(СӨЖ )
1. H2,Cl2 және HCl молекулаларындағы химиялық байланыстардың түрлерін көрсетіңіз.
2. Элементтердің электртерістіктерінің мәндерін пайдала отырып K-Cl, Ca-Cl, Fe-Clжәне Ge-Cl байланыстары үшін электртерістіктердің айырымын есептеңіз. Қандай байланыста иондық табиғаты басымдау келеді?
3. Валенттік байланыстар теориясы тұрғысынан BF3молекуласы мен BF4 – ионының электрондық құрылысын жазыңыз.
4. CH4,NH3 молекулаларындағы және NH4 ионындағы коваленттік байланыстардың түзілу әдңстерін көрсетіңіз.
5. NCl3, CS2 және ICl5 молекулаларындағы байланыстардың табиғатын түсіндіріңіз. Әр қосылыс үшін электрон жұбының ығысу бағытын көрсетіңіз.
6. NF3, OF2, ClF және CO2 молекулаларындағы байланыстардың табиғатын түсіндіріңіз. Әр қосылыс үшін электрон жұбының ығысу бағытын көрсетіңіз.
7. Хлороформ CHCl3 молекуласының валенттік схемасын көрсетіп, атомдар арасындағы қандай байланыстың полюстігі жоғары екендігін және осы байланыста электрон жұбы қандай атомға қарай ығысқанын көрсетіңіз.
8. HCN молекуласының диполь моменті μ =9,66.10-30 Кл.м, ал электрон зарядының абсолюттік мәні q =1,60.10-19 Кл. Дипольдің ұзындығын есептеңіз.
9.Неліктен CS2 молекуласының диполь моменті нольге тең болатындығын молекуланың структуралық формуласын жазып түсіндіріңіз.
10. Байланыстырушы электрон жұптарын көрсету арқылы H2, O2, Cl2, N2 және CH4 молекулаларының құрылысын келтіріндер. Азот молекуласының аса беріктігін немен түсіндіруге болады?
11. Бірдей атомдардан түзілген молекулалардың диполь моменті мен диполь ұзындығы неге тең?
12.Келтірілген полюсті байланыстардың оң және теріс полюстерін көрсетіндер: a) H-F; б) C-H;в) H-S;г)C-I;д)C=O;е)C-F;ж)S=0.
13. HCl молекуласындағы диполь ұзындығы 0,22 Ao-ге тең. Молекуланың диполь моментін есептеңдер.
14. Келтірілген қосылыстардағы атомдар арасындағы байланыс түрін анықтаңдар: KHF2, H2O, HNO3, KHSO4
15. Мына қатардағы қосылыстардың беріктігі қалай өзгереді: HF, HCl, HBr, HI?
16. Элементтердің электртерістігін пайдаланып, мына байланыстарда элекрон жұбы қай атомға қарай ығысатығын табыңдар: S-K, S-H, S-Br, S-C.
17. H-N байланысының диполь моменті 4,342.10-30 Кл.м-ге тең, H-N байланыс ұзындығы 0,101 нм. Сутегі мен азоттың эффектілі зарядын H+δ, N- δ табыңдар.
18. C-N байланысында көміртегі мен азоттың эффектілі заряды электронның абсолют зарядының 0,071 бөлігіне тең. C-N байланысының диполь моменті 1,67.10-30 Кл.м. Диполь ұзындығын есептендер.
19. PCl3, BF3, CS2, CCl4, Cl2O молекулаларда электрон жұптары қай элементке қарай ығысады?
20. ВБ теориясы бойынша NH3 молекуланың кеңістіктегі құрылысын, полюстігін, байланыстардың табиғатын (σ , π байланыс, гибридті, полюсті, полюссіз ковалентті, ионды) анықтаңыз.
21. H2O, H2S, H2Se, H2Te молекулалардың құрылысын қарастырып (полюстілігін, байланыстар табиғатын σ , π ), байланыстар арасындағы бұрыштар қалай өзгереді? Неге?
22. H2, H2O, PH3, BH3, KBr молекулалардың полюстілігін анықтап, полюсті ковалентті байланысы бар полюссіз молекуланы анықтаңыз (жауапты түсіндіріңіз).
23. CCl4 және CH3Cl молекулалардың құрылысын және полюстілігін валентілік байланыс әдісі бойынша талдаңыз.
24. HF, HCl, HBr, HI, KI молекулалардың құрылысын қарастырып (полюстілігін, байланыстар табиғатын σ , π), дипольдік моменттері қалай өзгеретіндігін талдаңыз?
25. SiCl4 молекулаланың кеңістіктегі құрылысын, полюстілігін валенттік байланыс әдісі бойынша байланыстардың табиғатын (σ , π байланыс, гибридті, полюсті, полюссіз ковалентті, ионды) анықтаңыз.
26. Азот молекуласындағы (N2) атомдар арасындағы байланыстардың түрлері мен түзілу табиғатын валенттік байланыстар әдісі бойынша анықтаңыз.
27. O2 молекуланың және O2-, O2+ молекулалық иондардың молекулалық орбитальдар әдісі бойынша энергетикалық диаграммаларын құрастырып түзілу мүмкіншілігін, байланыс еселегін және магнитті қасиеттерін анықтаңыз.
28. NO молекуланың молекулалық орбитальдар әдісі бойынша энергетикалық диаграммасын құрастырып байланыс еселегін және магнитті қасиетін анықтаңыз.
Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )
1. [Pt(NH3)4Cl2]Cl2 қосылыстағы комплекстүзгіштің координациялық саны мен тотығу дәрежесі
A) 6 және 4+ B) 4және 4+ C)4 және 2+
D) 2 және 0 E)6 және 2+
2. Калий хлоропентагидроксоплатинаты (IV) деп аталатын қосылыстың формуласы:
A) K2[Pt(OH)5Cl] C) K2[Pt(OH)6Cl2] E)K[Pt(H2O)7Cl2]
B) K[Pt(H2O)5Cl] D) K[Pt(H2O)5Cl2]
3.Комплексті ионның [Ni2 (NO) 2(CN) 6]4- атын атаңыз:
А) никель нитроцианид анионы
В) никель цианонитрит ионы
С) гексанитратоцианоникелет (III) анионы
Д) гексацианодинитроникелат (II) анионы
Е) гексанитродицианоникелат (III) ионы
4. Кешен ионының заряды бойынша кешен катионға жататын кешен қосылысын анықтаңыз.
A) [Co (NH3)2(NO2)3] B) K3 [AIF6] C) Na 2 [Zn (OH)4]
D) [Cr (NH3)5C1] SO4 E) K2 [PtC14]
5. Ацидокомплекске жататын кешен қосылысы:
A) [Cu(NH3)4]SO4 В)Na2[Pb(OH)4] C) K3[Al(OH)6]
D) [Cu (H2O) 4] SO4 E) K 2[Co (SO3)2]
6. Тұрақтылығы ең жоғары болаты кешен ионы:
A) [HgCl4]2- KТ-З=8,5.10-18
В) [HgBr4]2- KТ-З=1,0.10-21
C) [HgI4]2- KТ-З=1,5.10-30
D) [Hg(CNS)4]2- KТ-З=1,0.10-22
E) [Zn(CN)4]2- KТ-З=1,3.10-17
7. Құрамындағы комплекстүзгіш пен лигандаларға оңай ыдырайтын кешен ионын анықтаңыз.
A) [Ag(S2O3)2]3- KТЗ=1,0.10-13
В) [Ag(CN)2]- KТЗ=1,0.10-21
C) [Ag(SCN)2]- KТЗ=2,0.10-11
D) [Ag(NH3)2]+ KТЗ=5,9.10-8
E) [Ag(NO2)2]- KТЗ=1,3.10-3
8. Қандай қосылыстың ерітіндісінде Cu2+ иондардың концентрациясы ең аз болады?
A) CuSO4 C) Cu (NO3)2
B) CuCl2 D) [Cu (NH3)4] SO4 E) CuSO4.5H2O
9. Нитропентаамминкобальт (III) хлориді кешен қосылыстың формуласы:
A) [Co (NH3)3(NO2)2Cl]; D) [Co (NH3)5NO2] Cl;
B) [Co (NH3)5(NO2) Cl2]; E) [Co (NH3)5 Cl] (NO2)2;
C) [Co (NH3)3(NO2) Cl] Cl
Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )
1. [Cu(NH3)4]SO4 , K2[PtC16], K[Ag(CN)2] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңыз.
2. [Cr(H2O)4Cl2]OH, K2[HgBr4], Na4[Fe(CN)6] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәржесін және координациялық санын анықтаңыз.
3. Кобальт (III) координациялық саны =6 болса,CoCl3∙6NH3, CoCl3∙5NH3, CoCl3∙4NH3 комплексті қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.
4. Кешен иондардың Ag(CN)2]- (KТ-З=1,0∙10-21 ), [Ag(NH3)2]+ ( KТ-З=6,8∙10-8 ) [Ag(SCN)2]- (KТ-З=2,0∙10-11) жақшадағы тұрақсыздық константаларKТ-З шамаларын пайдаланып, ерітінділердің мольдік концентрациялары бірдей жағдайда, Ag + иондарының концентрациясы жоғары болатын ерітіндіні анықтаңыз.
5. Комплекстүзгіштері Cr3+,Pd2+,Ni2+ болатын кешен ионардың [Cr(NH3)5NO3]x, [Pd(NH3)Cl3]x, [Ni(CN)4]x зарядын анықтап, комплексті қосылыстарын құрастырып, аттарын атаңыз.
6.Кешен иондардың[Co(CN)4]2-,[Hg(CN)4]2-, [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константаларының мәндері сәйкес 8∙10-20, 4∙10-41, 1,4∙10-17 . Ерітіндінің молярлы концентрациялары бірдей болса, CN – иондардың концентрациясы үлкен болатын кешен ионың анықтаңыз.
7. Rb2[PbBr6]; K2[PbCl4], Na[Sb(SO4)2] қосылыстардағы комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін, координациялық санын кешен ионның зарядың және KТ-З көрінісін жазыныз.
8. [Ag(NH3)2]+, [Fe(CN)6]4-, [PtCl6]2- кешен иондардың аттарың атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.
9. [Zn(NH3)4]+, [Fe(CN)6]3-, [PtCl4]2- комплексті иондардың аттарын атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.
10. Платина (II) комплекстүзгіштің координациялық саны 4 тең болса, PtC12∙3NH3; PtC12∙NH3.KCl; PtC12∙2NH3 кешен қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.
11. Fe 3+, NH3, Cl-, K+ бөлшектердің тіркесімі бойынша жеті кешен қосылысты құрастыруға болады. Осы қосылыстардың формулаларын жазыңыз.
12. [Cr(CN)6]3- кешен ионның түзілу механизмің қарастырып, кеңістіктегі құрылысын анықтаңыз.
13.[AuCN2]- кешен ионы комплекстүзгіштің AO гибридтелу түрін анықтаңыз.
14. Құрамы CuCl2.4H2O және 4KCN.CoCN2 болатын қосылыстардың координациялық құрылысын қарастырып олардың координациялық формаларын жазып, атын атаңыз.
15. Кешен қосылыстардың формулаларын құрастырыңыз:
a) аммоний гексахлоропаллааты (IV) цезий дихлороаргенаты (I)
б) дихлоротетраамминкобальта (III) сульфаты
хлоротетраминотемір (III) хлориді
в) аммоний гидроксотрихлороаураты (III) индий (I) тетраиодоиндат(III)
д) бромотетраамминкобальт (III) нитраты
е/натрий бис (тиосульфато) аргенаты (I)
16.Кешендер аталымдарында қателерін анықтап, дұрыс жауабын келтіріңіз.
a) [Fe(CO)5] – темір карбонилы
б) [Os(NH3)6] – осмий гексаамины
в) [Al(H2O)6]3+ - гексагидроксоалюминий
г) [Cr(H2O)4Cl2] – тетрааквадихлорохром (II)
17. Кешендер аталымдарында қателерін анықтап, дұрыс жауабын келтіріңіз.
a) [TiF6]2- - гексафтортитанат ионы
б) [Ag(CN)2]- - дицианидокүміс (I) ионы
в) [PbCl6]2- - гексахлороплюмбат (II) ионы
г) [Cr(NH3)2(H2O)4]- - .
18. Координациялық саны 6-ға тең, комплекстүзгіштің Co III қатысуымен түзілген кешен қосылыстардың координациялық формулаларын қателерін анықтап, дұрысын келтіріңіз.
a) [Co (NO2)4(NH3)2]-, [Co (NH3)3(NO2)3]+
б) [Co(H2O)3(NH3)3], [Co(NH3)4Cl2]+
в) [Co(H2O)4(NH3)3], Na3[Co(NH3)6]
Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ)
1. Есептеу жүргізбей ақ, мына процестердің қайсысы үшін энтропияның өзгерісі оң болатынын көрсетініз.
A) MgO (к) + H2 (г) = Mg (к) +H2O(c)
B) C (графит) + CO2 (г) = 2CO (г)
C) CH3COOH (сулы) = CH3COO-(сулы) + H + (сулы)
D) 4HCl (г) +O2 (г) =2Cl2(г) + 2H2O (г)
E) NH4NO3 (к) = N2O (г) + 2H2O (г)
2. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы мүмкін болады:
A) ΔH<0, ΔS>0 B) ΔH<0, ΔS<0 C) ΔH > 0, ΔS>0
3. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы жүзеге аспайды:
A) ΔH>0, ΔS>0 B) ΔH>0, ΔS<0 C) ΔH <0, ΔS<0
4. P=cont болған кезде реакция өзбетінше мына жағдайда жүреді:
A) ΔG>0; B) ΔG=0; C) ΔG<0; D) ΔS<0; E) ΔH>0
5. 4CO+2SO2=S2+4CO2 реакцияға қатысатын затардың стандарты жағдайдағы түзілу энтальпиялары (ΔH 0f) белгілі болса химиялық реакцияның жылу эффектісін ΔH 0 298 қалай есептеуге болады:
A) ΔH 0 298 = ΔH 0f (CO)+ ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)- ΔH 0f (CO2);
B) ΔH 0 298 = ΔH 0f (S2) + ΔH 0f (CO2) - ΔH 0f (CO) - ΔH 0f (SO2);
C) ΔH 0 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) +2 ΔH 0f (S2)+4 ΔH 0f (CO2);
D) ΔH 0 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)-4 ΔH 0f (CO2);
E) ΔH 0 298 = ΔH 0f (S2) + 4ΔH 0f (CO2) -4 ΔH 0f (CO) -2 ΔH 0f (SO2);
6. PtCl2 (к) + Cl2 (г) =PtCl4 (к) реакцияның жылу эффектісін (кДж/моль) және реакция түрін анықтаңыз, егер стандартты жағдайда заттардың түзілу энтальпиялары ΔH 0 298 (кДж/моль):
PtCl2 (к) = -118,0; PtCl4(к) = -226,0 тең болса.
-
-344, экзотермиялық D) 344, эндотермиялық
-
-108, эндотермиялық E) -266, эндотермиялық
-
-108, экзотермиялық
7. Энтропияның өзгеруі ΔS (ретсіздік) кему ретімен жүретін процесті анықтаңыз:
A) H2O (c) → H2O (г) D) 4HCl (г) + O2 (г) →2H2O (г) +2Cl2(г)
B) H2 (г) + Cl2 (г) →2HCl (г) E) 2NH3 (г) →N2 (г) +3H2 (г)
C) N2O4 (г) →2NO2 (г)
8. Азот диоксидінің стандартты түзілу жылуы: ΔH 0 298(NO2) =-33,5 кДж/моль. Келтірілген реакциялардың ішінен жылу эффектісі осы санға тең реакцияны белгілеңіз (T=298K).
A) N2+2O2 =2NO2; D) NO + 1|2 O2 =NO2;
B) 2NO +O2 =2NO2; E) 4NH3 +7O2=4NO2+6H2O
C) 1|2 N2 +O2=NO2;
9. Энтропияның өзгеруі ΔS өсу ретімен жүретін процесті анықтаңыз.
A) CaO (к) +H2O (с) = Ca (OH) 2 (к) D) C (графит) → C (алмаз)
B) NH3 (г) +HCl (г) = NH4Cl (г) E) 4Fe (к) + 3O2 (г) = 2Fe2O3 (к)
C) N2O4(г)→2NO2(г)
10. (NH4)2CrO4(кр) аммоний хроматының түзілу Гиббс энергиясы мына реакцияның Гиббс энергиясының өзгеруіне тең:
A) 2NH3 (г) +H2CrO4 (c) = (NH4)2CrO4 (к)
B) 2NH3 (г) +CrO3 (к) +H2O (с) = (NH4)2CrO4 (қ)
C) N2 (г) +4H2 (г) +Cr (қ) + 4O2 (г) = (NH4)2CrO4 (қ)
D) 2N(г)+8H(г)+Cr(г)+4O(г)=(NH4)2CrO4(қ)
E) (NH4)2CrO4 (ққ) =2NH3 (г) +CrO3 (қ) +H2O (с)
11. 2PH3(г) + 4O2(г) = P2O5(к) +3H2O(с) реакция теңдеуінен стандартты жағдайда фосфиннің түзілу энтальпиясын ΔH 0 298 PH3 (кДж/моль) анықтаңыз. ΔHх.р. = -2360 кДж, ΔH 0 298P2O5 (қ) =-1492 кДж/моль және ΔH 0 298 H2O (с) = -285, 8 кДж/моль.
A) -21,2 B) -10,6 C)-5,3 D)5,3 E)30,6
12. CaO(қ) +CO 2(г) ↔CaCO3(қ) тура бағытта өзбетінше жүре алады ма? Жауапты реакцияның Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңіз. ΔG 0 298 (кДж/моль):
CaO (қ) =-604,2; CO2(г)=-394,64; CaCO3(қ)=-1128,7.
-
-998,84 кДж/моль, ия; D) -2124,6 кДж/моль, ия;
-
-129,9 кДж/моль, жоқ; E) -129,9 кДж/моль, ия
-
+998,84 кДж/моль, жоқ;
13. Есептеу жүргезбей ақ, мына процестердің арасынан ΔS0 кему ретімен жүретін реакцияларды анықтаңыз :
A) 2NH3 (г) = N2 (г) +3H2 (г)
B) CO 2(к) = CO 2 (г)
C) 2NO (г) + O2 (г) =2NO2 (г)
D) 2H2S (г) +3O2 (г) = 2H2O (с) +2SO2 (г)
E) 2CH3OH (г) +3O2 (г) = 4H2O (г) + CO2 (г)
Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )
1. Термохимиялық теңдеулер бойынша реакциялардың экзо- немесе эндотермиялық екенің анықтаңыз:
C (г) + H2O (г) =CO (г) + H2 (г) ΔH0= +132кДж
CuO (к) + C (г) = C (к) +CO (г) ΔH0= +46 кДж
FeO (к) + CO (г) = Fe (к) +CO2 (г) ΔH0= - 12 кДж
MgO (г) + Al2O3 (г) = (MgAl2) O 4 (г) ΔH0= -39 кДж
2. Реакцияларды теңестіріп стандартты энтальпиясын есептеңіз.
A) ZnS (г) +O2 (г) = ZnO (г) + SO2 (г)
B) Al2 (SO4) 3(г) = Al2O3 (г) +SO3 (г)
C) AgNO3 (г) = Ag ( г) + NO2(г) +SO3(г)
D) SO2 (г) +H2S (г) = S (г) + H2O (ж)
3. ΔH 0 тұз. MgO(к)= -602 кДж /моль ; ΔH0 тұз. CO2(г)= -395,4 кДж/моль мәндерін және магний карбонатының MgO(к) мен CO2(г) заттарға ыдырау реакцияның жылуын (энтальпиясын) 115,6 кДж/моль пайдаланып MgCO 3(к) үшін стандартты түзілу жылуын есептеңіз.
4. Берілген термохимиялық тендеулер бойынша мышьяк (V) оксидінің жай заттардан стандартты түзілу энтальпиясын есептеніз.
4As(г) + 3O2(г) = 2As2O 3(к); ΔH0= - 1328 кДж
As2O 3(к) + O2(г) =As2O 5(г) ; ΔH0= - 261 кДж
5. Реакция тендеуі бойынша темір (III) оксидінің стандартты энтропиясын есептеңіз.
4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к) : ΔS o х.р. = -259 Дж/К
6. Темір (III) оксидінің жай заттардаң стандартты түзілу энтропиясын:
4Fe(к) +3O2(г) = 2Fe2O3(к) берілгендер бойынша есептеңіз:
2Fe(к) +O2(г) = 2Fe2O(к) ; ΔS o (I)= -145 Дж/К
4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к); ΔS o (II)= -259 Дж/К
7. T=1230 K температурада 2SO2 (г) + O2 (г) =2SO2 (г) реакцияның Гиббс энергиясын есептеңіз, егер реакцияның ΔH0= - 198 кДж және ΔS o =-187Дж/К болса. Осы жағдайда жабық жүйеде бұл реакция өздігінен жүре ме?
8. Төмендегі реакцияларды пайдаланып этиленнің C2H4 түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:
C2H4(г) +3O2(г) =2CO2 (г) +2H2O(г) ; ΔH0 298=-1323 кДж
C (графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5кДж
H2 (г) + 0,5 O2 (г) = H2O(г) ; ΔH0 298=-241,8 кДж
9. Төмендегі реакцияларды пайдаланып MgCO3 (к) –ң түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:
2Mg (к) + O2 (г) = 2MgO (к) ; ΔH0 298=-1203,6 кДж
C (графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5 кДж
MgO (к) + CO 2 (г) = MgCO3(к) ΔH0 298=-117,7 кДж
10. Төменде келтірілген реакциялардың ΔG0298 –ң мәндерін талдай отырып, қорғасын мен қалайыға қандай тотығу дәрежелері біршама тән екендігін анықтаңыз:
PbO2(к) + Pb(г) = 2PbO(к) ; ΔG0298 <0
SnO2 (к) + Sn(г) =2SnO(к) ; ΔG0298 >0
11. Есептеулер жүргізбей ақ төменде көрсетілген реакциялар жүру барысында жүйенің энтропиясы қалай өзгеретіндігін (таңбасын) анықтаңыз:
A) 2NH3 (г) = N2 (г) + 3H2(г) ;
B) 2CH3OH (г) + 3O2 (г) = 4H2O(г) +2CO2(г) ;
C) 2H2S (г) + 3O2 (г) = 2H2O(с) + 2SO2(г) ;
D) 2NO (г) + O2 (г) = 2NO2 (г)
12. Мына оксидтердің қайсысы 298 K температурада алюминиймен тотықсыздану мүмкін: CaO, FeO, CuO, PbO, Fe2O3, Cr2O3? Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.
13. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:
N2(г) + 0,5 O2(г) = N2O(г) .
14. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:
Fe2O3 (к) +3CO (г) = 2 Fe (к) +3CO2(г)
15. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:
Cu (к) + ZnO (к) = CuO (к) + Zn (к)
16. Жүйенің: 4HCl(г) + O2(г) ↔2H2O(г) + 2Cl2(г) , стандарты жағдайдағы ΔH o х.р. = -114,42кДж/моль , ΔS o х.р. =-128,4Дж/моль тең болса, тепе теңдік қандай температурада түзіледі?
17. Энтропи өсу ретімен жүретін реакцияларды анықтаңыз
A) CaO(к) +H2O(ж) = Ca(OH)2(к) ; B) 4Fe(к) +3O2(г) = 2Fe2O3(к) ;
C) 2NH3(г) + HCl(г) = NH4Cl(к) ; D) N2O4(г) →2NO2(г) ;
E) S(к) + O2(г) = SO2(г)
18. Берілген термохимиялық теңдеулерінен кальций гидроксидінің стандартты түзілу энтальпиясын ΔH0298 (Ca(OH)2) есептеңіз:
Ca(к) +1/2 O2(г) = CaO(к) ; ΔH0 298(1)=-635,6 кДж (1)
H2(г) +1/2 O2(г) = H2O(c) ΔH0 298(2)=-285,84 кДж (2)
CaO(к) +H2O(с) = Ca(OH)2(к) ; ΔH0 298(3)=-66,06 кДж (3)
19. Берілген термохимиялық теңдеулерінен газ тәрізді фосфор пентахлоридінің стандартты түзілу энтальпиясын ΔH0 298 (PCl5(г)) есептеңіз:
2P(к) +3Cl(г) → 2PCl3(г) ; ΔH0 298=-560 кДж
PCl3 (г) + Cl2 (г) → PCl5(г) ; ΔH0 298=-86,9 кДж
20. 1кг натрий карбонатын ыдырату үшін
Na2CO3(к) = Na2O(к) + CO2(г), берілген термохимиялық теңдеулерінің қажетті жылу мөлшерін есептеңіз:
Na2CO3(к) + SiO2(к) = Na2SiO3(к) + CO2(г); ΔH0 298(1)=81,04 кДж
Na2O(к) + SiO2(к) = Na2SiO3(к) ; ΔH0 298(2)=-243,17 кДж
Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар 0>0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |