Бақылау сұрақтары
Программалық ӛнімдердің тіршілік циклы?
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың концепциясы?
ОЦ-дің моделі?
Ұсынылатын әдебиеттер
Гамма Э. Хелм Р., Джонсон Р., Влиссидес Дж. Приемы объектно-ориентированного проектирование. Паттерны проектирования. – СПб: Питер, 2001.
Ишкова Э.А. С++ начала программирования. – М.:Бином, 2001.
Кетков Ю., Кетков А. Практика программирования: Visual Basic, C++ Builder, Delphi
ЛЕКЦИЯ № 13
Тақырыбы: Объектіге бағытталған жобалаудың аспаптары және
оларды объектіге бағытталған талдауында қолдану.
Лекция жоспары:
Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
VB-ге кең таңымалдылықты оның ерекше қасиеттері қамтамасыз етуде
Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы Лекция мазмұны
1. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
Бағдарламалау технологиясының дамуы компьютерлік техниканың дамуымен тығыз байланысты. 1946 жылы бірінші ЭЕМ ENIAC пайда болды. ЭЕМ ауданы 100 кв. метр бӛлмеде орналасқан және қуаттылығы - 500 on/сек болған. Оның мақсаты АҚШ ӘТФ снарядтарының ұшу траекториясын есептеу болатын. Одан әрі компьютерлік техниканың дамуы ЭЕМ қуатын арттыру мен оның кӛлемін кішірейту бағытымен жүрді.
ЭЕМ бір түрінен басқа түрге ӛтуі, тек элементтік қордың жетілдірілуімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар ЭЕМ құрылымының ӛзгеруімен, олардың функционалды – техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану мінездемелерінің кеңейтілуімен сипатталады.
Микропроцессордың (МП) пайда болуымен есептеуіш техниканың жаңа дәуірі басталады. Сӛйтіп, бір кристаллда орындалған МП, ЭЕМ сыртқы қондырғыларынан басқа барлық элементтерін ұстаған. Микропроцессор қорында құрылған ЭЕМ микро – ЭЕМ деп аталады. Олар ыңғайлы, жұмыс үстелінде оңай орналасады, пайдалануда қарапайым және арнайы шарттарды талап етпейді.
OLE, ActiveX, COM, DCOM және т.б. сияқты бағдарламалаудың жаңа технологиялары пайда болды. Жасанды ой ӛрісімен байланысты есептерге, декларативті тілдерді жеке ерекшелеуге болады.
Microsoft NET платформасы IDE қуатты интегралданған құрастыру ортасына негізделген. Барлық NET тілдері үшін CLR (Common Language Runtime) орындау ортасын сақтайды. CLR-да орындалу үшін кез – келген тілде жазылған код, CLR спецификациясына сәйкес кез – келген тілде орындала алады. Мысалы, VB коды C#-та жазылған бағдарламаларда қолданыла алады және керісіңше. Тіпті, бұл бағдарламалаушы жағынан қосымша күш салуды талап етпейді. Аралық тіл Microsoft MSIL (Microsoft Intermediate Language) деп аталатын, орындалу кодының ортақ форматы құрылған. Кез – келген тілде жазылған бағдарламалар MSIL – кодта компиляцияланады, бұл тіларалық сәйкестікті оңай қамтамасыз етеді. MSIL коды орындалу кезінде NET ортасымен машиналық кодқа айналдырылады.
Сӛйтіп, ДК мен есептеуіш желілердің пайда болуымен, бұрын шығарылмаған есептер де пайда болуда. Жаңа есептерді шығаруда шешуші фактор болып, WINDOWS операционды жүйесі мен бағдарламалаудың жаңа технологияларының пайда болуы болды. АЖ бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйелік, аспаптық және қолданбалы БҚ тұрады.
Жүйелік БҚ негізгі бӛлігі операционды жүйе болып табылады. ОЖ ЕЖ аппаратурасының жұмысын «физикалық» дейгейден, пайдаланушыға қолайлы, жоғарырақ «логикалық» деңгейге кӛшуді қамтамасыз етеді. Дисктармен, бумалармен және файлдармен жұмыс істеу үшін FAR, Total Commander, Explorer және т.б. бағдарламалар арналған.
Аспаптық бағдарламалық қамтамасыздандыру – бұл бағдарламалар мен автоматтандырылған ақпаратты жүйелерді құру үшін арналған бағдарламалар жиынтығы. Деректер қорын басқару жүйелеріне Access, Foxpro, dBase, SQL Server, Paradox және т.б. жатады. ДҚҚБ адамдар қызметінің әр түрлі облыстарында деректер қорын құру мен жұмыс істеу үшін арналған.
Қазіргі заман бағдарламалау жүйелеріне Delphi, Visual Basic, C++, Java бағдарламалау тілдері жатады. Бұлар объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдері (ОББ). Бұл тілдердің жақсы жағына есептеуіш желілерде жұмыс істеу үшін бағдарлама құру, Интернетте, сонымен қатар бағдарламалаудың әртүрлі элементтерімен объектімен сияқты жұмыс істей алу мүмкіндіктері жатады.
Бағдарламалау тілін таңдау кезінде бағдарлама ӛнімін құрастырған кезде бағдарламалау тілін таңдау маңызды орын алады. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері екі үлкен топқа бӛлінеді: әмбебап және проблемді – бағдарлы. Әмбебап тілдерге C++, Pascal, Basic, Java жатады.
1972 жылы Денис Ричи жүйелік бағдарламаларды құру үшін Си тілін құрастырған. Содан Б. Страустроп С++ тілін құрастырған. Бұл тіл ДК жүйелік қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. С++ объектті – бағдарланған бағдарламалау әдісін білуді талап етеді. С++ әдісі бағдарлама құру үшін сервисті аспаптардың үлкен кӛлемінен тұрады, отладчиктар, компиляторлар, редакторлар, кітапханалар, базистік жүйелер. Тіл меңгеруде қарапайым емес.
Delphi бағдарлама құруда тамаша, тиімділігі жоғары құрал болып табылады. Сонымен қатар бұл – бағдарламалаудың күрделі ортасы, ол кӛптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Delphi-де графикалық пайдаланушы интерфейс бар, ол Microsoft фирмасы Visual Basic пен Visual C++ -те қолданатын интерфейске ұқсас. Қазіргі уақытта кӛптеген фирмалар ӛз бағдарламаларының интерфейсін құрастыруда оны стандарт ретінде қабылдауда. Delphi кӛмегімен құрылған бағдарламалардың кӛбі, ӛнеркәсіп пен бизнеске байланысты есептерді шешуге бағытталған; сондықтан, мәліметтер қорының функциялануын қамтамасыз ету мен есеп беруді құрастыру, оның ең жиі кездесетін есебі болады.
Visual Basic – бұл әлемдегі ең таңымал бағдарламалау тілі. Ол
Windows-та жұмыс істейтін бағдарлама құрудың ең жылдам тәсілі екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Миллиондаған бағдарламалаушылар VB кӛмегімен мүмкінше әртүрлі бағдарлама құрастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |