Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау



бет32/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау

      1. Сотталған адам жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өз құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ прокурордың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі шешімдеріне не прокурордың осыған ұқсас шағымдарды қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасауға құқылы. Сотталғандардың шағымдарын қарауды сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот жүзеге асырады.
      2. Сот отырысына сотталған адамның және әрекетіне шағым жасалған адамның қатысуы міндетті.
      3. Сотталғандардың шағымдарын қарау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Қарау нәтижелері бойынша судья кеңесу бөлмесінде:
      1) шағымды қанағаттандыру, шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) және шешімдерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;
      2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      3) азаптаулар, өзге де заңсыз әрекеттер қолдану, қатыгез қарым-қатынас жасау туралы арыз бойынша тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін шағымды тиісті прокурорға жіберу туралы қаулы шығарады.

      483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық


                білдіру

      Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49 және 50-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.

10-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН
ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ

      РҚАО-ның ескертпесі!


      52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).

52-тарау. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ


СОТЫНЫҢ СОТ ҚАДАҒАЛАУЫ ТӘРТІБІМЕН ҚАЙТА ҚАРАУЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!


      484-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      484-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы


                тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері

      1. Заңды күшіне енгеннен кейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдері, қаулылары олар кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана, сондай-ақ кассациялық сатыдағы соттың қаулылары осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасында қайта қаралуы мүмкін.


      2. Айрықша жағдайларда, алдыңғы сот сатыларында қаралмаған бірінші, апелляциялық сатылардың үкімдері мен қаулылары сот актісінің адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
      3. Соттардың қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылары, сондай-ақ басқа істер бойынша, сот талқылауы барысында осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша шығарылған қаулылары және тергеу судьясының қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      485-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын


                сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау негіздері

      1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген, мыналарға:


      1) кінәсізді соттауға;
      2) негізсіз ақтау үкімін шығаруға немесе істі тоқтатуға;
      3) сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс сараламауға;
      4) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
      5) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;
      6) талап қоюды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге;
      7) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар не қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
      2. Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ:
      1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;
      2) үкім арқылы адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталса;
      3) осы Кодекстің 467-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасы судьясының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шығарылған қаулысы бар болса, сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралады.
      3. Заңды күшіне енген, өлім жазасы туралы үкімдер өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін сот қадағалауы тәртібімен қайтадан қайта қаралады.
      4. Заңды күшіне енген сот актілері қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен қайтадан қайта қаралады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      486-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      486-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен


                қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау
                туралы өтінішхат беруге, соттардың заңды күшіне
                енген үкімдері мен қаулыларына наразылық
                білдіруге құқығы бар адамдар

      1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы жолданымдар өтінішхаттар деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.


      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды осы Кодекстің 485-бабыекінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздер бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы ұсыну келтіруге құқылы.
      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы немесе осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша келтіруге құқылы.
      Қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы мәселені шешкен кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары не облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі соттан талап етіп алдыруға құқылы. Сот прокурордың сауалын ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәулік ішінде орындайды немесе істің басқа сот сатысында екеніне байланысты сауалды орындаудың мүмкін емес екенін хабарлайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      487-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      487-бап. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне сот


                қадағалауы тәртібімен шағым жасау мерзімдері

      1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беру мерзімдері шектелмеген.


      2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
      Егер көрсетілген мерзім өткізіп алынған болса, оны қалпына келтіруге жол берілмейді. Сот қадағалау сатысында өтінішхатты, наразылықты, ұсынуды алдын ала қарауды және сотталған, уақытында келіп түскен қадағалау өтінішхаты, наразылығы, ұсынуы бойынша ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдай отырып, істі қарауды дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл өтіп кеткен соң да жүзеге асыра алады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      488-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      488-бап. Соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта


                қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беру
                тәртібі

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну жазбаша түрде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына беріледі. Өтінішхатта, наразылықта, ұсынуда осы Кодекстің 423-бабында санамаланған мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде қандай заң бұзушылыққа жол берілгені және осы бұзушылықтар шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабындасанамаланған негіздердің қайсысы бар екені көрсетілуге тиіс. Өтінішхатта оны берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.


      2. Өтінішхатқа, наразылыққа, ұсынуға шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтінішхат, наразылық, ұсыну дәлелдерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса берілуге тиіс.
      3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іс жүргізуіне қабылданбайды.
      4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттың, наразылықтың, ұсынудың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
      5. Өтінішхат не наразылық, ұсыну берген адам сот отырысы басталғанға дейін өз өтінішхатын, наразылығын, ұсынуын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасаудың осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімі өткен соң берген қосымша өтінішхатында, егер бастапқы наразылықта, өтінішхатта сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап жазылмаған болса, осындай мәселе қойыла алмайды.
      6. Өтінішхатты, наразылықты, ұсынуды берген адам іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін. Сотталған адам өзінің мүддесінде өз қорғаушысы немесе заңды өкілі берген өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.

      489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты, ұсынуды қарамай


                қайтару

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну мынадай негiздер бойынша:


      1) өтінішхат, наразылық, ұсыну осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;
      2) өтінішхатты, наразылықты, ұсынуды осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес, заңды күшiне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
      3) өтінішхат, наразылық, ұсыну осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
      4) өтінішхат, наразылық, ұсыну мәнi бойынша қаралғанға дейiн олар керi қайтарып алынса;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5) өтінішхат, наразылық, ұсыну осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6) осы Кодекстің 485-бабының төртінші бөлігінде көзделген немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы қаулысы шығарылған жағдайларды қоспағанда, қадағалау алқасының осы сот актісін нақ осы адамның нақ осы негіздердегі өтінішхаты бойынша қайта қараудан бас тарту туралы қаулысы болса, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.
      2. Өтінішхатты, наразылықты, ұсынуды қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!


      490-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау


                туралы өтінішхатты алдын ала қарау

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының немесе қадағалау сот алқасы төрағасының тапсырмасы бойынша баяндамашы-судья алдын ала зерделейді, ол өтінішхатты қарамай қайтару үшін негіз болмаған кезде ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктен аспайтын мерзімде қылмыстық істі талап етіп алдырады.


      2. Сот қылмыстық іс келіп түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде өтінішхатты ашық сот отырысында үш судья құрамында алдын ала қарайды. Осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген бірнеше адамның белгілі бір іс бойынша берілген өтінішхаттары біріктірілуі және көрсетілген тәртіппен бір сот отырысында қаралуы мүмкін.
      3. Өтінішхатты алдын ала қарағанға дейін баяндамашы-судья тиісті мамандарға қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылатын заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Ғылыми қорытынды бойынша түсінік беру үшін тиісті мамандар қадағалау сот алқасының отырысына шақырылуы мүмкін.
      4. Осы Кодекстің 485-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша енгізілетін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығына, осы Кодекстің 467-бабыныңекінші бөлігіне сәйкес енгізілетін кассациялық алқа төрағасының ұсынуына алдын ала қарау қағидасы қолданылмайды және оларды қадағалау сот алқасы тікелей қарайды.
      5. Прокурордың қадағалау наразылықтарына, сондай-ақ өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың немесе олардың қорғаушыларының өтінішхаттарына алдын ала қарау қағидасы қолданылмайды және оларды қадағалау сот алқасы тікелей қарайды, ол алдымен сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарауға осы Кодекстің 485-бабындакөзделген негіздердің бар-жоғы туралы мәселені қарайды, содан кейін прокурордың наразылығын, өтінішхатты мәні бойынша қарайды. Көрсетілген негіздер анықталмағанда, алқа сот актісін қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
      6. Прокурор, сондай-ақ өтінішхатты берген адам өтінішхаттың алдын ала қаралатын күні туралы хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
      7. Өтінішхатты қадағалау іс жүргізуін қозғау үшін негіздердің бар-жоғы туралы мәселе бойынша алдын ала қарау ашық сот отырысында жүзеге асырылады. Сот келген адамдарға процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, оларда қарсылық білдірулердің, өтінішхаттардың бар-жоғы туралы мәселені анықтағаннан және оларды шешкеннен кейін келген адамдардың түсініктемелерін, прокурордың пікірін тыңдайды. Сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат берген адам бірінші болып сөз сөйлейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      491-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша


                қабылданатын қаулылар

      1. Сот өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:


      1) шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және өтінішхатты қадағалау сатысында қарау туралы;
      2) шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;
      3) осы Кодекстің 489-бабында көзделген негіздер бойынша өтінішхатты қарамай қайтару туралы қаулы шығарады.
      2. Соттың өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығаратын қаулысында:
      1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының өтінішхатты қараған судьяларының және өтінішхатты алдын ала қарауға қатысқан өзге де адамдардың тегi мен аты-жөнi;
      3) дау туғызған сот актiсi көрсетіле отырып, қаулы шығарылған iс;
      4) өтінішхатты берген адам;
      5) өтінішхатта келтiрiлген дәлелдер;
      6) қадағалау іс жүргізуін қозғау не өтінішхатты қараусыз қайтару үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқау көрсетiлуге тиiс.
      3. Қаулының қарар бөлігінде – судьялар қабылдаған, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады. Егер қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы шешім қабылданған болса, қаулының қарар бөлімінде өтінішхатты мәні бойынша қарау жөнінде сот отырысын өткізудің қадағалау сот алқасының төрағасымен келісілген күні, уақыты, орны көрсетіледі.
      4. Өтінішхатты берген адам оны алдын ала қарау нәтижелері туралы хабардар етіледі.
      5. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы шағым жасалуға жатпайды, бірақ бұл нақ сол адамның, бірақ басқа негіздер бойынша қайтадан өтінішхат беруі үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген басқа да адамдардың сол сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат беруі үшін кедергі болмайды.
      6. Істі жаңадан қарауға жіберу туралы қаулыны қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы шешім, егер осы кезде істі соттың өз іс жүргізуіне қабылдау мерзімі өтіп кетсе және ол бойынша сот отырысы тағайындалған болса, қабылдана алмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      492-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      492-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының судьясы шағым жасалған сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы соттың қаулысы алынғаннан не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін үш тәулік ішінде тараптарға заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы тиісінше өтінішхаттың, ұсынудың, наразылықтың көшiрмесiн, сот отырысы өткiзілетін күнді, уақытты, орынды көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының судьясы өтінішхатты сотта қарауға дайындау кезінде тиісті маманнан қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылатын заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды сұратуға және қажет болған кезде оны сот отырысына шақыртуға құқылы.
      3. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына берген не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың iшiнде қаралуға тиiс. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, сондай-ақ дәлелді себептер болған кезде қадағалау сатысындағы соттың қаулысымен, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      493-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры iстi талап етіп алдырумен бiр мезгiлде соттың үкiмiн, қаулысын қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн оның орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      494-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).

      494-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі,


                қадағалау сатысындағы соттың шешімдері

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтінішхаты, ұсынуы, наразылығы бойынша қайта қаралып жатқанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы қатысып отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтінішхат, наразылық берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түскен жағдайда, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
      2. Мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші өтінішхат, наразылық берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
      3. Өтінішхат, наразылық берген адам өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
      4. Егер өтінішхатты қорғаушы тарап берген болса, онда бірінші болып оның атынан өкілдік ететін процеске қатысушылар сөз алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Қадағалау сатысындағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан қадағалау шағымдары бойынша пікірін айтады, наразылықта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді.
      6. Егер өтінішхатты, наразылықты айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз сөйлейді, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуында немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында жазылған уәждер мен дәлелдерді сот отырысында көрсетілген адамдардың тапсырмасы бойынша тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының істі қарайтын алқаның құрамына кірмейтін судьясы, тиісті прокурор баяндауы мүмкін.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 389-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың қаулысын – өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың және қадағалау сатысының қаулысын өзгертеді;
      3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі тоқтатады;
      4) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
      5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық, кассациялық тәртіппен және қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
      Егер тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдаған іс бойынша сот талқылауы басталып кеткен болса, істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулының күшін жоюға болмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қарау кезінде алдымен сот актісін қадағалау тәртібімен қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздердің бар-жоғы туралы мәселе қаралады, содан соң олар мәні бойынша қаралады. Алқа көрсетілген негіздерді анықтай алмаса, сот актісін қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
      9. Осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген мән-жайлар үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттардың қаулысы, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде заңды елеулі түрде бұзуға жол беріліп, ол қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, оның күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Егер істі кассациялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен қарау кезінде істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының, қадағалау қаулысының күшін жоюға және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
      12. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануы мүмкін.
      Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.
      13. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен түйіндерді алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін түйіндерді алдын ала шешуге құқылы емес.
      14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтінішхатта, наразылықта көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздеріне қатысты өтінішхат, наразылық келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты өтінішхат берілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде ғана жол беріледі. Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді прокурордың наразылығында немесе өтінішхатта көрсетілген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
      Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      15. Қадағалау сатысы осы Кодекстің 467-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген кассациялық алқа төрағасының ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық алқаның басқа қаулысын қалдыра отырып, оның қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан кассациялық қарауға жібереді.
      16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы олардың немесе олар уәкілеттік берген адамдардың ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндамасынан басталады. Алқа көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер бар болған кезде істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. Істі мәні бойынша қарау ұсынудың мән-жайлары және негіздері туралы қадағалау сатысы судьясының баяндамасынан не наразылықтың мән-жайлары және негіздері туралы прокурордың баяндамасынан басталады. Істі одан әрі қарау осы бапта көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      18. Қадағалау алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қылмыстық істе бар және тараптар қосымша түрде ұсынған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырған кезде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      19. Қадағалау алқасы қарау қорытындысы бойынша осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс, оған төрағалық етуші және сот құрамына кіретін барлық судьялар қол қояды.
      20. Сот үкімінің, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау және істі жаңадан қараған кезде шығарылған сот актілеріне шағым жасау, наразылық білдіру осы Кодекстің 497 және 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      495-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет