«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет9/23
Дата24.01.2024
өлшемі422.5 Kb.
#489750
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Философия п нінен д ріс конспектілері

Бақылау сұрақтары

  1. Болмысты зерттейтін философияның бөлімін атаңыз?

  2. Алғаш болып болмыс мәселесін көтерген философ?

  3. Ежелгі гректер болмыс деп нені есептеген?

  4. Метафизика ұғымы нені білдіреді, оның неше мағынасы бар?

  5. Философияның тарихи дамуындағы болмыс туралы идеялар. Әр дәуір философиясынатоқтала отырып, олардың нені болмыс деп есептегенін түсіндіріңіз?

  6. Материя дегеніміз не? Оның анықтамасы қандай?

  7. Философия үшін қозғалыс дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар.

  8. Материяның өмір сүру тәсілі мен өмір сүру формасын атаңыз?

5-тақырып: Таным және шығармашылық


Дәрістің мақсаты – Философиядағы таным, оның мүмкіндігінің шекаралары, дүниенің танылуы және шығармашылық мәселелелерін қарастыру.


Дәріс сұрақтары:

  1. Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.

  2. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.

  3. Сезімдік және рационалдық таным. Эпистемология. Шығармашылық – дүниені танудың ерекше формасы ретінде. Шығармашылық және интуиция.



Кілт сөздер: таным, таным субъектісі мен объектісі, релятивизм, таным түрлері, әдіс, әдіснама, жеке және жалпығылыми әдістер, эмпиризм, рационализм, түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір, ой қорытындылау, гностицизм, агностицизм, скептицизм, априорлық және апостериорлық білім, Канттың коперниктік төңкерісі. Бэкон, Декарт, Дж. Локк, Беркли, Юм, Кант.

Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік теория) қалыптасады.


Таным дегеніміз сананың айнала дүние шындығын бейнелеу процесі. Таным кезінде болмыстың сан алуан қырлары зерделенеді. Сыртқы сипаты, ішкі мәні пайымдалады. Қоршаған дүниедегі құбылыстар табиғаты ой елегінен өтеді. Сондай-ақ таным субъектісі өзін өзі зерттейді, яғни адам өзінің танымдық қабілетінің табиғатына үңіледі. Өмірдің мәнін түсінеді, дүние сырын ұғығынады. Таным нәтижелері жеке адамның өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де маңызды. Себебі ол жеке адамның ой санасы ретінде қалмайды, ұрпақтан ұрпаққа білім ретінде беріледі. Кітап, сурет, материалды құндылықтар, ғылыми жаңалықтар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет