Esc – Бағдарламаны аяқтау. Операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайту. Cancel батырмасын басу.
Left – Меңзерді солға жылжыту.
Up – Меңзерді жоғары жылжыту.
Down – Меңзерді төмен жылжыту.
Right – Меңзердң оңға жылжыту.
Home – Меңзерді жолдың басына ауыстыру.
End – Меңзерді жолдың соңына ауыстыру.
PgUp – Бір «бетке» жоғары жылжыту.
PgDn – Бір «бетке» төмен жылжыту.
Ins – Редакторларда ақпарат енгізгенде кірістіру және орнын басу режімін ауыстырып қосу.
Del – Меңзердің оң жағында орналасқан символды жою.
Backspase – меңзердің сол жағындағы символды жою.
Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасын ауыстыру.
Тышқан тетігі (маус) - бұл манипуляторлық типті енгізу құрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді (курсорды) экранда тез жылжытуға (қозғалтуға) және объектілерді басқаруға арналған.
Трекбол – бұл тышқанның функцияларын орындайтын құрылғы.
Трекболдың тышқан тетігінен айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі. Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде қолданылады.
Пенмаус – шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.
Инфрақызыл маустың әдеттегі маустан айырмашылығы – оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.
Джойстик (тәрте) – кішкене рычагты манипулятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.
Графикалық деректерді енгізу құрылғысы.
Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерерді, графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі де, бейне тану бағдарламалары оны өңдейді.
Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.
Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады. Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.
Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.
Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады.
Формалар сканерлері «қолдан» толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өңдеуде қолданылдаы. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі – оның негізгі шарттары.
Графикалық планшеттер (дигитайзерлер) – көркемдік, графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.
Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
Принтерлер – басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.
Операциялық жүйе тұтынушы яғни қолданушы мен компьютер арасындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын, компьютерде атқарылып жатқан программалардың жұмысын, компьютерге жалғанға құрылғылардың жұмысын басқаратын программалар жүйесі. Операциялық жүйелерді түрлері: Windows, MS DOS, Linex, Unix т.б.
Бұл операциялық жүйелердің ішінде практикада кеңінен қолданылатыны Windows операциялық жүйесі.
Windows операциялық жүйесі және оның негізгі элементтері
Windows операциялық жүйесінің мүмкіндіктері:
пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
графикалық режимді басым қолдану;
жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолданудың құрамдас құралдары;
мультимедиямен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
“Plug and Play” технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау);
Microsoft Windows – Microsoft фирмасы жасап шығарған операциялық жүйелер тобына жатады. Операциялық жүйе немесе система (ОС) – дербес компьютердiң жұмысын басқарумен басқа программалардың орындалу процесiн қамтамасыз ететiн программалар тобы. Операциялық жүйесiз компьютердi қолдану мүмкiн емес.
Қазiргi кезде Windows операциялық жүйелерi IBM-үйлесiмдi компьютерлердiң барлығына дерлiк қолданылады. Көбiне жұмыс iстегенде олардыңмына түрлерiн жиi пайдаланады: Windows 95, Windows 98, Windows NT Workstation 4.0, және Windows 2000. Бұлардың белгiлi бiр айырмашылықтары болғанымен, жұмыс iстеу ережелерi өте ұқсас болып келедi. Бұлардан басқа Windоws тобына компьютерлiк жүйелердi басқаруға арналған арнайы ОС-лар кiредi, олар – Windows 2000мен Windows Server-лердiң бiрнеше түрлерi. Бұлардың қайсысын қолданудымамандардың өздерi шешедi.
Windows тобының едәуiр дамыған түрiне Windows 98 бен Windows NT-нiң негiзгi жетiстiктерiн бiрiктiрген Windows 2000 жүйесi жатады. Бiрақ Windows 2000 компьютерлiк жабдықтарға жоғары талаптар қояды, сол себептi қазiргi кезде ол тек жаңадан шыққан қуатты дербес компьютерлерде ғана қолданылады. Өкiнiшке орай көп мекемелерде ондай мүмкiндiктер жоқ. Сондықтан қолдарыңыздағы кiтапша Windows NT Workstation 4.0 ОС-сының ерекшелiктерiн қолдануға бағытталған. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай Windows тобындағы ОС-ларды қолданудың ұқсас принциптерi өте көп болғандықтан, төменде келтiрiлген материал олардың басқа түрлерiн үйренуге де пайдалы.
Microsoft Windows 98 ОС-сы жылдам iстейтiн 32-разрядты графикалық интерфейсi бар, iшкi желiлiк құралдармен жабдықталған және сол желiде жұмыс жасауға бағытталған операциялық жүйе болып табылады.
Windows-тамынадай жаңа архитектуралық шешiмдер iске асырылған: жеңiл көшiрiледi (тасымалданады); көпесептi және кө ппроцессорлы режимдердi, Клиент-сервер және обúектiлi архитектураларды, желiлердiң домендi архитектурасын сүйемелдей алады; кеңмасштабты, жеңiл кеңейтiлетiн, сенiмдi, әрi ақаусыз жұмыс атқарып, басқа программалармен үйлесiмдi түрде байланысатын, т.б. мүмкiндiктерi бар жүйе болып саналады.
Оның жеңiл көшiрiлiп тасымалданатындығына Windows-тiң CISC- және RISC-процессорларында бiрдей жұмыс iстеу қабiлетiн жатқызуға болады.
Көпесептiлiк – бiр процессорды көптеген қолданбалы программалармен ақпарат ағындарын өңдеуге пайдалану (егер қолданбалы программалар программалар жеке орындалатын компоненттерге жiктелсе, соларды қатар орындау).
Көп процессорлық өңдеу–компьютерде бiрнеше процессорлардың қатар жұмыс атқаруы, олардың әрқайсысын бiр-бiрден, бiр мезгiлде бiрнеше есептердi орындауға болатынын көрсетедi.
Масштабтылық–қосымша процессорлардың артықшылықтарын автоматты түрде қолдану мүмкiндiгi мысалы, қолданбалы программаның жұмысын жылдамдату үшiн, операциялық жүйе бiрнеше процессорларды автоматты түрде iске қолданбалы программалар қоса алады.
Windows-тiң жеңiл кеңейтiлуi–ОС-ның барлық деңгейлерiне жаңа модульдер қосуға болатын ашық модульдi архитектурамен қамтамасыз етiлуi. Модульдiк архитектура ОС-ның басқа желi өнiмдермен байланысу мүмкiндiгiн айқындайды. Windows-тiң басқаруымен жұмыс iстейтiн компьютерлер басқа операциялық жүйелердiң клиент және сервер компьютерлерiмен өзара қатынаста бола алады.
Сенiмдi, әрi ақаусыз жұмыс атқару тәрiздi сипаттамалары –ОС архитектурасының оны және қолданбалы программаларды бүлiнуден сақтайтынын бiлдiредi.
Үйлесiмдiлiк – Windows-тiң MS-DOS, Windows 3.x, OS/2, POSIX жүйелерiмен үйлесе жұмыс iстеп, оның желiлермен құрылғылардың көптеген түрлерiн пайдалана алатындығын бiлдiредi.
Желiдегi тасымалданатын информацияны қорғау үшiн кодтаудың түрлi әдiстерi қолданылады және оныңмiсгоsoft Criptographic Application Program Interfase (Cripto API) атты iшкi криптографиялау интерфейсi бар.
1.Тұтынушы интерфейсi
Windows тұтынушы интерфейсi келесi негiзгi элементтерден тұрады:
Терезе;
Жұмыс үстелi;
Тапсырмалар тақтасы;
Басменю;
Жанама немесе контекстiменю (оң жақ батырманы шерту арқылы);
Windows қолданбалы программаларының меню жүйесi;
Windows анықтама жүйесi.
Терезелер
Windows интерфейсiнiң негiзгi ұғымдарының бiрi болып экран бетiндегi төрттбұрышты жақтаулармен шектелген терезе аймағы болып табылады. Windows терезесiнде бумалармен файлдар, орындалатын программалармен құжаттар бейнелерi кескiнделген.
Терезелердiң негiзгi екi түрi бар–қолданбалы программалармен құжаттар терезелерi, ал қажет болған кезде жүйеге тұтынушылар беретiн мәлiметтi енгiзу үшiн сұхбат терезелерi ашылады.
Қолданбалы программалар терезесi программаны немесе буманы бейнелейдi. Программалар терезесiнiң жоғарғы жағында, тақырыптың (тақырып аймағының) астындаменю қатары орналасқан. Программалар терезесiнiң iшiнде бiр немесе бiрнеше құжат терезелерi – құжат терезесi (екпiндi қолданбалы программалардың түрiне қарай – сурет, мәтiн, кесте, және т.б.) орналасқан.
Құжат терезесi қай кезде де болмасын өзiнiң қолданбалы программалар терезесiнiң маңында қалады. Терезенiң орта бөлiгiнде құжатмазмұны көрсетiледi. Егер құжат терезесi үлкейтiлген күйде болса, онда қолданбалы программалар терезесiмен құжат терезелерiнiң тақырыптары дефис арқылы бiрiгедi.
Сұхбат терезесiнде (окно диалога) тақырып қатары, терезенi басқару батырмалары болады. Сонымен қатар келесi элементтерi бар бiрнеше iшкi беттер болуымүмкiн: команда батырмасы (командная кнопка), қайтақосқыш (переключатель), мәтiндi информация өрiсi (поле), жалаушалар, ашылатын терезелер (ТӨМЕН (ВНИЗ) () бағыттаушысының батырмасын басқанда ашылатын) және басқалар.
Бума терезесi буманың мазмұнын бейнелейдi (көбiне бұл басқа бумалардың, программалардың, файлдардың белгiлерi). Ол шағын қолданбалы программалардың терезесiн еске салады және тақырыбы, көлемдi өзгертумен терезенi жабу батырмалары, жүйелiменю белгiшесi, дербесменю қатары, қолданбалы программалар саймандар қатарымен қалып-күй қатары болады. Бума терезесiнiң тақырыбы, ол жиналып тұрған күйiнде, берiлген бума белгiшесiнiң астында орналасқан атын көрсетедi.
Терезе элементтерi
Шекаралар. Терезенi төрт жағынан шектейтiн жақтаулар шекара деп аталады. Терезенiң өлшемiн шекаранға тышқан көрсеткiшiн алып барып, ол екi жаққа бағытталған қара сызыққа айналғанда өзгертуге болады.
Тақырып қатары. Терезенiң жоғарғы шекарасының астына оның атын көрсететiн аймақ орналасқан. Ол тақырып қатары немесе тақырып деп аталады. Терезенiң атына тышқан көрсеткiшiн алып барып, терезенiң орнын ауыстыруға болады. Тақырып қатарының сол жағында терезенiң жүйелiменюiнiң Шақыру (Вызов) батырмасы бар (бастырманың түрi әрқашан терезенiңмазмұнына сәйкес келедi,мысалы Excel қолданбалы программаларсы үшiн А3 батырмасы қолданылады). Сол батырмада тышқан батырмасын шерту арқылы орнын ауыстыруға, өлшемiн өзгертуге, терезенi жабуға болатын терезенi басқарудың қарапайым командалар тiзiмiн аша аламыз.
Терезенiң жоғарғы оң бұрышында үш батырма орналасқан:
терезенi Кiшiрейту , Үлкейту және Жабу
Кiшiрейту (жинау) батырмасына басу кiшкентай (миниатюрлi) тақырыпты белгiнiң iшiне құжат терезесiн жинауға әкелiп соғады: ал қолданбалы программалар терезесi экран астындағы тапсырмалар тақтасындағы батырманың iшiне орналасды; сәйкесiнше Үлкейту батырмасы терезенi бүкiл экранға кеңейтiпмына түрге енедi . Құжат терезесi үлкейтiлген қалпында болған кезде оның аты дефис арқылы қолданбалы программаларның атымен бiрiгедi. Сол батырмада қайта шерту терезенiң өлшемiн бастапқы қалпына келтiредi.
Қосымшаның жүйелi меню қатары тақырыптың астында орналасқан. Қосымшаның жүйелi менюi бүкiл қолданбалы программаларға бiрдей (сирек жағдайларда болмаса) базалы командалар жинағына кiрумүмкiндiгiн (доступ) қамтамасыз етедi.меню қатары тек бiр ғана (конкретный) қолданбалы программаларға тән командалармен тақырыптың дөп астында орналасқан көлденең жолақ (горизантальная полоска) команда өз менюiн ашады.
Саймандар тақтасы терезенiң мiндеттi емес элементi болып табылады. Оның жиiрек қолданылатын командаларға жылдам кiру мүмкiндiгiне арналған белгiлерiмен батырмалары бар. Саймандар тақтасын Түр-Саймандар тақтасы (Вид-Панель инструментов) командасымен қосуға болады.
Анықтама батырмасы, немесе түсiнiктеме беру Шеберi (Мастер подсказок) екпiндi қолданбалы программаларда анықтама жүйесiнiң сұхбат терезесiн шақырады. Жұмыс аймағы–ол терезенiң iшкi аймағы. Қалып-күй қатары терезенiң төменгi жағында орналасады да бар обьектiлердiң санымен көлемiн көрсетедi. Терезенiң жұмыс өрiсiнiң оң жақ пен төменгi шекараларның жанында терезе шекараларының шектеуiнен терезенiң бүкiл мазмұнын көрумүмкiн болмағанда тiк және көлденең орын ауыстырулар жасауға мүмкiндiк беретiн айналдыру жолақтары (полосы прокрутки) орналасқан.
2.Менiң компьютерiм
Менiң компьютерiм жергiлiктi компьютердiң ресурстарына, желiлi дискiге, әртүрлi қондырғыларға – принтерлерге, дискiлерге және т.с.с., сонымен қатар оларды баптауды жылдам iске асыруды қамтамасыз ететiн сәйкес әмбебеп программа. Белгiшенi екпiндi ету компьютердiң жергiлiктi желi ресурстарына сәйкес келетiн белгiсi бар терезелердi ашады.
Менiң компьютерiм бумасының терезесiнде жұмсақ және қатты дискiлердiң, басқару тақтасының, принтерлердiң, желiмен қашықтан жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн программалардың, басқару тақтасының белгiшелерi бейнеленген Бұл белгiшелердiң барлығы сәйкес бумалардың белгiлерi (обозначение) болып табылады.
Менiң компьютерiм бумасының элементiн белгiлеп алып, келесi операцияларды жүзеге асыруға болады.
жарлық жасау (Файл – жарлық жасау командасы);
қарау (просмотр) режимдерiн өзгерту (менюдегi Түр-дiң командалары);
дискiде оның белгiшесiн белгiлеп алғаннан кейiн (Файл командасы-Табу-Барлық файлдар) программаны тез iздеумен iске қосу, белгiленген бума немесе дискiнiңмазмұны бар терезенi шақыру, басқа iшкi бумаларды шақыру (экранда бума терезесiн жабу үшiн Жабу батырмасын шерту керек ).
3. Сiлтеуiш программасы
Сiлтеуiш программасы Windows-тiң негiзгi басқару программаларының бiрi болып табыла отырып, файлдық жүйенi басқаруға арналған .
Windows-тегi Сiлтеуiштiң көмегiмен дискеттегi буманың құрылымыменмазмұнын көруге болады.
Сiлтеуiштi iске қосу
Сiлтеуiштi iске қосудың бiрнеше түрi бар:
Iске қосу батырмасында тышқанның оң жағын шертiп, жанамаменюден Сiлтеуiш командасын таңдап алу;
Дәл солай Жұмыс үстелiндегi кез келген бума белгiшесiнде немесе қолданбалы программалар жарлықтарынан басқа жарлық белгiшелерiнде;
Бума терезесiнде бума белгiшесiн белгiлеп,менюдегi Файлдан Сiлтеуiш командасын таңдау.
Сiлтеуiш терезесiнiң құрылымы.
Сiлтеуiш терезесiнiң құрылымы кәдуiлгi бума терезесiнiң құрылымына сәйкес: бума аты жазылған қатармен терезе өлшемiн басқаратын батырмалар,меню қатарындағы Файл, Түзеу, Түр, Сервис; терезенiң жұмыс өрiсi, сонымен қатармiндеттi емес элементтер – Саймандар тақтасымен қалып күй қатары .
Сiлтеуiш терезесiнiң жұмыс өрiсi тiк (вертикаль) аймақтарға бөлiнген. Терезенiң сол жақ бөлiгiнде компьютер бумаларының ағаш секiлдi құрылымы, оң жақ бөлiгiнде сол жақ аймағында белгiленген буманың мазмұны бейнеленген. Егер құрылымы бойынша iшкi бумалары бар бума жабық болса, оның қасында “+” белгiсi тұрады; ал егер бума ашық болып оған кiретiн элементтерi көрсетiлсе, оның қасында “-“ белгiсi тұрады. Терезенiң сол жақ аймағы бумалар арасындағы орын ауыстыруды едәуiр жеңiлдетедi, бумаларды жылдам қарау және көрнекi орын ауыстыру мүмкiндiгiмен бiр аймақтан екiншi аймаққа сүйреп, файлдарды көшiрудi iске асырады. Жұмыс өрiсiнiң екi аймағында да орналасқан айналдыру жолақтары файлдық жүйенi “парақтауға” мүмкiндiк бередi. Сiлтеуiш терезесiн қарау тәртiбi бума терезесiн қарау тәртiбiне сәйкес келедi.
Бумалармен, файлдармен жұмыс
Сол жақ аймақты бумалар арасындағы орын ауыстыру:
Басқа буманың атында тышқанды шертсе, ол белгiленiп жылжымалы болады, ал оның мазмұны оң жақ аймақта пайда болады.
Егер бума атының сол жағында орналасқан”+” немесе “-“ таңбаларында шертсе, онда сол жақ аймақтың тiзiм элементi ашылады (жиналады), оң жақ аймақтыңмазмұны өзгермейдi.
Бума атында екi рет шертсе ол ағымдағы бумаға айналады, ал оң жақ аймақтамазмұны шығады. Сонымен бiрге сол жақ аймақта бума құрылымдарын көрсету дәрежесi өзгередi.
Файлдармен бумалардың атрибуттарын өзгерту.
Файлдармен бумаларды толығырақ сипаттау үшiн атрибуттар қолданылады. Оларға: Тек оқу үшiн, Архивтi, Жасырын, Жүйелi жатады. әдетте жасырын және жүйелi файлдар бумалар тiзiмдерiнде көрiнбейдi.
Бума немесе файлдың атрибуттарын өзгерту үшiн:
менiң компьютерiм бумасында немесе Сiлтеуiш терезесiнде қасиеттерiн өзгерту қажет буманы ашыңыз.
Менюдегi Файлдан Қасиеттер командасын таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |