1583ж – Тәуекел хан «ант беріскен шартты» бұзып, ІІ Абдаллахтын басын алды.
Сауран,Түркістан,Отырар,Сайрам қалаларын қайтарып алды.
1593ж – Сібір хандығына жорыққа аттанған Тәуекел ханның інісі Ораз Мұхаммед орыстардың
тұтқына түсті.
1594ж - Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып Құл-Мұхаммедкелді.
1595ж - Тәуекел ханға келген орыс елшілігін Вильям Степенов басқарып келді.
1598ж - Тәуекел хан Мауереннахрға баса көктеп кірді. Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды.
Бухара қаласын 70-80 мын әскермен қоршап алды.
Есім хан 1598-1628 Шығай ханның баласы Астанасы: Түркістан
Мақсаты: : хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру. Сұлтандар мен төрелерге
еркіндік берді.
1603-1624жж - Алғашқы қазақ-бұқар шайқасы Айғыржар шайқасы
1611ж - Ташкент түбінде қазақ хандығына қарсы бұхар Әскерін Имамқұли басқарып келді. 1613ж - Тұрсын сұлтан өзін хан Ташкент қаласының билеушісі деп жариялады. Тәуелсіздіктің белгісі
ретінде өз атынан ақша шығарды. Тірегі – саны көп Қатаған руы.
1627ж - Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты. Тұрсын Түркістан қаласын басып алып, Есім
ханнын туыстарын құлдыққа алды. Есім хан Тұрсын ханды және оны қолдаған руды жазалауы
тарихта « Қатаған қырғыны» деген атау алды.
Жиембет жырау - Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы, би жырауы және әскербасы болған.
«Еңселі бойлы Ер Есім» атты шығармасы бар.
Ескі жол – Есім ханның дала заңдарына сүйініп жасалынған заңдар жинағы.