Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


кепiлдiк берушi мен кепiл болушыға хабарлауы



бет13/14
Дата05.07.2016
өлшемі321.41 Kb.
#180219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               кепiлдiк берушi мен кепiл болушыға хабарлауы

      Кепiлдiктен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды өндiрiп алуға, не борышқорға керi талап қоюға қақылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушiден тек негiзсiз алынғанды ғана өндiрiп алуға қақылы.

      336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы

      1. Кепiлдiк және кепiл болушылық өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады. 


      2. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады. 
      3. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады. 
      4. Кепiлдiк және кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк және кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады.

Параграф 5. Кепілпұл

      337-бап. Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келiсiм 
               нысаны

      1. Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады. 


      2. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Келiсiмнiң жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлпұл келiсiмiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады. 
      Ескерту. 337-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2007.01.12. N 225 Заңымен.

      338-бап. Кепiлпұлмен қамтамасыз етiлген 


               мiндеттеменi тоқтатудың және 
               орындамаудың салдары

      1. Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс. 


      2. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.     

Параграф 6. Ұстап қалу

      Ескерту. 6 параграфпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2007.01.12. N 225 Заңымен.

      338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

      1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс зат қарамағында болған несие берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы. 
      Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсiпкер ретiнде әрекет ететiн тараптардың мiндеттемелерiнен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 
      2. Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады. 
      3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесi қолданылады.

      338-2-бап. Ұстап қалынған мүлiк есебiнен талаптарды 


                 қанағаттандыру

      Затты ұстап қалушы несие берушiнiң талаптары кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандыру үшiн көзделген көлемде және тәртiппен заттың құнынан қанағаттандырылады.

Параграф 7. Кепілдік жарна

      Ескерту. 18-тарау 7-параграфпен толықтырылды - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      338-3-бап. Кепілдік жарна ұғымы

      1. Сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеушінің кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы кепілдік жарна болып танылады.


      2. Кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі міндеттеме заңнамалық  актілерде көзделген жағдайларда туындайды. Кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі міндеттеме тараптардың келісіміне байланысты да туындайды.

      338-4-бап. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген


                  міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау
                  салдары

      1. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме төлеушінің кінәсінен орындалмаған кезде кепілдік жарна екінші тарапта қалады.


      2. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна қайтарылуға жатады.
      3. Егер осы Кодексте, өзге де заңнамалық актілерде, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасу немесе кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген өзге міндеттемені орындау кезінде кепілдік жарна сомасы жасалған шарт немесе өзге де кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша кепілдік жарна алушыға тиесілі екінші тараптан түсетін төлемдердің есебіне жатқызылады.

19-тарау. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы

      339-бап. Несие берушi құқықтарының басқа адамға 
               ауысу негiздерi мен тәртiбi

      1. Мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн. 


      Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы жөнiндегi ережелер регрестi талаптарға қолданылмайды. 
      2. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы үшiн, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келiсiмi талап етiлмейдi. 
      3. Егер несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие берушi осыдан туындайтын өзiне қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие берушiге мiндеттеменi орындағаны тиiстi несие берушiге орындағаны болып табылады. 
      4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.
      Ескерту. 339-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      340-бап. Басқа адамдарға ауыстыруға болмайтын 


               құқықтар

      Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi және азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi.

      341-бап. Несие берушiнiң басқа адамға ауысатын 
               құқықтарының көлемi

      Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады. 


      Ескерту. 341-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

      342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына 


               дәлелдемелер

      1. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелердi өзiне табыс еткенше жаңа несие берушiге мiндеттемелердi орындамауға құқылы. 


      2. Талап етудi басқа адамға берген несие берушi оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшiн маңызы бар мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.

      343-бап. Жаңа несие берушiнiң талабына 


               борышқордың қарсылық бiлдiруi

      Борышқор мiндеттеме жөнiндегi құқықтардың жаңа несие берушiге ауысқаны туралы хабарды алар кезiнде бастапқы несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушiнiң талаптарына қарсы қоюға құқылы.

      344-бап. Несие берушi құқықтарының заң құжаттары 
               негiзiнде басқа адамға ауысуы

      Мiндеттеме жөнiндегi несие берушiнiң құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде: 


      1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде; 
      2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша
      3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде; 
      4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде; 
      5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады. 
      Ескерту. 344-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      345-бап. Талап етудi беру шарттары

      1. Несие берушiнiң талап етудi басқа адамға беруiне жол берiледi, себебi ол заң құжаттарына немесе шартқа қайшы келмейдi. 
      2. Егер несие берушiнiң жеке басының борышқор үшiн елеулi маңызы болса, борышқордың келiсiмiнсiз мiндеттеме жөнiндегi талап етудi беруге жол берiлмейдi.

      346-бап. Талап етудi беру нысаны

      1. Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс. 
      2. Мемлекеттiк тiркеудi талап ететiн мәмiле бойынша талап етудi беру осы мәмiленi тiркеу үшiн белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс. 
      3. Ордерлi бағалы қағаз бойынша талап етудi беру осы бағалы қағаздағы индоссамент арқылы жасалады (осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағы).

      347-бап. Талап етудi берген несие берушiнiң 


               жауапкершiлiгi

      Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайда, сондай-ақ егер осы Кодексте немесе шартта өзгеше көзделмесе, жауап бермейдi. 


      Ескерту. 347-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 426 Заңымен.

      348-бап. Борыштың ауысуы

      1. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. 
      2. Жаңа борышқор несие берушiмен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негiзделген қарсылықтарын несие берушiнiң талабына қарсы қоюға құқылы. 
      3. Борышты аудару нысанына тиiсiнше осы Кодекстiң 346-бабының 1 және 2-тармақтарындағы ережелер қолданылады. 
      4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша қарызды аудару ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн. 
      Ескерту. 348-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

20-тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы 


үшін жауаптылық

      349-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы

      1. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. 
      2. Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.

      350-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған 


               залалдардың орнын толтыру

      1. Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы). Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң 351-бабында көзделген ережелермен белгiленедi. 


      2. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн. 
      3. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады. 
      4. Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi. 
      5. Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез-келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 
      Ескерту. 350-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      351-бап. Залалдар және айып төлеу

      1. Егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi. 
      Заңдарда немесе шартта залалдарды емес, айып төлеудi өндiрiп алуға жол берiлетiн; залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; несие берушiнiң таңдауы бойынша не айып төлеу, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi ықтимал. 
      2. Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.

      352-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген 


               моральдық нұқсанды өтеу

      Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсан осы Кодекстiң 350-бабында көзделген залалдардан тыс өтеледi. P01003S

      353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны 
               үшiн жауапкершiлiк

      1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады. P01003S


      2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады. 
      3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы. 
      Ескерту. 353-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N225 Заңдарымен.

      354-бап. Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай 


               орындау

      1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды. 


      2. Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады. 
      3. Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (осы Кодекстiң 365-бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу (осы Кодекстiң 369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады. 
      Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      355-бап. Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн 


               орындамаудың салдары

      1. Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, жедел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды және несие берушiге берудi талап етуге құқылы. 


      2. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.

      356-бап. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен 


               орындау

      Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға және шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы.

      357-бап. Субсидиялық жауапкершiлiк

      1. Заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сәйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс. 


      Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн. 
      2. Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (осы Кодекстiң 370-бабы) арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес. 
      3. Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс. 
      Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар. 
      Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

     358-бап. Мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң 


               мөлшерiн шектеу

      1. Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойынша және қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк). 


      2. Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен белгiленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз болады. 
      Ескерту. 358-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      359-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн 


               жауапкершiлiк негiздерi

      1. Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады. 


      2. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды. 
      Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн. 
      3. Мiндеттеменi қасақана бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.

      360-бап. Мiндеттемедегi кәсiпкерлiк тәуекел

      Егер мiндеттемеде кәсiпкердiң тапсырысы бойынша әлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесiн пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу тәуекелi кәсiпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дәрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кәсiпкерлiк тәуекелдi бөлу көзделмесе, орындау дәрежесiне сәйкес ақы алуға құқылы.

      361-бап. Екiжақты шартты орындамаудың салдары

      Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мән-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi орындағанның бәрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.

      362-бап. Борышқордың өз қызметкерлерi үшiн 


               жауапкершiлiгi

      Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөнiндегi лауазымды адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң әрекеттерi борышқордың әрекеттерi болып есептеледi. Борышқор бұл әрекеттер үшiн, егер олар мiндеттеменi орындамауға немесе тиiстi дәрежеде орындамауға әкелiп соқтырса, жауап бередi.

      363-бап. Борышқордың үшiншi жақтардың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет