«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет5/23
Дата24.01.2024
өлшемі422.5 Kb.
#489750
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Философия п нінен д ріс конспектілері

Бақылау сұрақтары

  1. Әлемнің философиялық суреттемесінің ерекшелігі неде?

  2. Дүниеге көзқарастың қандай түрлерін білесіз?

  3. Философияның негізгі сауалы және оның екі жағы дегеніміз не?

  4. Философияның негігізгі сауалынына орай қандай философиялық бағыттар пайда болған?

  5. Философияның бөлімдерін атаңыз, философияның зерттеу әдістері қандай, философияның қандай функциялары бар?

  6. Аристотель неліктен Фалесті ең бірінші философ деген?

  7. Ғылыми медицинаның пайда болуына философиядағы қандай мәселе алғышарт болды?

  8. Философияның пәніне нені жатқызамыз?



3-тақырып: Сана, рух және тіл


Дәрістің мақсаты – дәрістің мақсаты философиядағы сана мәселесін, онымен қатысты рух және тіл феномендерінің мәнін пайымдау.


Дәріс сұрақтары:

  1. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сана және ойлау.

  2. Сана және психика. Антропосоциогенез. Сананың пайда болуы мен мәні: негізгі тұжырымдамалар.

  3. Жан, ақыл, парасат, рух. Антика дәуірі мен Орта ғасырлардағы сана мен рух, ақыл мен жанның космологизмі және теологиялық түсінігі. Жаңа дәуір кезеңі мен XVIII-XXI ғғ. сананың гносеологиялық модельдері, транценденталдық негіздері және заманауи концепциялары.



Кілт сөздер: жан, рух, сана, тіл, ойлау, психика, интенционалдылық, аабстактілік, эмомционалдылық, еріктік; бейнелеу, тітіркену, сезіну, әлемдік сана, абсолюттік рух, бейсаналық, «Жоғары мен», «Мен», «Ол». Пифагор, Эмпедокл, Платон, Августин, Декарт, Гегель, Гуссерль, Хайдеггер, Деррида, Фуко, Фрейд, Юнг.

Философиядағы сана проблемасы оның негізгі сауалымен байланысты ең маңызды мәселенің бірі. Философияның өзі алғашқы бастау, субстанция ретіндегі сана дегеніз не деген сұрақтан бастау алады. Адам – «зерделі тіршілік иесі». Сананы көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес, оның табиғаты идеалды.


Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрау өзінен-өзі шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады,  шешім жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.
Сана – философия, психология, әлеуметтануда адам психикасының маңызды жүйелі компонентін (бөлігін) сипаттайтын іргелі ұғым. Сана адамды жануарлар әлемінен айыратын, бөлетін оның тектік белгісі. Ол адамның қазіргі типінің ұзақ эволюциясы мен қалыптасу процесінде пайда болған әлеуметтік қасиет.
Сананың қызмет етуі адамға объективтік әлемнің байланыстары, қатынастары, заңдылықтары туралы жинақталған білімдер жасауға, табиғи және әлеуметтік ортада өзінің қызметін белгілейтін мақсаттар қоюға және жоспарлар жасауға, шындықпен (дүниемен) эмоционалды, рационалды және пәндік-практикалық қатынастарды реттеу мен бақылауға, өзінің тіршілігінің жағдайларын шығармашылықты өзгертуге мүмкіндік береді. Сана – бұл сезім органдарымен тікелей қабылданбайтын және сезінуші субъекттің де, басқа адамдардың да пәндік-практикалық қызметінің объектілері бола алмайтын сезімдердің, ойлардың, идеялардың және басқа рухани феномендердің ішкі әлемі. Осы онтологиялық аспектіде сананың болмысы, бар болуы, «субъективтік шындық», «идеалдылық» ұғымымен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет