Қазақстан тарихы 11 сынып


Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері



бет2/3
Дата06.12.2023
өлшемі0.64 Mb.
#485603
1   2   3
Көші қон слайд

Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. 

  • Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды.
  • Екінші кезеңі 2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсіп, миграциялық үрдістің басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2004–2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті.
  • Ішкі көші-қон ерекшеліктері:ауылдан қалаға көшіру
  • -2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті
  • -кадр мәселесін шешуде «Серпін» атты бағдарламасы 2014 жылдан сәтті жүзеге асырылып

Шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мәліметтері бойынша ХХ ғасырдың 90-жылдары қазақтар әлемнің 40 елінде тұрды.

  • Олардың ішінде 3 млн 137 мың қазақ – жақын шетелдерде, 2 млн 529 мың қазақ – алыс шетелдерде мекендеген. Қазақтар көп тұратын елдер: Қытайда – 2 млн 260 мың адам, Өзбекстанда – 1 млн 750 мың адам, Ресейде – 1 млн 100 мың адам, Моңғолияда – 150 мың адам, Түркіменстанда – 150 мың адам, Қырғызстанда – 95 мың адам, Ауғанстанда – 30 мың адам, Түркияда – 15 мың адам шоғырланған.

1993 жылы қазақтардың елге оралуы үшін арнайы квота

  • 2009 жылы көшіп келу квотасында – 20 мың отбасы қарастырылды.
  • Тәуелсіздік жылдары республикаға 1,5 млн-ға жуық қазақ қайтып оралды. Ең үлкен бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолия мен Қытайдан келді.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және отандастарымыздың елімізге оралуы

  • 1.1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
  • 2.2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
  • Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты
  • 3.2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
  • 4.2011 ж. Ал 4-құрылтай 2011 жылдың 25-27 мамыры аралығында елордамызда өтіп, алқалы жиынға 35 таяу және алыс шет елден, Қазақстанның өңірлерінен, Астана мен Алматы қалаларынан 700-ден астам қонақ қатысқан болатын.
  • 5.22–25 маусым аралығында EXPO-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтті. Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет