2. ОЦ-дің моделідері
ОЦ-дің моделі дегеніміз ОЦ барысында орындалатын міндеттер мен әрекеттердің, процестердің орындалудың және ӛзара байланысының тізбегін анықтайтын құрылым. ОЦ-дің моделі АЖ-дің ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезде ОЦ-дің екі моделі кеңінен тараған:
1)каскадты модель(70-85ж)
2)спиральді модель(86-90ж)
Каскадты модельдің негізгі мінездемесі АЖ-ні әзірлеуді кезеңдерге бӛлу, бір кезеңнен екінші кезеңге ӛту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жинаымен аяқталады.
Талдау
Жобалау
Жүзеге асыру
Ендіру
Сүйемелдеу
Сурет 9 -АЖ-ні жобалаудың каскадты схемасы
Каскадты модельдің жағымды жақтары:
әрбір кезеңде аяқталған жобалау құжаттарының пакеті қалыптасады.
Логикалық тізбектегі жұмыс кезеңдері барлық ...
Каскадты тәсіл АЖ-ні әзірленудің басында әзірленушілерге барлық талапларды толық және дәл қоятындай АЖ-ді тұрғызуда ӛте ыңғайлы. Негізгі кемшілігі: нәтижелерді алудың кӛп кешіктірілуі.
Каскадты моделдің проблемеларын шешу мақсатында АЖ-дің ОЦ-нің спиральді моделі ұсынады. Мұнда талдау және жобалау кезеңдеріне басты назар аударылған.Бұл кезеңдерде техникалық шешімдердің жүзеге асырылуы прототиптерді жасау жолымен тексеріледі. Спиральдің әрбір ұшы АЖ-ні жасаудың үзіндісіне немесе нұсқасына сәйкес келеді, сонда жобаның мақсаттары мен мінездемелері нақтыланады жіне сапасын анықтай отырып, спиральдің келесі ұшының жұмысы жоспарланады. Осылайша жобаның детальдары тереңдетіліп, нақтыланады, нәтижесінде жүзеге асырылатын негіздемесі бар нұсқа таңдалынады.
Итерациялық әзірлеу жүйені жасаудың объективті спиральді циклды бейнелейді.
Әрбір кезеңнің жұмысының толық аяқталмауы оны күтпей-ақ келесі кезеңге ӛтуге мүмкңндік береді, яғни итерациялық тәсілде жетпей тұрған жұмысты келесі итерацияда орындауға болады. Басты міндеті – пайдаланушыларға жұмыс жасауға қабілетті ӛнімді тезірек кӛрсету, ұсыну болып табылады.
Спиральді циклдің негізгі проблемасы – келесі кезеңге ӛту сәтін анықтау. Оны шешу үшін ОЦ-дің кезеңдерінің әрбіреуіне уақытша шектеу енгізу керек. Кезеңнен кезеңге ӛту жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, тіпті жоспарланған барлық жұмысаяқталмаса да. Жоспар алдындағы жобалардан және әзірлеушілердің жеке тәжірибесінен алынған статистикалық мәліметтер негізінде құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |