасына жұмыс берушілер өздерінің қаражаты есебінен қызметкер табысының мөлшерінен есептелетін 5 % міндетті зейнетақы жарналарын аударатын болады.

Шартты міндеттемелерді есепке алу жеке шоттарда жүргізіледі.

Жинақтар шартты болып табылады, мұраға қалдырылмайды және жүйеге қатысушының меншігі болып табылмайды.

Жарналар капиталдандырылады және қаржы құралдарына инвестицияланады, бұл ретте табыстылық инвестициялық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ қаржы нарығының жағдайына қарай қалыптасатын болады.

Зейнетақы төлемдеріне құқық басталудың ең төменгі өтіл 5 жылды құрайды. Төлемдер тек белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдері өмір бойы жүзеге асырылады.

3. Қызметкерлердің және/немесе жұмыс берушілердің есебінен қалыптасатын үшінші – ерікті деңгей сақталуда және одан әрі дамуда.

Осы өзгерістер қазіргі және келешектегі зейнеткерлердің мүддесін білдіреді.

Бүгінгі қайта есептеу есебінен зейнеткерлердің базалық зейнетақы төлемдеріне үстеме қосылады.

Жинақтаушы жүйеге көшу толық аяқталғанға дейін зейнеткерлік жасқа жететін адамдар және ынтымақты жүйеде зейнетақыға құқығы жоқ келешек ұрпақтың зейнеткерлері үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көбейту және олардың барабарлығы:

- базалық зейнетақы төлемдерін саралау және көбейту;

- шартты-жинақтаушы компоненттегі жаңа зейнетақы;

- жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін барабар зейнетақымен қамсыздандыру үшін 2016 жылдан бастап мынадай шараларды жүзеге асыру ұсынылады:


  1. жалпы еңбек өтілі 25 және одан көп жылды құрайтын, оның ішінде кемінде 12,5 жыл ы үздіксіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет құрайтын барлық әлеуетті құрылымдардың қызметкелерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру;

  2. еңбек сіңірген жылдары үшін:

құқық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы қызметкерлеріне;

еңбек сіңірген жылдары 20 жылдан асатын, ТМД елдерінен келген зейнеткерлерге еңбекткегі өтіліне пропорционалды түрде;



қызметке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш рет кірген және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, бірақ бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығынсыз жұмыстан босатылған азаматтарға мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру құқығын беру, бұл әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде бірынғай тәсілді қамтамасыз етеді;

  1. бюджет қаражаты есебінен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымының 20 % -ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары төлеу туралы норманы жою;

  2. әлеуетті құрылымдардың қызметкерлердің мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге ауыстырғанда, қызметкерлердің БЖЗҚ – дағы жеке зейнетақы шоттарының жартысын сақтай отырып, олардың бюджет қаражаты есебінен аударылған зейнетақы жинақтарының екінші жартысын бюджеттің кірісіне бір уақытта қайтаруды жүзеге асыру;

  3. қазіргі зейнеткерлер үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшеріндегі теңгерімсіздікті болдырмау мақсатында бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еңбек өтіліне қарай, олардың толық көлеміне жеткізілуін ескере отырып, біржолғы қайта есептеуді (бюджетке қайтарылған 50% зейнетақы жинақтарының есебінен) жүргізу ұсынылады.

Ұсынылып отырған шаралары іске асыру әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін халықаралық стандаттарға сәйкестендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет